Е дыбысы, әрпі мен таныстыру

 

  1. Сабақтың тақырыбы: Е дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. Е дыбысы, әрпі мен таныстыру.Е дыбысына қатысты сөздер дұрыс оқуға, жазуға үйрету .2.  Ұжымдық еңбекке тәрбиелеу. 3. Сөздік    қорын, ойлау,есте сақтау  қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:  Кеспе әріп ,сабаққа қатысты суреттер. әріптің жазу үлгісі.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін  аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.а) -Ң дыбысы қандай дыбыс?  -Қай текшеге жатқызамыз ? -Сөздің қай жерінде жазылады? ә) Тақтаға сөздер жазғызу.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

І Ү. Жаңа сабақ: а) – Емен,ер сөздеріне  буындық, дыбыстық талдау жасау.  Е дауысты дыбыс екенін аңғарту. б)  -Әріп таңбасымен таныстыру.3 рет дыбыстау Баспа түрі-Ее  Хормен оқыту.Жазба түрі-Ее Тақтамен жұмыс: 1. Емен,еден, ел, ер, жел, жер, бел, бес,немере, немере.2. Сөйлем құрату. «Емен» мәтіні неше сөйлемнен құрылғанын аңғарту.

Ү. Білімді бекіту.1. Е-мен, е-ден сөздеріндегі –мен,- ден буындарының тұйық буын екенін аңғарту.

2.Е-дыбысынан басталатын киім атауын ата  3.-Қарамында үш е дыбысы бар қай сөз?         -Терезе,текемет,кереге.  Көшіріп жазуға үйрену. Есен, Ерлан, Естай. Емен -мықты ағаш

ҮІ. Сабақты қортындылау: Біз сендермен қандай әріп дыбыспен таныстық? -Е қандай дыбыс?