ҚАЗАҚ ГОБЕЛЕН ӨНЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
ҚАЗАҚ ГОБЕЛЕН ӨНЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Мақсаты:
білімділік: оқушыларға қазақ гобелен өнері және бұл өнерді дамытуға үлес қосқан суретшілер өнері мен өмірі жайында білім беру;
дамытушылық: оқушылардың қазақ өнері жайындағы ойы мен дүниетанымдарын дамыту;
тәрбиелік: қазақ елінің өнер қайраткерлерінің өнері мен өмірі жайлы білім бере отырып, оқушылар бойында Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекілік: тірек-сызбалар, түрлі суреттер мен суретшілер портреттері, таратпа материалдары және т.б.
Оқулық: Болатбаев Қ., т.б. Өнер. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006. – 288 бет, суретті.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: ауызша баяндау, сұрақ-жауап, сәйкестендіру тесті және т.б.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Үй тапсырмасын тексеру.
А. Сұрақтарға жауап алу тәсілі арқылы:
- 1960-1970 жылдардағы Қазақстан бейнелеу өнеріне үлес қосқан кескіндемеші суретшілерді атаңдар: (Жанатай Шарденов, Мұхит Қалимов, Тұрсын Әбуов, Әбдірашид Сыдыханов, Тоқболат Тоғысбаев, Салихитдин Айтбаев, Шаймерден Сариев).
- Бейнелеу өнерін бедерлеуде жаңа стиль, бағыт ұстанған суретшілер кімдер? (Еркін Мергенов, Төлеген Досмағамбетов, Бақтияр Табиев, Әділ Рахманов, К.Муллашев, Бақытжан Әбішев, Мақұм Қисамединов, Ескен сергебаев, Балтабай Табылдиев, Исатай Исабеков, Темірхан Ордабеков).
- 1960-1970 жылдар арасында пайда болған үздік көркем туындыларды атаңдар: (Ж.Шарденовтің «М.Сүртібаев портреті», «Медеу», «Талас өңірі», М. Қалимовтың «Исатай — Махамбет», «Қазақ билері», «Ғани Мұратбаев», Т. Әбуевтің «Домбыра», «Гүлдер», С.Айтбаевтің «Бақыт», «Қонақ келді» және т.б.).
- Мүсін өнерінде өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленген мүсіншілеріміздің еңбектері республикамыздың қай жерінде орналасқан?
- 1970 жылдары ұлттық мазмұнымен танылған шығармаларды атаңдар: («Домбыра», «Қобыз», «Көшпенділер белгісі», «Біржан сал», «Ахмет Йассауи белгісі» және т.б.).
- Графика жанрын қолданған суретшілер кімдер және олардың қандай көркем шығармаларын білесіңдер? (К.Муллашевтің «Жер және замана. Қазақстан»).
- 1960-1970 жылдары суретшілердің көпшілігі қандай тақырыптарға арнап көркем туындылар жазды? (Суретшілер тақырыптары сан алуан болды. Отанның тыныс-тіршілігі, табиғаты, адам өмірі мен еліміздің тарихы, халықтың дәстүрі, адам образдары және т.б.).
Ә. Сәйкестендіру тестін шешу:
| Жанатай Шарденов | 1940-1996 ж.ж. | |
| Мұхит Қалимов | 1940 жылы туған | |
| Тұрсын Әбуов | 1931-2002 ж.ж. | |
| Әбдірашид Сыдыханов | 1938-1988 ж.ж. | |
| Тоқболат Тоғысбаев | 1936 жылы туған | |
| Салихитдин Айтбаев | 1927-1992 ж.ж. | |
| Шаймардан Сариев | 1937 жылы туған | |
| Еркін Мергенов | 1838-1994 ж.ж. |
III. Жаңа сабақ.
Тірек сызба арқылы түсіндіріледі.
1-сызба.
2-сызба
Кестені толтыру (Кестені толтыру барысында суретшілер шығармалары көрсетіліп сипаттама беріледі).
| СУРЕТШІ | ӨМІР СҮРГЕН ЖЫЛДАРЫ | ШЫҒАРМАЛАРЫ |
| Құрасбек Тыныбеков | 1947-1980 ж.ж. | «Шопан» (1970), «Отбасы» (1973), «Көктем» (1974), «Тау мен дала» (1975), «Өмірағашы» (1976), «Байқоңыр ырғақтары» (1977), «Аққу әні» (1980), «Композиция», «Дала әуені» (1972), «Аспан» (1973) және т.б. |
| Бәтима Зәуірбекова | 1946 жылы туған | «Керуен» (1973), «Дала аруы» (1979), «Жер-Ана» (1984), «Жіп иіруші қыз» (1972), «Қазақстан», «Көктем» (1974) және т.б. |
| Ирина Зиновьевна Ярема | 1931 жылы туған | «Маңғыстау» (1974) және т.б. |
| Әлібай Бапанова Сәуле Бапанов | 1953 жылы туған 1956 жылы туған | «Ұлы бәйтерек», «Кеңістік», «Аймақ», «Саяхаттау», «Киелі ағаш», «Мәңгілік», «Жаратылыс», «Көш», «Жайлау» және т.б. |
| Зейнелхан Мұхамеджанұлы | 1959 жылы туған | «Қорқыт ата», «Жауынгер», «Балбалдар» және т.б. |
- Жаңа сабақты бекіту.
А. Оқушыларға сұрақтар қою:
- Қазақстан гобелен өнерін дамыту мен қалыптастыруға үлес қосқан суретшілер кімдер? (Қ.Тыныбеков, Б.Зәуірбекова, И.Ярема, Ә. Бапанов, С.Бапанова, Л.А.Анисимова, К.Жұбаниязова, С.Г.Иляева, А.Иханова, Е.П.Николаева, Н.И.Павленко, Б.Өтепов, Ш.Қожаханов және т.б.)
- Гобелен өнері мен кесте өнерін ұштастырған суретшінің шығармашылығы жайында айтып бер.
- Қазақ гобелен өнерінің басқа халықтар өнерімен сабақтастығы қандай?
- Гобелен өнеріндегі жаңа бағыттарды атаңдар.
Ә. З.Мұхамеджанұлының «Бақыт» шығармасының суретіне қарай отырып талдау жасау.
Б. Кестені толтыру:
| ШЫҒАРМА АТАУЫ | АВТОРЫ |
| «Шопан» | Құрасбек Тыныбеков |
| Бәтима Зәуірбекова | «Жіп иіруші қыз» |
| Әлібай Бапанова Сәуле Бапанов | «Ұлы бәйтерек» |
| «Саяхаттау» | Әлібай Бапанова Сәуле Бапанов |
| Құрасбек Тыныбеков | «Өмір ағашы» |
| «Қорқыт ата» | Зейнелхан Мұхамеджанұлы |
| «Мәңгілік» | Әлібай Бапанова Сәуле Бапанов |
| «Балбалдар» | Зейнелхан Мұхамеджанұлы |
| Бәтима Зәуірбекова | «Қазақстан» |
| «Байқоңыр ырғақтары» | Құрасбек Тыныбеков |
В. Сөзжұмбақ: «Гобелен»
| 1 | Ж | А | У | Ы | Н | Г | Е | Р | ||||
| 2 | О | Т | Б | А | С | Ы | ||||||
| 3 | З | Ә | У | І | Р | Б | Е | К | О | В | А | |
| 4 | Г | Е | Р | М | А | Н | И | Я | ||||
| 5 | З | Е | Й | Н | Е | Л | Х | А | Н | |||
| 6 | К | Е | Р | У | Е | Н | ||||||
| 7 | Ш | О | П | А | Н |
- З.Мұхамеджанұлының шығармасы.
- 1973 ж. орындалған Құрасбек Тыныбековтыің еңбегі.
- 1946 ж. дүниеге келген суретші.
- Гобелен өнері алғаш жақсы дамыған елдердің бірі.
- Кесте өнерін жаңғыртушы.
- 1973 ж. орындалған Б.Зәуірбекованың еңбегі.
- Тыныбековтың алғашқы шығармаларының бірі.
- Қорытынды; бағалау.
- Үйге тапсырма: § 16 оқып келу.