К дыбысы мен әрпі

  1. Сабақтың тақырыбы: К дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:    1 К дыбысы, әрпі мен таныстыру. К дыбысының дауыссыз дыбыс екенін аңғарту.  2.Ұқыптылыққа баулу  3.Сөздік қорын, ойлау,есте сақтау  қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:   Сабаққа қатысты суреттер. әріптің жазу үлгісі.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін  аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.а) -Е дыбысы қандай дыбыс? -Сөздің қай жерінде жазылады?

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

І Ү. Жаңа сабаққа дайындық: а)    Кел ,балалар ойнайық , Ойнайық та ойлайық  Қандай жұмбақ болса да , Шешпей оны қоймайық!

  1. Көреді бәрін өзгенің, 2.   Дегендей ешкім тимесін,

Көре алмайды өздерін.  (Көз)                             Алыптып қадап инесін.         (кірпі)

  1. Қызықтап күнде сен Суретін көресің,

Оқисың одан сен,       Әріптің төресін.

Ертегі, өлеңді.    (Кітап)

ә) «Кітап» өлең оқып беру.

Жақсылықты жақтаймыз,          Елімізде атақты         Оқы, кітап

Әріптерді жаттаймыз.                 Ғалым ата не тапты,  Оқы тыңда.

Кітаппенен дос болып,                Бәрін-бәрін білесің,  Шығарар ол,

Сенімдерді ақтаймыз.                  Оқи берсең кітапты.  Биік шыңға.

Ү. Жаңа сабақ.-Кітап оқу үшін нені жақсы білуіміз керек?  -Әріптерді . -Қандай әріптерді оқи

білеміз?1. Суреттегі заттардың атын атаңдар.2.Кітап, көйлек, көбелек, кие кереге сөздеріне

буындық дыбыстық  талдау жасау.3. К әрпін жеке дыбыстату. 4. К-нің дауыссыз екенін аңғарту.

Ойын: « Сөз ойла, тез ойла.»

     Ү .Білімді бекіту. Баған түрінде берілген сөздерді хормен оқыту, жеке оқыту . Сөйлем құрату. Дәптермен жұмыс:

    ҮІ .Сабақты қорытындылау: Біз сендермен қандай әріп дыбыспен таныстық?