Ерте орта ғасырлардағы славяндар
7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §7.Ерте орта ғасырлардағы славяндар
Сабақтың мақсаты:
- Батыс, оңтүстік, шығыс болып бөлініп, ерте орта ғасырларда өмір сүрген славяндардыңқоғамдық құрылысы туралы толық түснік беру;
- Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
- Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:карта, суреттер, сызба
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- Эфталиттер мемлекеті қашан құрылды?
- Эфталит тайпаларының шаруашылығы қандай болды?
- Эфталит мемлекетінің ежелгі мәдениетінен қандай белгілер сақталған?
- Түріктер мен ирандықтар Эфталит мемлекетін қай жылдары неліктен жаулап алды?
Жаңа сабақтың жоспары:
- Батыс және оңтүстік славяндар
- Шығыс славяндар туыстас орыс, украин, белорус халықтарының арғы тегі болып табылады.
- Шаруашылығы
- Қоғамдық құрылысы
- ҮІІ-ІХ ғасырлар аралығында Батыс және Оңтүстік слаян тайпаларында таптық қоғам жіктеліп, мемлекеттер құрылды.
«Ерте орта ғасырлардағы славяндар» кестесін толтырыңдар
Тайпа аттары | Шығу тегі | Орналасқан жері | Қай халықтардың арғы атасы саналады |
Сабақты бекіту:
- Славян тайпалары қанша топқа бөлінді? Әр топтағы славяндардың аттарын атап беріңдер? Ұлы Морав мемлекеті Еуропаның қай жерінде орналасқан?
- Шығыс славян тайпаларының жерін картадан көрсетіңдер.
Бағалау:
Үйге тапсырма: §7. Оқып келу. Кестені аяқтау.