Сабақтың тақырыбы : Кәсіби сөздер

Сабақтың  тақырыбы :  Кәсіби сөздер  

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың шығармашылықты жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру

ә)  Түрлі әдістермен оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту,өзіндік шығармашылыққа баулу ;

б)   тәрбиелік – ұжымшылдыққа,тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :                                Аралас сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі :                   кеспе қағаздар

Халықтық педагогика                    Татулық – табылмас бақыт

элементтерін қолдану :                  

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін

1.диалект дегеніміз не?                2.кірме сөздер дегеніміз не ?

3.жалпылама лексика дегеніміз не ?          4.табу дегеніміз не?

5.эвфмизм дегеніміз не ?             6.дисфемизм дегеніміз не ?

7.лексика нені зерттейді ?                        8.антонимдер дегеніміз не?

9.синонимдер дегеніміз не ?            10.омонимдер дегеніміз не ?

б)  Жаңа сабақты түсіндіру :

Кәсіби сөздер дегеніміз – жұрттың бәріне бірдей түсінікті бола бермейтін белгілі бір тәсілмен я шаруашылық саласымен шұғылданатын адмдардың арасында ғана айтылытын сөздер.Кәсіби сөздерді екі үлкен салаға бөлуге болады.

  1. Қолөнершілікке ( ағашшылық,ұсталық,өрімшілік,тоқымашылық т.б. )  қатысты сөздер : тышқы ( араның бір түрі ), шербек ( үлкен ара ),ыңғыру (ағаш оятын құрал ) тышуыр (бұрап тесетін құрал ).
  2. Ауыл шаруашылығына ( мал,астық,балық,аңшылық,бау – бақша,темекі,мақта,күріш,қызылша ) байланысты сөздер : 1) мақтаға байланысты қоза (мақта өсімдігі),шиіт)мақта тұқымы),терімші (мақта теруші) балдаң (мақтаныңсабағы ) 2) жүгері түрлері : дүмбі,пәшік,сота.  3) қауын аттары : әңгелек,жәмше,қауын,торлама.

Жаттығумен жұмыс :  193 – жаттығу. Мәтіннен ұсталық кәсіпке қатысты сөздерді теріп жазыңдар

Топпен жұмыс :  сынып оқушыларын үш топқа бөлемін.1-топ.Ауыл шаруашылығы кәсібімен байланысты алты сөз жазады.  2-топ.Мал кәсібімен байланысты алты сөз.3-топ.Аңшылық кәсібімен байланысты алты сөз

Білімді бекіту : Бірнеше сұрақтар қоя отырып,түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. 1.Кәсіби сөз дегеніміз не? 2.Кәсіби сөз  қандай лексикаға кіреді?

Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 195-жатығу.