Қош бол, құтты Әліппе

Тақырыбы: Қош бол, құтты Әліппе

Мақсаты: Оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім, білік дағдыларын көрсету, тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

  1-жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар. Бүгінгі біздің қуанышымызда

шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік.

Бүгінгі «Қош бол құтты –Әліппе» атты ертеңгілігімізде 1-сынып оқушыларының осы күнге дейін сауат ашып, оқып, жазуға үйреткен «Әліппе» оқулығынан алған білімдерін ортаға салмақ кез келді. Әліппені бітіру алдағы өмірге жол бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше, біз бүгінгі күні сол белестің бірінен астық. Сондықтан бүгінгі ертеңгілігіміз сіздер мен біздер үшін ортақ салтанатты мереке. Баршаңызға қош келдіңіздер  дей отырып, ертеңгілігімізді бастаймыз. Олай болса, қол соғып қошеметтей отырып, бүгінгі ертеңгілігіміздің иегерлерін ортаға шақырайық.          

     Слайдтан 1- сынып оқушыларына арналған  бейнетаспа көрсетіледі,   

     Сол кезде  музыкалық  ырғақпен аты аталған оқушылар бір-бірлеп,  

                                         қолдарына шарларын ұстап, билеп шығады.

 

   Мұғалім :                          Есепті тез шығарып,

Көп оқитын кітапты.

Шуағын шашып айнала

                                               Сабина шықты ортаға                                                                                         

 

Ортаға келер Ернұрым

Сабырлы да салмақты

Қылықтары тәп-тәтті

 

Сөйлегені  салмақты

Айшат деген қыздарың

Сіздерге арнап тіл қатты

 

Кең маңдайлы Салман

Суретті әдемі салған,

Үміт күттірер алдан

 

Келе жатыр Дарина

Анасына  қолғанат

 

Дос қадірін білерсің

Бірге жүрсең  Мақсатпен

 

 

Бармағынан бал тамған,

Киінетін   талғаммен,

Айшабибі   балақан

 

Дарасы болар даланың

    Алтынбек деген баламыз.

 

Қылығы оның күлдіртер,

Еркетотай   Назира

 

Көп сөйлеуді білмейтін,

Үндемейтін, ойлайтын,

Сұлу қызым   Аянат

 

Жақсылықты жақтайтын

Бәрін біліп жаттайтын

Сондай бала Сиылхан

Болашақты  аңсайтын

 

Ай мен күні анасының

Ақылдысы атасының

Келеді, міне Құралай

 

Сабақтан еш қалмайтын

Болсын бала  Саяттай

 

Кең маңдайлы Қалима,

Әндетіп жүр, қиналма

 

Жұмсағанда баратын

Айтқан тілді алатын

Оның аты Теміржан

Ерке Гүлназ келеді

Дөңгелене билейді

 

Сабырлы да салмақты

Үйреніп бәрін жүретін

                                               Адилханым келеді

Алшаң басып аяқты.

 

   2-жүргізуші:    Мектеп табалдырығын биыл аттап, алғаш қолдарына алған

оқулығы Әліппемен қоштасып отырған, 1-сынып оқушыларының құрметіне

арнап, Шолпан Құмарғалиқызының  кеше ғана бастауыш мектеппен

қоштасып , түлеп ұшқан түлегі Сүйеуғали Ақ-Баян « Мектебім » әнін

сыйға тартады.

               Ән:  «Мектебім»  орындайтын  Сүйеуғали Ақ-Баян

Армысыңдар аналар

Бармысыңдар балалар

Сөзіме құлақ салыңыз

Бір серпіліп қалыңыз

Әліппеге арналмақ

Бүгінгі жыр әніміз                    Сабина

 

Кешегі сәби балаңыз

Жарады міне қараңыз

Ғылым білім жолына

Енді қайық саламыз                Ернұр

 

Қыркүйекте келдімде

Сыныпқа кірдім қуанып

Қарсы алды ұстаз мейірмен

Қадамымда құп алып                Айшат

 

Оқуды көп ойладық

Қызығына тоймадық

Әріптерді үйреніп

Сауат аштық тойладық            Салман

 

                                                    

Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріпте

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны Әліппе              Дарина

 

 

Оқыған оны ғалымда

Оқыған оны мұғалімде

Оқыған оны көсемде

Жазушы ақын дарында              Мақсат

 

Бар білімнің бастауын

Әліппеден бастадым

Үйренуге талпындым

Құлшынып балғын жас жаным      Айшабибі

 

    1-жүргізуші :           хор:  « Әліппе»  орындайтын оқушылар.

 

2-жүргізуші :     Оқушылар,сендер төрт ай бойы көп еңбек еттіңдер.

42- әріпті түгел жаттап алдыңдар.Оқуды, санауды,

жазуды үйрендіңдер. Осының бәрін үйреткен кім?

 

                                Бәрі хормен:  «Ұстаз»

 

1-жүргізуші                      Олай болса бәрін үйреткен ұстазымызға да

алғысымызды білдірейік

Анамыздай аялап,

Ақылшы болған ұстазым.

Өзіңнің ғана еңбегің,

Бүгінде биік ұшқаным.       Алтынбек

 

 

Келгенімде алдыңа

Қызыл арай гүл алып

Жақын тарттың жаныңа

Шәкіртім деп қуанып             Назира

 

Сипадыңда басымнан

Әліппені ұсындың

Бақытымның осыдын

Басталғанын түсіндім.            Аянат

 

Ең алғаш қолға алғанда Әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді

Мен үшін сырлы жұмбақ бұл кітаптың

Ұстазым маған кілтін алып берді        Сиылхан   

 

Дәнекер боп дамыл таппай арада

Әліппені ұялатқан санаға

Ұстазымыз сізге алғыс айтамыз

Үйретуден жалықпаған балаға             Құралай

 

       Бәрі хормен        «Рахмет саған ұстазым»

 

      2-жүргізуші :   Ұстазымыздың құрметіне Сүйеугали Ақ-Баян  мен

Насибуллин Арсеннің орындауында

«Ұстазым» әнін  ұсынымыз. Қабыл алыңыздар.                   

1-жүргізуші     

Жақсы, балалар біз манадан бері өнерімізді ортаға салып,

ұстазымызға алғысымызды білдірдік. Ұстазымыз білімді

қайдан үйретті, неден алдық білімді?      Әліппеден

      Бәрі бірге:    

                                               Бар кітапқа бас болған

Әліппе ғылым данасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы

 

2-жүргізуші :                        Олай болса «Бар кітаптың басы болған-

Әліппе» оқулығының құрметіне арнап,

    хор:   Қош , сүйікті Әліппе! орындайтын оқушылар                                                            

   1-жүргізуші: Оқушылар, сендер осы әліппе оқулығынан әріптерді        таныдыңыздар. Әріпті әріпке қосып, буын- буыннан сөз құрап,

сөзден сөйлем құрап бүгінгі күні қысқа –қысқа әңгімеледі оқи алатын

болдыңдар. Осы  Әліппе оқулығына айтар алғысымыз шексіз екен.

  2-жүргізуші:                        Әліппенің тойында

Әркім құштар ойынғ                                     Әріптер сыр ашады

Қыздар биге басады.               

                        Би :  « Құстар биі» орындайтын қыздар тобы.                      

  1-жүргізуші:   Оқушылар,  сендерӘліппе оқулығын аяқтадық  Оны біз үйге

апарып сақтап қоямыз ба? Жоқ, олай болса артымыздан

рген іні –қарындастарымызға табыс етейік.

                       Саят:    1-сынып оқушысы Әліппе оқулығын  табыстайды.

Қош әліппем биіктеткен асқарға

Қанат берген шарықтауға аспанға

Қоштассақта ұмытпаймыз өзіңді

Тапсырамыз іні-қарындастарға

             Айару :                дайындық топ бүлдіршіні  қабылдап алады.

Тапсырдыңдар аманатты біздерге

Тырысамыз кір келтірмей жүруге

Сіздей аға-апалардың ізінен

Ілесеміз енді мына біздерде                        

             Дарын :                 Әліппе оқулығын қабылдап ала отырып,                                    

                                            ұқыпты, таза, ұстауға,   білімді де, білікті болуға     

                                            дайындық сыныбы атынан ант етеміз.  

 

Қош бол құтты Әліппем

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен

Тақылдатып сөйлеттің                   Саят

 

 

Әліппемен қош айтысып қаламыз

Енді қолға басқа кітап аламыз

Ата-ана қуанышқа ортақ бол

Сауатты боп шықты міне балаңыз    Қалима

 

Таныстырып 42 әріппен

Қош бол менің қасиетті әліппем

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім

Сауатты адам санатына кіргенім       Теміржан 

 

Әр бетіңнен күнде алып сабақты

Сен арқылы адам болдық сауатты

Алыстағы дос-туысқа хат жазып

Оларға да жаза аламыз жауапты        Гүлназ

 

 

                                            Бәрімізді сүйіп өткен

Балаларға үйреткен

Әліппемен ұстазға

Бас иеміз құрметпен                  Адилхан

 

       Би           «  Қора жорға»

         Мұғалім:

Әліппені бітірді балаларым

Әліппеден нәр алған даналарым

Өзі жазып оқитын халге жетті

Құтты болсын қадамы балалардың

Балалардың білімі құтты болсын

Денсаулығы әрқашан мықты болсын

Білімдерін әрі қарай дамытатын

Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын.

 Хор: « Біз дәуірдің түлегіміз»

Осымен бүгінгі 1»а» сыныбында өткен»Қош бол құтты Әліппе» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.