2 саны және цифры

Сабақтың тақырыбы: 2 саны және цифры

Сабақтың мақсаты:

білімділік: 2 саны және цифрын жазуға, оқуға, сандар жасай білуге, сан мен цифрды ажыратуға үйрету.

дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін, сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін, өз бетінше жұмыс жасай алу дарындылығындамыту.

тәрбиелік: Отанды сүюге, Егеменді Қазақстанды қастерлеуге, ұлтжандылық пен патриотттыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ойын сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, илюстрациялау, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалықматериалдар, ойын элементтері, электронды оқулықтар.

Сабақта қолданылатын технология түрі: инновациялық оқыту, ойын арқылы оқыту.

Пәнаралық байланыс: әліппе, бейнелеу, дүниетану.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) құрал-жабдықтарды түгелдеу,

ә) қауіпсіздік шараларымен таныстыру.

ІІ. Психологиялық дайындық кезеңі:

(Р 1-5) дискіден «Жәндіктерге көмек» ойыны.

Мақсаты: күз келді, қылышын сүйретіп қыс келеді, барлық адамдар, жан-жануарлар, жәндіктер, құрт-құмырсқалар қысқа дайындалуда. Кәне біз де жәндіктерге (қоңыз бен инелікке) көмек берейік.

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау кезеңі:

(Р 1-6) дискіден «Қанша? Қайда?» ойыны. Мақсаты: көрсетілімдегі жәндіктерді санап, өз орындарына орналастыру арқылы, өткен сабақтағы            1 саны  мен цифрын тиянақтау, оқушыларға комьпютерді өз бетінше басқаруды үйрету.

 

 

 

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру  кезеңі:

А) оқулықпен жұмыс;

— Балалар мына суреттегі баланың есімі Тапқырбек. Ол сендерге бүгінгі сабақты жақсылап түсініп, меңгеріп, сандар мен цифрларды жаттап алуға көмек бергелі келіпті. Балалар  бүгінгі өтетін мына санды танимыз ба, танысақ қандай сан?

— 2 саны

Дұрыс, сан не үшін керек?

— Заттарды санау үшін керек.

Онда суретте берілген жемістерді санайық.

Неше пияз?

— Екі пияз.

Неше қызылша?

— Екі қызылша.

Неше қияр?

— Екі қияр.

Жарайсыңдар балалар! Енді келесі тапсырмаға көшейік. Ыдыстағы не?

— Ыдыстағы сәбіздер.

Неше сәбіз?

— Алты сәбіз.

Түстері қандай? Ажыратып санайыз.

— 4 қызыл сәбіз, 2 сары сәбіз.

Ал, мына қораптағы не?

— Қораптағы қарбыздар.

Неше қарбыз?

— Бес қарбыз.

Олардың барлығы бірдей ма?

— Жоқ, үшеуі ала қарбыз, екеуі қара қарбыз.

Жарайсыңдар балалар.

Енді барлығымыз алдымыздағы оқулыққа қараймыз № 2-ші тапсырмаға зер саламыз. Суреттегі не?

 

— Кесінді.

Бізге кесіндінің ұзындығын өлше депті. Ұзындықты немен өлшейміз?

— Сызғышпен.

Онда өлшеп көрейік.

—  2 см.

  1. Жаңа сабақты пысықтау кезеңі:

А) Оқулықтағы №3-ші тапсырмаға қараймыз.

Ойын: «Жеміс жинаймыз». Мақсаты: суреттегі берілген жемістердің ішінен бүгінгі  өткен 2 санына сәйкес келетін жеміс түрлерін қорапқа саламыз.

Ә) (Р 6-2)  дискі көрсетіліміндегі тапсырмалар арқылы баланың білімін тиянақтау.

VІ. Дәптермен жұмыс кезеңі:

(Р5-6) дискідегі көрсетілім арқылы оқушыларға 2 цифрын дұрыс жазуды үйрету, талапқа сай  жазуға дағдыландыру.

 

 

 

 

VІІ. Ой ашар. кезеңі:

(Р 6-3) көрсетілімі арқылы оқушылардың ойын дамыту.

 

VІІІ. Ой қозғау кезеңі: Логикалық тапсырмаларды орындай отырып үлестірме астындағы берілген жазуды оқу, мағынасын ашу.

 

Тә

уел

сіздікке
 

 

20 жыл

 

 

  1. Асан жолда келе жатып 10 теңге тауып алды. Асан ман Үсен сол жолмен жүрсе неше теңге тауып алар еді?

Жауабы: Екеуі жүрседе 10 теңге тауып алар еді. Өйткені жолда жатқан жалғыз

10 теңгелік.

  1. 1 кг тас ауыр ма әлде, 1 кг қағаз ауыр ма?

Жауабы: екеуінің салмағы тең, өйткені екеуі де 1 кг.

  1. Әтеш салмағы 2 кг, ал бір аяғын көтеріп тұрса әтештің салмағы неше кг болар еді?

Жауабы: 2 кг.

  1. Бір үйдің 6 ұлы бар, Әрқайсысының бір-бірден қарындасы бар. Осы үйдің барлығы неше баласы бар?

Жауабы: 6 ұлы 1 қызы, 7 баласы бар.

5.Бұта ішінде 6 құлақ қылтиып шығып тұр. Онда қояндар жасырынған. Бұтақ ішіндегі қояндар қанша?

Жауабы: 3 қоян

Математикада неше цифр бар?

-10 цифр бар.

Цифр не үшін қажет?

— Цифр сан жасау үшін қажет.

Кәне атайықшы: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.

Ендеше мына берілген цифрлармен қандай сан жасауға болады?

Үлестірме таратылып, берілген цифрлардан сандар жазып, оны оқу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытындылау:

Баланың ойын дамыту:

 

ІХ. Бағалау, мадақтау кезеңі:

«Қызықты математика »дискі көрсетіліміндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың іс-әрекетін мадақтап, мақтау.