Lesson study — Мұғалімдердің білімін қалыптастыру және оқыту мен оқуды жетілдіру тәсілі

Коучинг жоспары

Сабақтың тақырыбы: Lesson study — Мұғалімдердің білімін қалыптастыру және оқыту мен оқуды жетілдіру тәсілі

Мақсаты:  Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Studyді ұсыну.


Практиканы жетілдіру құралы ретінде Lesson Studyді қалай пайдалануға болатынын мұғалімдер топтарының арасында көрсету.

Күтілетін нәтиже:

Мұғалімдер

  • Lesson Study үдерісін;
  • оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мектептерде Lesson Studyді пайдалану үшін әріптестермен қалай ынтымақтастық орнатуға болатынын;
  • Lesson Study кезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын түсінуді үйренеді.

Әдісі: топтық жұмыс, диалогтік әңгіме, ашық және жабық сұрақтар, таныстырылым,  қысқаша қорыту, қорытынды.

Сабақ барысы:


кезеңәрекетКүтілетін нәтижеуақытресурстары
1Тапсырма: «Топтау»Ортаға фото суреттер тасталадыСын тұрғысынан ойлайды5 минфото суреттер

сабақтан көріністер

2Топқа бөлуРетпен 1-3 ке дейін санайды

 

Шағын топтарға бөлудің мүмкіндіктері туралы түсінік қалыптасады1 мин
3Тапсырма: «Таңда»Топтарға өздеріне ұнаған фото суреттер топтамасымен жұмысФото суреттер топтамасы арқылы постер жасайды7 минҚағаз А2
4Тапсырма: «Қорға» Топ болып немесе топ мүшесі өз жұмыстарын таныстырадыФото суреттер арқылы бақылау жасап ой қорытады10 минПостерлер
5Таныстырылым «Lesson Study тарихы»Коучті тыңдайды

 

«LS» туралы түсініктері қалыптасады5 минауызша

АКТ

 

 

 

6Сергіту сәтіКлипШаршағандарын басады2

мин

Клип mp4
7Тапсырма: «LS» мектепте енгізуге боламаПікір талас«LS» мектепке енгізудің қажеттігін түсінеді10

мин

ауызша
11РефлекцияОйларын қағазға түсіредіҚорытынды жасап үйренеді5

мин

түрлі-түсті қағаздар

 

 «Lesson study — Мұғалімдердің білімін қалыптастыру және оқыту мен оқуды жетілдіру тәсілі» тақырыбы бойынша жұмыстар есебі.

Мектепте «LESSON STUDY» тобын құру    көп дайындықты қажет етті.   Бұл топқа мектептегі психолог маман — Азубаева К.А, 5 «А» сыныбының жетекшісі, тарих пәнінің мұғалімі — Кенжебекова Ж.К, мектептегі әдіскер, осы сыныптың бастауыш сыныптағы мұғалімі, директордың оқу ісінің меңгерушісі  Гайсина М.С  тартылды. Зерттеу кезінде, қызығушылық танытып, сабаққа қатысқысы келген әріптестер болды. Математика пәнінің мұғалімдері Гулнар Сейткалиевна, тәлім алушы Асия Аскарбаевна, да сабақ барысын бақылады. Зерттеу жұмысын бастамас бұрын, мектептегі мұғалімдер үшін коучинг өткіздім.                                                             Коучинг жоспары                                                                                 Сабақтың тақырыбы: Lesson study — Мұғалімдердің білімін қалыптастыру және оқыту мен оқуды жетілдіру тәсілі                                                   Мақсаты:  Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Studyді ұсыну.                                                                                             Практиканы жетілдіру құралы ретінде Lesson Studyді қалай пайдалануға болатынын мұғалімдер топтарының арасында көрсету.                    Күтілетін нәтиже:                                                                       Мұғалімдер                                                                                           ·Lesson Study үдерісін;                                                                                 ·оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мектептерде ·Lesson Studyді пайдалану үшін әріптестермен қалай ынтымақтастық орнатуға болатынын;                                                                               ·Lesson Study кезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын түсінуді үйренеді.                                                                                               Әдісі: топтық жұмыс, диалогтік әңгіме, ашық және жабық сұрақтар, таныстырылым,  қысқаша қорыту, қорытынды.                                                 Алдымен әр түрлі «мектеп», «өзгеріс», «мен», «оқушы» «әкімшілік» деген сөздер жазылған стикерлер жапсырылған конфеттер таратып топқа бөлдім. Содан кейін алдын ала дайындалып қойған фото суреттер бар столға жақындап, фотолармен жұмыс жасауды ұсындым. Мұғалімдер фотоларды сұрыптап бөлді. Енді осы фотолардан бір тобын таңдап алып, топта талқылап ойларын постерге түсірулерін сұрадым. Мұғалімдер постерлерін қорғады. Оысдан кейін «Lesson Study» таныстырылымын ұсындым.                                     Одан кейін топ мүшелерімен отырыстарда, зерттеу тақырыбын анықтадық: «Топқа бөліп оқыту арқылы, оқушылардың өз бетімен білім алуына мүмкіндік беру».  Зертеу барысында бақылауға үш Н,Е,Ж оқушы алынды. Зерттеу аяқталғанша осы оқушыларды кім бақылайтынын келістік.             Lesson Study, бірінші сабақ тақырыбы: Шамалар арасындағы тәуелділіктің мысалдары;                                                                                                      Lesson Study, екінші сабақ тақырыбы: Периметр және аудан ұғымын қайталау;                                                                                               Lesson Study, үшінші сабақ тақырыбы: Санды және әріпті өрнектер.           “LS” қадамдарын: Жоспар, Зерттеу сабағын ұйымдастыру ,Бағалау, Іс-әрекет ретімен орындалды.                                                                                   “LS” тәсілін іске асыру барысында, оқушылар өздерін еркін ұстады. Бақылауға алынған үш оқушы үнемі назарда болды.  Бақылаушылар түрегеп жүріп бақылады. Алдын ала бақылауға алынған оқушыларға мінездеме берілді, болжаулар жасалды. Жоспарлау үдерісінде жасалған алдын ала болжамды салыстырып, “зерттелетін  оқушы” оқуын қадағалап, айырмашылықтар себебі анықталды. Сыныптың тұтастай оқытылуы қамтамасыз етілді.

Топ ұйымшылдықпен жұмыс жасалды. Зерттеу нысанасы ретінде алынған,    5 «А» сыныбының оқушылары сабақтарда белсенділік танытты. Зерттеуге қатысқан мұғалімдер топтық жұмыстың жүру барысында мен оқытудың сындарлы теориясына негізделген әдіс –тәсілдердің жүзеге асқанының куәсі болды. Зерттеу аяқталған соң бақылау қағаздарына түскен жазбалар талданып, зерттеу қорытындысы шығарылды. Сабақта оқушылар өз бетімен білім алуға жетісті.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, Бірінші (ілгері) денгей, Екінші басылым;

2.Топтық жұмыс туралы нұсқаулық;

3.Іс – әректтегі зерттеу жөніндегі нұсқаулық;

4. 3_L2W1D3_Коучингідегі дағдылар;

5. Outline of LS(E&R)