Кірме сөздер

Сабақтың  тақырыбы :                            Кірме сөздер

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың  ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негезгі әселелерге аса көңіл бөлуге үйрету.

ә) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу..

б)   Оқушылардың білімін бақылау арқылы дұрыс жаза білуге үйрету.

Сабақтың түрі :                                аралас сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі :                   суреттер,кітаптар

Халықтық педагогика                    Ақылды қария – ағып жатқан дария

элементтерін қолдану :                  

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,тарих

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

 

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Жалпылама лексика дегеніміз не?

2.Қолдану аясы тар лексика нешеге бөлінеді?

 

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

 

          Басқа тілден енген сөздерді кірме сөздер деп атайды.Өз тарихында қазақ халқы көптеген елдермен қарым-қатынас жасап,аралас-құралас болғаны мәлім.Соның нәтижесінде араб,парсы,монғол,орыс тілдерінен қазақ тіліне көптеген сөздер енген.

 

Жаттығумен жұмыс : 170-жаттығу.Қазақ тіліне енген  он сөз жазыңдар.

 

Топпен жұмыс : 1-топ: Мына кірме сөздердің қазақ тіліндегі синонимдерін тауып көріңдер.

Мыс: пұл —  … , шайыр — … , сарбаз — … , ғибрат — … ,    2-топ: Мына кірме сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құраңдар: білім,құн,талап,сабақ,самауыр.

 

Білімді бекіту : 1.Кірме сөздер дегеніміз не?  2.Омоним дегеніміз не?  3.Жаңа сөздер дегеніміз не?

 

Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма : 171-жаттығу.