Ғажайыптар әлемі. Қайталау
Сабақ тақырыбы: Ғажайыптар әлемі. Қайталау
Сабақ мақсаты:
- Қазақстандағы орта ғасырдағы сәулет өнерінің дамуы, қазақ тілінің байлығын, құдіреттілігін, тарихи ерекшелігі жайында мәліметтерді ұғындыру.
 - Өз ойларын түйіндей білуге үйрету, ұлттық мерекелередің қазақ халқының рухани және материалдық өміріндегі алатын орнын анықтау.
 
3.Рухани құндылықты құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жарыс сабағы.
Сабақ әдісі: сұрақ – жауап.
Сабақ көрнекілігі: интербелсенді тақта, карта.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқу құралдарын түгендеу.
Сабақты өткен тапсырмалардан бастаймыз.Оқушылардан алдыңғы сабақта қандай тақырып өткінін, үйге қандай тапсырма берілгенін жайлы сұраймыз.
- Сынып оқушыларын үш топқа бөлу:
 
І топ: Киелі Тараз.
ІІ топ: Би – шешендер.
ІІІ топ: Қазақ күйшілері.
- ІІ топ.
 
Жылдар сөйлейді.
1663 – 1756 1667 – 1764 1682 – 1766
Төле би Қазыбек би Әйтеке би
Мақал мәтелдер айту.
Тарихи диктант
Атадан . . . . . . . . туса игі,
.. . . . . жолын құса игі.
Оқушылар толғау ойы (Қазыбек би)
ІІІ топ. Қазақ күйшілері.
Күй өнері
төкпе шертпе
Құрмағазы Тәттімбет
Тарихты біз негізінен үш түрлі дерек арқылы білеміз:
- Заттай деректер (археологиялық зерттеу)
 - Жазбаша деректер (патша мен әкімдердің заңы)
 - Ауызша дерек (аңыздар, шежірелер, мифтік әңгімелер)
 
- Шежіре дегеніміз не?
 - Ежелгі дүниенің діні түсініктері туралы?
 - Дін дегеніміз не?
 - Қазақ халықының алғашқы сенімдері
 
Балалар алда қандай мейрам келе жатыр. (Наурыз мейрамы)
І топ. Қазақтың ұлттық мейрамдары.
ІІ топ. Наурыз мейрамы.
ІІІ топ. Қазақ халқының материалдық мәдениеті үш топқа тапсырма беріледі.
Сабақты қорытындылау.
Сөзжұмбақ
- Ер адамдардың мал терісінен жасалған сырт киімі.
 - Аяқ киім.
 - Әйелдер білегіне тағатын алтын,күмістен жасалған әшекей бұйым.
 - Қазақ қыздарының ұзатылғанда киетін әшекейлі бас киімі.
 - Түйе немесе қой жүнінен тоқылатын сырт киім.
 - Мойынға тағатын сәндік бұйым.
 
Біз тұратын елді мекенде және өзіңнің үйінде Наурыз мерекесі қалай тойланады?
Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма: Наурыз мерекесі жайлы әңгіме