Ресейде орталықтанған мемлекеттің құрылуы

7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §44. Ресейде орталықтанған мемлекеттің құрылуы

Сабақтың мақсаты:

  • Көп ұлтты орыс мемлекетінің ІҮ Иван тұсындағы ішкі саясаты, шаруашылықтың күйзеліске ұшырау себептері туралы оқушыларға түсіндіру;
  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
  • Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің баты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, суреттер, сызба

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • ХІҮ-ХҮ ғасырларда феодалдық жер иеліктері қалай аталды?
  • Шіркеу жер иеліктерінің күшею себептері неді?
  • Орыс жерінің саяси басқару жүйесі қандай болды?
  • Мәскеу жерінің күшею себептері неде?
  • Иван Калита орыс жерін біріктіруде қандай саясат ұстанды?
  • Вожа өзені бойындағы шайқастың маңызы неде?
  • Куликова даласындағы шайқас туралы айтып беріңдер
  • Алтын Орданың құлауына не себеп болды?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. ІІІ Василий Иванович тұсындағы орыс жері
  2. ІҮ Иван кезіндегі Ресей
  • Опричнинаны арнаулы, сенімді адамдардан тұратын әскер жүргізді. Опричнина «опричь» сөзінен шыққан- «басқа, айрықша» деген мағынаны білдіреді. Ауыспалы мағынасы- «жүгенсіз кеткен рда.»

Сабақты бекіту:

  • Орыс мемлекеті неге көп ұлтты мемлекет деп аталды?
  • ІҮ Иванның ішкі саясатының мәнін қалай түсінесіңдер?
  • Опричнина саясаты ІҮ Иванға неге қажет болды?

Бағалау:                    Үйге тапсырма: § 44.