К дыбысы, әрпі туралы білім деңгейін кеңейту
- Сабақтың тақырыбы: К дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: 1 К дыбысы, әрпі туралы білім деңгейін кеңейту. К дыбысына қатысты сөздер дұрыс оқуға, жазуға үйрету .2. Салауаттылыққа баулу . 3. Ой-өрісін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа қатысты суреттер. әріптің жазу үлгісі.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Түгендеу. Оқушылардың сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.а) -К дыбысы қандай дыбыс?-Сөздің қай жерінде жазылады? Сөздік диктант жазғызу. кесе, шеге, кеме, сен, сен, ол, кеше.
ІІІ.Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау
ІҮ. Жаңа сабақ: а) Сөздерді хормен оқыту. ә) Мәтінді оқыту,мазмұнына түсінік беру.
Мәтін қанша сөйлемнен құралған? б) Спортпен шұғылдану, шынығу адамға пайдалы екенін айту. Отыр, жатыр сөзіне түсінік беру.
Ү. Жаңа білімді тексеру.-Мектеп жанында не бар еді? -Онда нелер болды? -Жақында не болды?
ҮІ. Білімді бекіту.К дыбысына қатысты сөздер жазу: кел, кет,кек,кес,кесте
Сергіту сәті:
Бір, екі, ұш
Бойға жинап күш.
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жаздайық
Дәптермен жұмыс: Е е әрпін жазып жатттығу. Кебеже, кептер, текемет, еңбек.
ҮІ.Сабақты қортындылау:Біз бүгінгі сабақта не істедік?