Шәкәрім жұмбағындағы математика

Шәкәрім жұмбағындағы математика 

Қазіргі уақытта әр мұғалім үнемі ізденіп, шығармашылықпен жұмыс жасау керек. Мектебімізде «Ғұмырын ғылымға арнаған ғалымдар» атты пән апталығы өтті. Онда Шәкәрім мұрасы жұмбақтарын жас ұрпаққа ,шәкірттер жүрегіне жеткізіп, насихаттауға үлес қосу мақсатында бала тәрбиесіндегі парызым деп ойладым да осы сабақ жоспарымды ұсынып отырмын.

 

Тақырыбы: Ондық бөлшекке амалдар.

Сабақ мақсаты:

Білімділік: 1) Ондық бөлшекке амалдар қолдануды Шәкәрім жұмбақтарымен байланысты-

ра отырып,  есеп шығара білуге үйрету;

2)Оқушылардың әр топ бойынша бағалау әрекеттерін ұйымдастыру.

Тәбиелік:   1) Ш.Құдайбердіұлы ойы арқылы ғылым –білімге шақыру;

2) Әр жұмбақтары негізінде танымдық ,шығармашылық қабілеті дамыған жеке

тұлға тәбиелеу .

Дамытушылық: 1) Жұмбақ негізінде танымдық қызығушылығын;

2) Ондық бөлшекке амалдар қолдану шеберлігін;

3) Сызба құралдарымен жұмыс істеу машықтарын дамыту .

 

Сабақ түрі : Шығармашылық ізденіс сабағы.

Сабақ көрнекілігі : Шәкәрім суреті ,тірек-схема, координаталық сәуле, дөңгелектер,

үлестірмелер, тест тапсырмасы, нақыл сөздер, бағалау парағы.

Әдіс-тәсілдер: СТО,кубизм, топтастыру, сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс, жекелеме оқу-

шымен жұмыс, практикалық.

                        

             С а б а қ    б а р ы с ы :

 

  1. Ұйымдастыру

«Жемісті, жақсы иісті бәйшешек ,

Аралайық пайдасын көрем десек

Ұғымды милы жастың ойын қозғап ,

Үйретер талай тәлім, талай есеп …» , деп Шәкәрім атамыз айтқандай бүгінгі сабағы-

мыз Шәкәрім жқмбақтарымен байланыстырыла жүргізіледі.

«Жалын» және «Жігер» тобына бөлемін. Топ жетекшілері сайланады. Сайыс түрінде

әр топ жетекшісі нәтижелерін бағалау парағына көрсетіп отырады.

 

 II.Үй тапсырмасын сұрау .

1) Әр топ жетекшісі жауап парағы көмегіменүй есептері тексеріледі.

2)Кубизм бойынша ережелерге шолу жасалады.

III.Есеп шығару 

Шәкәрім атамыздың  1-8, яғни сегіз жұмбағы бар.Соның ішінде бүгін математикаға

лайықталған төрт жқмбағына талдау жасаймыз.

  • 5-жұмбағы: Тоғыз(ана) жиылып бір толғатқан

Бірін-бірі буаз ғып жуандатқан

Тоғызының киімі тоғыз түрлі

Келген кісі сияқты әр тараптан …

— Ал, балалар, бұл не ?

-Математикадағы цифрлар

 

 

 

— Дұрыс. Барлық сандар цифрлардан құралады.

    Т а п с ы р м а :Дөңгелектер бойынша жай бөлшек жазыңдар, оларды ондық бөлшек-

ке айналдыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

1-бүтін                   1∕ 2=0,5                             1∕ 4 =0,25                           1∕ 8=0,125

 

  • 2- жұмбағы: Тамам сөзді сөйлейді сөйле десе ,

Етінен ет кесемін сөйлемесе

Айт демесе айтпайтұғын жауабы жоқ.

Сүйгенімді сөйлеттім әлденеше

Жауабы: Қарындаш

— Қарындашты неде пайдаланамыз ?

— Фигура сызғанда, координаталық сәуле кескіндеуде қолданамыз.

Ендеше, координаталық сәуледе құстар қоныпты.

 Т а п с ы р м а л а р : а) Құстардың орнын ,яғни нүкте координатын ондық бөлшекпен

жазыңдар;

ә)Нүктелерді координаты бойынша сан түзуіне салыңдар .

 

    3)  8- жұмбағы:   Бірде емес, тамам санның бірінде емес

Не үлкен, не кішкене бірі де емес

Ғылым тапқан сипаттың бірі онда жоқ.

Бұл жұмбақ өлі де емес, тірі де емес.

      Т а п с ы р м а : Топ жетекшілері үлестірме арқылы жекелеме жұмысты тақтада орын-

дайды. Өрнектердің мәніне сәйкес жұмбақтың жауабына жетеді.

 

а) (47,52-7,2):6-5,72

ә) (16,3+21,5):14-2,7

 

Жауабы: Бар-1  , жоқ  — 0

 

4)7-жұмбағы:  Бір нәрседен үш сипат қылдым қайла,

Бұл жұмбақты шешерлік адам қайда

Бір сипатын ортадан кесіп алсам

Орнында тағы болар екеу пайда.

Біреу деп кесіп алып тастағаным ,

Үшеу болып жатады басқа жайда .

 

Жауабы:  Бір қағазды қидағы үшбұрыштап,

Бір бұрышын ортадан кес дұрыстап.

Қалған қағаз болады төртбұрышты

Үшбқрышты қиығын тұрсаң ұстап.

 

 

П р а к т и к а л ы қ    ж ұ м ы с

 

Әр оқушыға парақ бет таратылады. Жұмбақ негізінде қию жұмысы орындалады.

   Т а п с ы р м а : Пайда болған төртбұрыштың қабырғаларын сызу құралдарымен өл-

шеп, периметрін табыңдар .

 

  1. Бекіту

Ондық бөлшекті натурал санға бөлу тақырыбына тест тапсырмасын орындайды.

 

  1. Бағалау

Бағалау парағы бойынша әр топ жетекшісі оқушыларға тиісті баға қояды

 

 

 

Оқушының

аты-  жөні

 

 

Үй тапсырм

 

Ереже

           Есеп     шығару Тест  тапсырмБаға
 5-ж2-ж8-ж7-ж
1 Амангелдин А4    5   5   5     —    5      5 5
2Бекенова М5    5  5    5    5    5      5  5

 

 

  1. Үй тапсырмасы : № 1176 (1,3,5 )  , № 1178

 

VII    Қорытынды:     Шәкәрім  «Жастарға» :

…Жақсы білім іздеуге жалықпалық!

Табылмаса, тарығып талықпалық!

Салақтықты қоялық сақ болалық!

Білгенді, білмегенді анықталық…

 

 

Сынып оқушылары сабақты шартты белгіні көрсету арқылы бағалайды.

 

 

+                     +   +                                 +

+

+    +                           +

 

+                       +     +

+

 

 

 

Мектепішілік іс-тәжірибе тарату барысында өткізілген сабақты «өте жақсы» деп бағалап,таратуға ұсыныс жасалды .

 

Тлеубаева  Бақыт  Мұқымжанқызы 

                   С.Бекбосынов атындағы орта мектебінің математика пән мұғалімі

                   Шығыс Қазақстан облысы ,Абай ауданы, Архат ауылы

 

.