Трапеция тақырыбына есептер шығару.

 

Сабақтың тақырыбы: Трапеция тақырыбына есептер шығару.

 

Сабақтың мақсаты:

 

  • Білімділік:төртбұрыштар тарауын жалпы қайталау және трапецияның элементтерін табуға есептер шығаруды меңгерту.
  • Тәрбиелік: — пәнге қызығушылығын арттыру;

                                   — адамгершілікке және жолдасына көмек беруге тәрбиелеу;

  • Дамытушылық: —  ойлау, есте сақтау, ауызша есептеу және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
    • талдау жасау және саралау жасау қабілеттерін дамыту.

 

Бүгінгі сабағымыздың ұраны:

 

 

 

Төртбұрыштар тарауын қайталау

Параллелограмм

  • Қарама-қарсы қабырғалары қос-қостан параллель төртбұрыш параллелограмм деп аталады.
  • Параллелограмның қарама-қарсы қабырғалары тең.
  • Параллелограмның қарама-қарсы бұрыштары тең.
  • Параллелограмның диагональдары қиылысу нүктесінде тең екі бөлікке бөлінеді.
  • Параллелограмның бір қабырғасына іргелес бұрыштарынң қосындысы 180º-қа тең.

 

Ромб

Барлық қабырғалары тең параллелограмм

ромб деп аталады.

  • Ромбының диагональдары өзара перпендикуляр және олар бұрыштардың биссектрисалары болып табылады.
  • Ромбының қарама-қарсы бұрыштары тең.
  • Ромбының диагональдары қиылысу нүктесінде тең екі бөлікке бөлінеді.

 

 

 

Квадрат

  • Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш квадрат деп аталады.
  • Квадраттың диагональдары өзара перпендикуляр.

 

Тіктөртбұрыш

  • Барлық бұрышы тік болатын параллелограмды тіктөртбұрыш дейміз.
  • Тіктөртбұрыштың диагональдары тең болады және қиылысу нүктесінде тең екі бөлікке бөлінеді.

 

Трапеция

  • Екі қабырғасы ғана параллель дөңес төртбұрыш трапеция деп аталады.

 

 

Берілген фигураларға қандай түзу жүргізе отырып. трапецияны алуға болады?

 

 

 

 

ТРАПЕЦИЯ
(грекше trapeza — стол).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Трапецияның элементтері:

 

 

 

 

Т р а п е ц о э д р

 

 

Тест: (3 минут) Бірін-бірі тексеру. 9-10-   «5»

  • «4»

5-6 –    «3»

Топтық жұмыс: (Оқушылар төрт-төрттен бірігіп, есеп шығарады. Әр топтың кез келген оқушысы тақтаға шақырылып, есепті түсіндіріп береді) Дайын сызбамен жұмыс.

 

Оқулықпен жұмыс

  • №74, №75, №76

 

Практикалық геометрия

 

Қала картасы көрсетілген. АВ мен СD көшелері параллель орналасқан. САЕ бұрышы 65º және ВАF бұрышы 43º. АС және СD көшелері арасындағы бұрышты табыңдар.

 

Үйге тапсырма

  • №71, №73 есептер
  • Т а н г р а м м

Мен сендерге Танграмм ойынымен таныстырғым келеді. Ол Қытайдан келген ойын, сондықтан «Қытай басқатырғышы» деп та аталады. Ол 4000 жыл бұрын пайда болған көне ойын. Қытайлықтар осы ойын арқылы балаларына геометрияны үйреткен.

Басқатырғыш

  • Бала әкесінен қарызға 100 теңге алды. Бірақ оны жоғалтып алып, шешесінен 50 теңге алды. Оның 20 теңгесіне балмұздақ алып, қалған 30 теңгені әкесіне берді. Сонда ол енді әкесіне 100-30=70 теңге , ал шешесіне 50 теңге қарыз. Жалпы қарызы 70+50=120 болды. Тағы 20 теңге балмұздақ алғаны бар 140 теңге шығып тұр. Бастапқы қарызы 150 теңге еді. 10 теңге қайда кетті?

Бағалау.