Ерте орта ғасырлардағы феодалдар

7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §10. Ерте орта ғасырлардағы феодалдар

Сабақтың мақсаты:

  • Феодалдық сатыға тән белгілерді ашып көрсету, феодалдардың тұрымысы мен дәстүрлері, әдет-ғұрыптары туралы түсінік қалыптастыру, феодалдың замогы туралы мағлұмат беру.
  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
  • Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, суреттер, сызба

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Феодалдық құрылыстың басты белгісі қандай?
  • Феодалдық құрылыс оған дейінгі құрылыстарға қарағанда не себепті озық болды?
  • Натуралды шаруашылық дегенді қалай түсінесіңдер?

Жаңа сабақтың жоспары:

«ККК»әдісі бойынша оқушыларды

  • Король
  • Герцогтар мен графтар
  • Барондар
  • Рыцарьлар
  • Шаруалар етіп бөліп берілген тақырыптар бойынша өздігінен жұмыс жасатқызу.
    1. Феодалдық саты
    2. Феодалдардың тұрмысы мен әдет-ғұрыптары
    3. Феодалдардың замогы

Сабақты бекіту:

  • Феодалдық саты қандай баспалдақтарға бөлінді?
  • Феодалдар шаруашылығы қалай дамыды?
  • Рыцарьлардың басты міндеті қандай болды?
  • Феодалдық замок қандай қызмет атқарды?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §10.