Тт дыбысы және әрпі.
- Сабақтың тақырыбы: Тт дыбысы және әрпі.
Сабақтың мақсаты: 1. Тт дыбысы және әрпі туралы алған білімін тереңдете отырып, пысықтау. 2. Ата салтымыздың кейбір элементтерін үйрете отырып, адамгершілік тәрбие беру.3. Танымдылық қабілетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Тт әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, Т-тану.
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару.
ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Өткен сабақта алған білімдерін тексеру:-Т т дыбысы қандай дыбыс? -Дауыссыз дыбыс.
-Оны қайдан білдіңдер? -Созылмайды?-Тт әрпі сөздің қай жерінде жазылады?
-Басында, ортасында, аяғында. -Тт дыбысының тағы да қандай ерекшілігі бар? -Тт қатаң дауыссыз дыбыс?
ІҮ. Жаңа сабақ.а) — Суреттен кімді және нені көріп тұрсыңдар?- Баланы, атаны, қызды,ананы көріп тұрмыз. -Ал сендердің ата әкелерің бар ма?
Суреттегі адамдарға ат қояйық.ә) Сурет бойынша әңгіме құрату
Сергіту сәті.б) Буынды оқуға үйрету. Та, ата, ата, ат Ата сөзіне дыбыстық талдау жасау.-Ата деген сөзде неше буын бар?Ата-т д/з дыбыс, а д/ы дыбыс. Та-ашық буын.
ІҮ. Жаңа білімді түсінгенін тексеру. 1. Тт дыбысынан басталатын сөз ойлау. 2. Ойлаған сөздерді қатыстырып сөйлем құрату.3. -Балалар, Тт дыбысы қандай дыбыс? 4. -Сөздің қай жерінде келеді?в) Дәптермен жұмыс.
Т- ның бас әрпі. 1 Ауада жазып үйрену.
т- ның кіші әрпі. 2 Дәптерге жазу.
Ү. Білімді бекіту: — Балалар, Т әрпі сөздің басында, ортасында, аяғында жазылады.
ҮІ. Сабақты қорытындылау:Т әрпі және дыбысы туралы не білдік?