Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету жолдары
«Дарынды балалардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру арқылы құзіреттілігін жетілдіру»
тақырыбы бойынша коучинг жоспары
| 19.02.2014 
  | 1 апта | 3-күн | |
| Сабақ тақырыбы: 
  | Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету жолдары | ||
| Жалпы мақсат: | Практикалық тапсырмалар беру арқылы сыни тұрғыдан ойлау дағдысын қалыптастыру, сабақта тиімді пайдалануына ықпал жасау. 
  | ||
| Сілтеме: | Мұғалімдерге арналған нұсқаулық  41-49. Үлестірмелі материалдар. 
  | ||
| Оқу нәтижесі | Қатысушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдысы қалыптасады, сабақта тиімді пайдалануды үйренеді. 
  | ||
| Түйінді идеялар: | Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету жолдары арқылы табысты оқытуға қол жеткізу 
  | ||
| Сабақта қолданылатын материалдар: 
  | А- 4 парақтары,стикер, смайликтер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам. | ||
| Оқыту әдістері: | 1.Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер 2. Оқыту мен оқытудағы АКТ 3. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету 
  | 1. Диалог 2. Жеке жұмыс 3. Топтық жұмыс 
 
  | |
| Дерек көздері: | Әдеби материалдар, газет-журналдар. 
  | ||
| Тапсырмалар: | Сұрақ- жауап, салыстыру, топтастыру және қолдану, рөлдік ойын. 
  | ||
| Оқуға арналған тапсырма: | Топтарда жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық 
 Мұғалімге арналған нұсқаулық. 
  | ||
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:
| І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу  (3 мин)  | Коучтың іс-әрекеті | Мұғалімдердің іс-әрекеті | |
|   1 мин 
 
 
 2 мин 
 
 
  | Қатысушыларды орындарынан тұруын өтініп, еркін тұруға шақыру. Бейнежазба ырғағында көрсетілген қимылдарға назар салу. Қимылдарды бірге белсенді түрде қайталау.  | Барлығы орындарынан  көтеріліп, ешкім-ешкімге бөгет жасамайтындай еркін тұрады. Бейнежазба қосылған сәтте көрсетілген қимылдарға назар салып, белсенді түрде бірге қайталайды. 
 
  | |
| Топқа бөлу (3 мин) «Бүгінгі сабағымыз да жемісті болсын!» 
 
  | Шағын топқа бөлу. Үстелдің үстінен жемістердің аты жазылған парақшаларды алып, сәйкес жеміс тұрған топтарға барып отыруларын өтінемін. 
  | Түрлі жемістер жазылған парақшаларды алып, сол жеміс тұрған топтарда топтасады. | |
| Ақпарлама (5мин)  | Сыни тұрғыдан ойлау, Блум таксономиясы туралы Power point арқылы қысқаша мәлімет беру.  | Сыни тұрғыдан ойлау және Блум таксономиясы туралы  мәліметпен танысады. 
 
  | |
| І тапсырма  7 мин 
 
 
  | 6-сынып оқулығынан Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повестінен тараулар бойынша үзінділерін таратпа әзірлемелер арқылы танысуға шақыру, топта талқылау арқылы тараудың негізгі 3 идеясын анықтауға тапсырма беру 
  | Үзінділермен танысады, топта талқылайды, тараудың басты 3 идеясын анықтайды. 
 
 Қол шапалақтау арқылы бағаланады 
 
  | |
| ІІ тапсырма(22 мин) (10 мин) 
 
 
 
 Рөлдік ойынға әр топқа 3 минут уақыт  | Мәтін бойынша рөлдік ойын 1 –топ. Бейнежазбада 2-топ. Оқулық сатып алудағы Қожаның іс-әрекеті 3-топ.Кішкентай бақаның бірін Майқанованың сумкасына сүңгіттім де жібердім… 4-топ. Сәйбек қарттың әңгімесінің Қожаға әсер етуі… 
  |  Берілген тақырыптар бойынша рөлдік ойын сомдау арқылы тақырыпты ашады. 
 
 Сағат бойымен топтар ауызша «Екі жұлдыз, бір тілек» айту арқылы бір-бірін бағалайды.  | |
| ІІІ тапсырма  Топтық жұмыс (10 минут) 
 
 
 
 
 
 Қорғауға әр топқа 2 минут  | Тақырыптық талдау. 1 –топ. Сабаққа дайындалмай келген Қожаның көңіл күйі мен дайындығы мықты болмаса да, өзін көрсеткісі келген мақтанқұмар Жантастың ісін салыстырыңыздар… 2-топ. Қожаның ісіне мұғалімдер наразылығын жазушы бірде күлкілі, бірде үкімдей қатаң, бірде ызалы, уытты сөздермен беруінің себебін анықтаңыздар. 3-топ. Әңгіме желісіндегі Қожаның өзін-өзі сынауы ( рефлексиясы). 4-топ. Қожаның болашаққа алған міндеттемелері (даму жоспары). 
  | Берілген тапсырмалар бойынша тақырыптық талдау жүргізеді, постер қорғайды 
 
 
 
 
 
 Смайликтер арқылы бағалау  | |
| ІV тапсырма (10 минут) 
 
 Қорғауға әр топқа 2 минут  | Топтастыру «Қожа бейнесі» | Ойларын жүйелейді, топтастырады, барлық қатысушылар бойынша ортақ «Қожа бейнесі» қалыптасады | |
| V. Рефлексия (5 мин) 
  | А4 парақтарына 1 сурет және 5 сөз жаздыру арқылы кері байланыс орнату. 
  | Аяқталмаған ой бойынша ойларын қорытып, А4 парақтарына 1 сурет, 5 сөз жазып, идеяларын қорғайды. | |