Ұлттық спорт түрлері

7  сынып

Сабақ тақырыбы: Ұлттық спорт түрлері

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Қазақтың ұлттық ойындарына тоқталу.  Көкпар ойыны туралы мәлімет беру;сөздік қорларын молайта отырып,олардың өз ойларын жеткізе білуге үйрету.
  • Дамытушылық: өз ойларын сұрақтар арқылы жеткізе білуге баулу,сөйлеу мәдениетін дамыту.
  • Тәрбиелілік: ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу арқылы қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, адамгершілік біліктіліктерін жетілдіру

Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, жеке дара жұмыс, сұрақ-жауап, ой қозғау.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дене шынықтыру сабағы

Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, қосымша оқулық, сурет, кесте, дидактикалық материал

І. Ұйымдастыру кезеңі

а. Амандасу, сабаққа ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Қазақстанның белгілі спортшылары туралы жазып келген мәліметтерін тексеру, тыңдау

ІІІ. Жаңа сабақ

1) Ой қозғау.Сұрақ-жауап

  1. Қандай ұлттық спорт түрлерін білесіңдер?
  2. Көкпар ойыны жайлы не білесіңдер ?
  3. Аударыспақ ойыны жайлы не айта аласыңдар?
  4. Біздің қалада ұлттық спортпен айналысу үшін қандай жағдайлар жасалған?

2)Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.

3) Таныстырылым көрсету

4) Сөзжұмбақ шешу

5) Жаңа сөздермен жұмыс

Көкпар –национальная спортивная игра,скачки с  козлом

Серке – туша козла

Күш-жігер -сила

Төзімділік — терпеливость

Батылдық — мужество

Ептілік — ловкость

Қазандық — котел

Салым — очко

6) Мәтінмен жұмыс

7)  Білім сайысы (бәйге, көкпар, мақал-мәтелді аяқтау)

ІV. Бекіту: Бес жолды өлең Синквейн құрастырады.
1.Зат есім
2.Сын есім
3.Етістік
4.Фраза
5.Зат есімге синоним

 

  1. Қорытынды: «INSERT» әдісі бойынша кесте толтыру (V – “білемін”, ― — “білгім келеді”, + — “үйрендім”, белгілерін қойып шығу)

 

  1. Үй жұмысы: Ұлттық ойындардың бір түрін әңгімелеп келу.

 

VII. Бағалау