«қылмыс» ұғымы және оның белгілері. Қылмыстық жауапкершілік және қылмыстың құрамы

Тақырыбы: «қылмыс» ұғымы және оның белгілері. Қылмыстық жауапкершілік және қылмыстың құрамы

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға «қылмыс» ұғымы және оның белгілері. Қылмыстық жауапкершілік және қылмыстың құрамы туралы түсінік және олардың түрлері туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;

6)іздені,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Қылмыс – бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. «Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9-бабында берілген: «осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет – қылмыс деп танылады»

Қылмыстық кодексте барлық қылмыстар 4 топқа бөлінеді:

  • онша ауыр емес қылмыстар;
  • орташа ауыр қылмыстар;
  • ауыр қылмыстар;
  • ерекше ауыр қылмыстар;

Қылмыстың жауапкершілік – бұл адамның жасаған қылмысы үшін жазалауы немесе қылмыстық-құқықтық сипаттағы басқа да шаралармен жазаланатын қылмыстық заңмен бекітілген міндет.

Қылмыстың жауапкершіліктің мынадай элементтері болды:

  • жасаған қылмысты үшін адамның жауап беру міндеті;
  • соттың адамның жасаған әрекетін теріс бағалаудан көрінетін соттау;
  • кінәлі адамға қылмыстық-құқықтық сипаттағы шаралар қолдану;
  • жаза тағайындаудың құқықтық салдары ретіндегі соттылық;

қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толған адам қылмыстың жауапқа тартылады. Ал 14 жасқа дейінгі жас балалардың қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.

Қылмыс – бұл Қылмыстық кодекспен тыйым салынған қоғамға қауіпті іс – қимыл.

Сабақты қорытындылау: қылмыс жасаған кезде өз әрекетінің қоғамға қауіптілігі мен нақты сипатын сезінген және әрекеттеріне басшылық еткен адам есі дұрыс деп танылады.

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §12, Мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.