Сөзжасамнан өткенді еске түсіру

Сабақ тақырыбы: Сөзжасамнан өткенді еске түсіру

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Сөзжасам туралы мағлұмат беру, сөзжасамның жасалу жолдарынан алған білімдерін пысықтау, мысалдар арқылы дәлелдей білуге үйрету


Дамытушылық: Алған білімдерін кеңейтіп, жаңа дағдысын қалыптастыру,өз бетінше сөзжасаманың жасалу жолдарын ажырата білуге дағыдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды тілдік- эстетикалық сезімге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа  білімді меңгеру, игерілген білімді пысықтау.

Сабақтың түрі:   Түрлендірілген аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,түсіндіру


Пәнаралық байланыс: әдебиет

Көрнекіліктер: слайд, сызбалар

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: сынып кезекшісімен жұмыс, өтілетін сабақ тақырыбы, мақсат- міндеттерімен таныстыру.
  2. Үй тапсырмасын пысықтау.
  1. Слайд №1 «Ой шақыру стратегиясына»

1.Фонетикалық екі ұғым

Бірі мен бірі сыбайлас,

Бірі айтылады да естіледі,

Екіншісі – жазылады да көрінеді.  (әріп — дыбыс)

  1. Бір ағашта 37 алма,

Оны алып жемек болсаң

Он шақтысы тамағыңнан еркін өтеді,

Қалғандары қақтығып барып өтеді.     (дауысты және дауыссыз дыбыстар)

  1. К-ден басталсам,

Маған қарап сабақ айтады.

П-дан басталсам,

Маған балалар жүгін артады. (кітап, парта)

  1. Басы-ашық, аяғы-қысаң,

Екі-ақ дыбыс, есеп қылсаң.

Саған да ол керек болар,

Өзен-көлге жақын тұрсаң. (ау)

  1. Дыбыс емес, таңба

Оқылмайды, жазылады.

Бірақ сөзден табылады

Ол қай әріп еді?

Ойлап көрші, есіңде бар ма?   (ь, ъ)

  1. «Қ»-мен егер бітірсең,

Ыдыс-аяқ ол бірі.

«Н»-мен егер бітірсең,

Балықтың ол бір түрі.   (табақ, табан)

 

ІІІ. Жаңа сабақ : Бүгін сабақта біз сөзжасам және оның жасалу жолдарын еске түсіріп, жұмыстар жүргіземіз.

Сөзжасам – жаңа сөздердің жасалуы

1.Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздер   Қара: 1)қара шаш – заттың түсін білдіріп тұр;

2) тақтаға қара- қимыл-әрекетті білдіріп тұр

2.Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздер  Түбір+ сөз тудырушы жұрнақтар

3.Екі сөзді біріктіру арқылы жасалған туынды сөздер  Мысалы: Көктөбе     (Көк+ төбе)

  1. Екі сөздің қосарлануы арқылы жасалған туынды сөздер Мысалы: Ауыл-аймақ,  кәрі-жас,

сөйлей-сөйлей, ақ-қара, азды-көпті, үгіт-насихат,   оқу- әдістемелік

  1. Екі сөзді тіркестіру арқылы жасалған туынды сөздер Маңғыстау облысы , он жеті,

мың тоғыз жүз жиырма бес, сөз таптары,қара-торы, мал шаруашылығы.

 

ІІ. Семантикалық карта

№1

МысалдарЖұрнақ арқылы жасалған туынды сөзЕкі сөзді біріктіру арқылы жасалған туынды сөзЕкі сөздің қосарлануы арқылы

жасалған туынды сөз

Екі сөзді тіркестіру арқылы

жасалған туынды сөз

Лексикалық жолмен жасалған

туынды сөз

Бүркітші+
Бүгін+
Арам шөп, арам тамақ+
Үлкен үй+
Білім+
Баспасөз+
Жүзбе-жүз+
Жер серігі+

 

№2

МысалдарЖұрнақ арқылы жасалған туынды сөзЕкі сөзді біріктіру арқылы жасалған туынды сөзЕкі сөздңі қосарлануы арқылы

жасалған туынды сөз

Екі сөзді тіркестіру арқылы

жасалған туынды сөз

Лексикалық жолмен жасалған

туынды сөз

Түсім+
Еңбеккүн+
Қарама-қарсы+
Суық су, суық хабар+
Ұшқыш+
Күн сәулесі+
Қолбасшы+
Көзбе-көз+

 

ІІІ.  Мәтін тыңдау

«Тіл – ұлттың басты негізі»

(мәтіннен  жаңа   сөздерді  теріп  жазу, жасалу жолын түсіндіру)

ІV. Шығармашылық жұмыс

1.Лексика тарауынан тест жұмысын орындау

  1. Көзқарас, күрегі сөздеріне толық фонетикалық талдау

3.Мәтін жазу Тақырыбы: «Ауылға барғанда», «Маған ұнаған шығарма»

 

Тест тапсырмасы

  1. Архаизмнен болған тіркесті табыңыз.

А/садақ тарту   В/Абай даңғылы   С/нарықтық экономика  Д/физикалық карта

  1. “Архаизм” сөзінің мағынасы не?

А/жаңа сөз   В/тарихи сөз    С/ежелгі, көне     Д/аймақтық сөз

  1. Қазір қолданыстан мүлдем шығып қалған сөздер қалай аталады?

А/неологизм   В/историзм    С/архаизм      Д/диалект

  1. Көнерген сөзді табыңыз.

А/ саяжай  В/барымта  С/жағажай  Д/сүндет той

  1. Неологизм сөзді көрсетіңіз. А/несие В/гарантия  С/процент  Д/фонд

6.Қай қатар неологизм сөздерге жатады?

А/класс, лампа      В/хандық,барымта     С/сәулет,пайыз      Д/анализ, скидка

  1. Неологизм сөзінің мағынасы не?

А/жаңа сөз   В/тарихи сөз    С/ежелгі, көне     Д/аймақтық сөз

8.Сөйлемдегі архаизмді белгілеңіз.

Сарайдан сұлу ханша шықты.

А/сарайдан  В/шықты   С/сұлу   Д/ханша

  1. Кәсіби сөздердің қатарын белгілеңіз. А/тасымал,буын,екпін

В/кв.,ромб,куб            С/тоқым,үзеңгі,тұсау           Д/білім,тұрмыс,тіршілік

10.Араб тілінен енген кірме сөзді табыңыз?           А/мұғалім,кітап,дәптер

В/жәшік,бәтеңке,сот             С/кереует,кәмпит            Д/синус,косинус,куб

  1. Кірме сөздерде қандай заңдылық сақталмайды?

А/пунктуация      В/орфографиялық заңдылық         С/үндестік заңы    Д/орфоэпиялық заңдылық

12.“Жалғау”,”сөйлем”,”үстеу” терминдері қай ғылым саласында қолданылады?

А/әдебиет              В/музыка              С/тіл білімі     Д/социология

  1. Интернацианалдық терминді табыңыз.

А/грамматика           В/әдебиет        С/үйкеліс күші             Д/сөйлем

14.Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздерді не дейді?

А/кірме сөз     В/диалект сөз    С/кәсіби сөз      Д/термин сөз

15.Историзмді көрсет

А/әуен     В/әнұран     С/ қорамса      Д/ғарыш  айлағы

 

  1. Жаттығумен жұмыс

39 – жаттығу

Қос бағанды байланыстырып,

жаңа сөздер жасау.

1-қатар біріккен сөздер

2-қатар қос сөздер

3-қатар тіркескен сөздер

40 – жаттығу

Үлгі бойынша сөздерге тұлғалық талдау жүргізу.

1-қатар  екінші мақал-мәтел;

2-қатар үшінші мақал-мәтел;

3-қатар төртінші, бесінші мақал-мәтел.

 

Бекіту.

Бағалау.1. оқушылар сабақтың өтілу барысын бағалайды

2.бірін-бірін бағалайды (стикерлерге  сыныпта жақсы жауап берген 5 оқушының

атын жазады)

Қорытынды. Бүгін 5-сыныпта өтілген тақырыптарға шолу жасап, оның ішінде сөзжасам тарауына ерекше тоқталып, түрлі жұмыстар жасадық. Оқушылар өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын көрсетіп жатты.

 

 Шаттық шеңбері тренингі.

Ұраны: Біз бақытты баламыз,

              Шыңына білімнің шығамыз!

             Ана тілін ардақтап,

             Ел тірегі боламыз!

 

Үйге тапсырма

І. 41,42-жаттығулар

ІІ.  5-сыныпта өткен тақырыптарды пысықтау