Фигураның ауданы. Ауданды өлшеу. Квадрат сантиметр.

 

Сабақтың тақырыбыФигураның ауданы. Ауданды өлшеу.

Квадрат сантиметр.

Сабақтың мақсаты:Фигураның ауданы ұғымымен, оны өлшеу және өлшем бірлігімен танысу, ақпаратты өз бетінше меңгеру, топта бірлесе жұмыс жасай білу
Сілтеме3 сынып математика оқулығы
Оқыту нәтижелеріТапсырмаларды өз бетінше орындап, фигураның ауданы ұғымын меңгереді, оны өлшеп және өлшем бірлігін анықтай алады. Ақпаратты өз бетінше меңгереді, топта бірлесе жұмыс жасай алады.
Сабақтың түріЖаңа сабақ
Әдіс — тәсілдерШаттық шеңбері, топқа бөлу, «Ой қозғау», «Бос орын», «Сызба сызу», «Болжау», «Сұрақ — жауап», Кестені толтыру,  Талдау   стратегиялары
РесурстарҚима қағаздар, слайдтар, интернет тақта
Сабақ кезеңдеріӘдіс — тәсілдерМұғалімнің іс — әрекетіОқушылардың іс — әрекеті
Қызығушылықты оятуШаттық шеңберіОртаға жиналып, өлең жолдарын бірге қайталап,киіз үй құрау керектігін айтадыОрындарынана тұрып, өлең жолдарын айтып, киіз үй құрайды


Дөңгеленіп тұрайық

Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.

Топқа бөлінуГеометриялық фигуралардың түстері  арқылы топқа бөлуШаршы, тіктөртбұрыштардың түстері  арқылы топқа бөлініп отырады
Бағалау әдісіБағалауды жүргізу әдісімен таныстыруТоп басшысын сайлап, бағалау әдісімен танысады
Мағынаны тану«Ой қозғау» стратегиясыМатематикалық диктантты 1 минутта жазып беру тапсырыладыАлдарына берілген математикалық диктант жазылған қима қағаздарына көбейту кестелерін жазып береді
«Бос орын» стратегиясыӘр топқа мәні белгілі өрнектер беріледі. Ондағы бос орындағы сандарды тауып жазу ұсыныладыБерілген амалдарды орындап, ондағы бос орындағы сандарды тауып жазады
«Сызба сызу» стратегиясыТоптарға дәптерлеріне 1 см және 6 см кесінді сызу ұсынылады.Дәптерлеріне 1 см және 6 см кесінділер сызады
«Болжау» стратегиясы

 

 

Кітаптағы ауданы 1см2 және 6см2 болтын фигураларды қалай түсіндіруге болатынын қарап, айтуға тапсырма беруКітап бойынша топтарында берілген фигураларды талдап, қорытынды жасайды.
Ой толғаныс«Сұрақ — жауап» стратегиясы1.Берілген кесінді мен фигуралардың ауданы мен ұзындықтарын өлшеп жандарына жазу ұсынылады

2. Топқа бөлінгенде алған  фигураларының аудан мен периметрін табу

Кесінді мен фигуралардың ауданы мен ұзындықтарын өлшеп, жандарына жазады


 

 

Өз қолдарындағы фигуралардың ауданы мен периметрін табу

Кестені толтыру№6 берілген кестені толтыру ұсыныладыАлдарындағы бетке №6 толтыру
Талдау стратегиясы№4, 3 есептер шығарыладыОсы есептерді шығарады
БағалауӨзін-өзі бағалау, топ басшысының бағалауы жиынтық бағаӘр берілген есеп пен тапсырмаларға балл қойылып,өз-өзін  бағалау ұсынылады. Жиынтық бағалау жүргізедіӨз еңбектерін берілген критерийлерге байланысты бағалап, өз -өздеріне бал қояды
Кері байланысГеометриялық фигураларӨз қолдарындағы фигураларға кері байланыс жазуларын сұрайдыОқушылар қолдарындағы фигураларға сабақтан алған әсері мен білгендерін  жазып,тапсырады
Үйге тапсырма№7 (88 бет)

Мөлдір пластинаға 1см2 бөліп сызып әкелу тапсырылады

Берілген тапсырмаларды орындайды