Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы туралы түсінік және оның міндеттері мен жүйелері

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы туралы түсінік және оның міндеттері мен жүйелері

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы туралы түсінік және оның міндеттері мен жүйелері туралы түсінік және олардың түрлері туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;

6)іздені,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: қылмыстық құқық дегеніміз – бұл қылмыс жасауға және қылмыстық жаза тағайындауға байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастардың реттейтін заң нормаларының жиынтығы. Құлмыстық құқық Жалпы және Ерекше бөлімдерге бөлінеді. Оның негізгі ерекшеліктері мынадан тұрады:

  1. Қылмыстық құқық қылмыстың не екендігін, қандай қылмыс үшін қандай жаза тағайындау керектігін, қылмыстық жауапкершіліктің негізін және жауапкершілік пен жазадан босатуды белгілейді;
  2. Қылмыстық құқық қылмыс жасауға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

Қылмыстың құқықтың міндеттері:

  • Қылмыстық құқықтың негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде тұжырымдалған.
  • Басты міндет қорғау
  • Қылмысты жасауды алдын алу
  • Тәрбиелеу

Қылмыстық құқықтың қағидалары

  • Заңдылық қағидасы
  • Теңдік қағидасы
  • Бұлтартпау қағидасы
  • Жеке кінәлілік жауапкершілік қағидасы
  • Әділеттілік қағидасы
  • Ізгілік қағидасы

Қылмыстық заңның үш жағдайда кері күші болады:

  • Заң әрекеттің қылмыстылығын және жазаланатындығын жоятын болса;
  • Заң қылмыстық жауапкершіліктің немесе жазаны жеңілдететін болса;
  • Заң қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жеңілдететін болса;

Сабақты қорытындылау:қылмыстық заң қылмыстың құқықтың бірден-бір қайнар көзі болып табылады.

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §11, Мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.