Заттың қимылын білдіретін сөздер.Наурыз-жыл басы

№64 Сабақтың тақырыбы: Заттың қимылын білдіретін сөздер.Наурыз-жыл басы

Сабақтың мақсаты:  а) Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсініктерін

пысықтауә) Оқушылардың сабақ барысында  логикалық ойлау   қабілетін,сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту б)  заттың қимылын білдіретін сөздер туралы білімдерін пысықтай отырып, наурыз, жыл санау  , жыл аттарын білуге   үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:жыл аттарының күн тізбесі суреті

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:   Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау: Үйге берілген жаттығуды талдып, пысықтау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі

-Балалар, заттың қимылын білдіретін сөздер туралы не білеміз?

-Қандай сұрақтарға жауап береді?   Анықтаманы сұраймын.

  1. Мақсат қою кезеңі -Ережені жақсылап жаттап алған екенбіз ендеше келесі тапсырма жаттығуларға берейік.
  2. Жаңа сабақ -1. Өлеңді жаттап алыңдар. Наурыз- жыл басы

Түйе сеніп бойына,

Қалған ұмыт жылдардан.

Жатпа қарап, мойыма,

Талма , именіп ділмардан.   С.Мұқанов

  1. Өлеңдегі әр сөздің бірінші әрпі жыл санау ретін және атын білдіреді.
  2. жыл аттарын көшіріп жазыңдар. Жыл аттары: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз. А) Биыл қай жыл?  Ә) Сен қай жылы туғансың?

VI.Жаңа материалды пысықтау:

VII.Бекіту  кезеңі   Заттың қимылы, заттың атын білдіретін сөздерге мысалдар келтіріп ойын ойнату.

VIII. Үйге тапсырма, бағалау