Шетел тілін ертен жастан оқытудың ерекшеліктері

Шетел тілін ертен жастан оқытудың ерекшеліктері

Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды, жас ұрпаққа саналы, мән- мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру- бүгінгі күннің талабы.

Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуінде  ағылшын тілін меңгерту-басты міндеттердің бірі болып отыр.

Мектептегі басты тұлға-мұғалім, осы мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат- рухани жан дүниесі бай, жан-жақты дамыған, білімді тұлғаны қалыптастыру.

Американ ғалым философы Дейль Карнеги «Ең бірінші адам бойындағы қажеттілікті туғыза білу керек. Ондай іс қолынан келетін адам бүкіл әлемді мойындата алады» деген екен. Шет тілін,оның ішінде ағылшын тілін білу-заман талабы. Баланың тілді оңай меңгеруі үшін үлкен ынта, зейін, талап оқушының тілге деген бейімділігі қызығушылығы керек. Содан кейін ғана оқушының ойын дамыту міндеті келеді.

Ерте жастан шетел тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін, оқушылардың  қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ересектеулеу балаларға  қарағанда,олардың  есте сақтау қабілеті де жоғары.

«Ойын-бала қанының азығы» деп С. Торайғыров айтқандай, бастапқы этапта шетел тілін оқытудағы бір негізгі аспект ол – ойын элементтерін тиімді пайдалану болып табылады. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолдануға болатынын сабақтың мазмұнына, мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдау керек. Ойын арқылы баланың өтіп жатқан тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергендігі байқалады

Ойын үстінде сөйлемейтін, нашар оқитын оқушының өзі өзін жан-жақты көрсеткісі келіп, сыныптастарымен, ұстазымен қарым-қатынасын жақсартады, сөйлеу дағдысын байқатады. Ойын баланың жеке ерекшелік  қасиеттерінің дамуына, ішкі жан дүниесінің жаңаруына, пәнге деген қызығушылығын оятады. Ойын оқушының байқампаздығын жетілдіреді, тілді білуге деген құмарлығын арттырады. Осыдан да ойын араласқан сабақтың жаңа түрін ойлап табу мұғалім шығармашылығын талап етеді.

Ойындар оқушының жеке тұлғасын қалыптастырып ынтымаққа, бірлікке баулиды. Баланы оқыту, балаға берілетін білімнің сапасын арттыру, сабақтың жаңа заманға сай жаңаша сипатын күшейте түсу, оқушының пәнге сүйіспеншілігін дамыту әр пән мұғалімінің біліміне, ізденімпаздығы мен шеберлігіне байланысты.

Шет тілін ерте жастан оқытудың тиімділігі оқушылардың пәнге деген қызығушылығымен бірге    олардың сабаққа түгел атсалысатындығы, бәсекеге қабілеттілігі, бір-бірінен қалғысы келмей емін-еркін, сөздерді қайта-қайта айтуда бір-біріне ықпалдарының әсер етуі жақсы нәтижелерге жетелейді.