Ы, ж, ұ, ң дыбыстары бар сөздерді дұрыс оқып жаттығу
- Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Сабақтың мақсаты: 1.Өткен сабақтан алған білімін тереңдету. Ы, ж, ұ, ң дыбыстары бар сөздерді дұрыс оқып жаттығу.2. Ұқыптылыққа, тазалыққа баулу. 3. Алған білімін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру
Сабақтың мазмұны:
І .Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру. — ң, е, ұ, ж қандай дыбыс? — Сөздің қай жерінде жазылады? Сөздік диктант: аң, шаң, шаңғы, таң, тоң, ыс, қыс ,ау ұн ұқ.
ІҮ. Қайталау.1. Әр дыбысқа қатысты сөз ойлау, сөйлем құрату2. Ынта,жарық, ұшақ, аң сөздеріне дыбыстық талдау жасау. 3. Кеспе әріптерден сөз құрату ыдыс , жаңа, ұста, қаңбақ.4. Жұмбақ шешу: Тамның үстіне тары жайдым.(жұлдыз) Атасы қисық ағаш, Анасы жайма төсек.
Баласы шырын шекер, Бір сабақта құж-құж жентек. (жүзім) 5.Жаңылтпаш жаттату. Шапшаң,шапшаң, Бұрқырайды ақ шаң
Дәптермен жұмыс. Көшіріп жазу. Сергіту сәті.
ҮІ.Сабақты қорытындылау: Біз қандай әріпті үйрендік? Ң қандай дыбыс?