Заттың қимылын білдіретін сөздер. Ұлыстың ұлы күнінде

№65 Сабақтың тақырыбы: Заттың қимылын білдіретін сөздер.Ұлыстың ұлы күнінде                                     

Сабақтың мақсаты:  а) Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы білімдерін пысықтау ә) Оқушылардың сабақ барысында  логикалық ойлау қабілетін,сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту б)  заттың қимылын білдіретін сөздер туралы білімдерін

пысықтай отырып, наурыз мерекесінің тойлануы туралы  үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:суреттер

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген жаттығуды талдып, пысықтау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі: -Балалар, заттың қимылын білдіретін сөздер туралы не білеміз? -Қандай сұрақтарға жауап береді? Анықтаманы сұраймын.

  1. Мақсат қою кезеңі: -Ережені жақсылап жаттап алған екенбіз ендеше келесі тапсырма жаттығуларға берейік.
  2. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. 111-жаттығу. 1. Әр сөйлемдегі сөздерді өз орындарына қойып, сөйлемдерді дұрыс құрастырып жазыңдар.1. тақтайды, кесті, Ержан.
  3. Нұржан, сүргіледі, тақтайды. Шеге, қақты, Мақсұт 2. заттың атын білдіретін сөздер менқимылын білдіретін сөздерді қосып оқыңдар. Өлеңді түсініп оқыңдар:

  Ұлыстың ұлы күнінде «Оң болсын,-деп,ұлысың!»

Төс түйісіп көрісер.

Көжедегі ырысын

Көпшілікпен бөлісер

Мәтіндегі тілек сөздерді жаттап алыңдар.

Наурыз тойы салтымыз,

Аман болсын халқымыз

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

VI.Жаңа материалды пысықтау:112-жаттығу. 1. мәтінді түсініп оқыңдар.  Немере

  1. Заттың қимылын білдіретін сөздерді атаңдар.3. Әжесі жайында жазылған сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

VII.Бекіту  кезеңі: Заттың қимылы, заттың атын білдіретін сөздерге мысалдар келтіріп ойын ойнату

VIII. Үйге тапсырма, бағалау