Асан мен Үсен

Асан мен Үсен

Үсен Асанды ертіп, молаға қарай жүрді. Молаға жақындап келгенде , қаңқылдаған  қаздың даусы  шықты. Үсен жақын жерде  көл бар екенін сезді. Өйткені  қаз сусыз жерді мекен етпейді. Екеуі қырға шықты. Қырдың  төмен жағы үлкен көл екен. Көлдің айналасы да , іші де  құжынаған  мал. Бір топ жылқы  көл ішіне түсіп,  белінен құраққа  кіріп  тұр. Сортаңды жағада  түйелер жатыр. Сөйтсе, өз аулының малдары екен.

Малшылар Асан мен Үсенді  көрді.  Олар да қуанып,  біреуі әке- шешелерінен  сүйінші сұрауға  шауып кетті.  Өзгелері балаларды атқа мінгізіп, ауылға алып жүрді. (Ы.Алтынсарин , 93 )