Үшбұрыштар теңдігінің үшінші белгісі

Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштар теңдігінің үшінші белгісі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың бұрынғы біліміне сүйене отырып, жаңа білім беру,

қызығушылығын ояту. Үшбұрыштар теңдігінің үшінші белгісін түсіндіру, оларды есеп шығаруда пайдалана білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылар белсенділігін арттыру, жауапкершілікке,

ізденуге, еңбектенуге тәрбиелеу;

Тәрбиелік: Батылдыққа, ұйымшылдыққа, тазалыққа, өз бетімен жұмыс

жасауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс – саяхат сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер

Сабақтың өту жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ барысымен таныстыру.

Балалар бүгін сабағымызды біз «Сиқырлы үшбұрыштар» әлеміне саяхат жасаймыз. Саяхат барысында аялдамаларға тоқталамыз. (І слаид)

І. «Сиқырлы үшбұрыштар әлемі» (ІІ, ІІІ слаид)

Мұнда жеті түрлі үшбұрыш, артында сұрақтары бар, оқушылар жауап береді.

  • Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы қаншаға тең?
  • Үшбұрыштар теңдігінің неше белгісі бар?
  • Үшбұрыштар теңдігінің бірінші белгісі
  • Үшбұрыштар теңдігінің екінші белгісі
  • Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиетін ата
  • Үшбұрыштың түрлерін ата
  • Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиетін ата

Үшбұрыштар ашылып болған соң мынадай нақыл сөз шығады:

«Еліміз еңселі болсын десек,

Шәкіртіміз білімді болсын.»

Оқушылар, сендер – Қазақстанның болашағысыңдар. Сондықтан сендер бәсекеге қабілетті білімді жастар болып жетілулерің қажет.

 

ІІ. «Қателер қалашығы» аялдамасы  (ІV,V,VI слаид)

1

 

 

А. Доғал бұрышты үшбұрыш

2

 

 

 
В. Тең бүйірлі үшбұрыш
3 

С. Сүйір бұрышты үшбұрыш

4 

Д. Тікбұрышты үшбұрыш

5 

Е. Теңқабырғалы үшбұрыш

6 

Г. Үшбұрыштар теңдігінің екінші

белгісі

7 

К. Үшбұрыштар теңдігінің бірінші

белгісі

 

Оқушылар қателерін тауып, дұрыс жауаптарын жазу керек.

ІІІ. «Білімділер қалашығы аялдамасы». (VII,VIII слаид) Бұл аялдамада жаңа тақырып электрондық оқулық арқылы түсіндіріледі. Жаңа тақырып электрондық оқулық арқылы түсіндіріледі.

Үшбұрыштар теңдігінің үшінші белгісі. Егер бір үшбұрыштың үш қабырғасы екінші үшбұрыштың сәйкес үшқабырғасына тең болса, онда мұндай үшбұрыштар тең болады.

АВ=А1В1                            АС=А1С1

ВС=В1С1                             АВС=А1В1С1

 

1 – мысал түсіндіріледі.

Электрондық оқулықтағы 1,2 есептер шығарылады

 

ІV. Келесі аялдама «Демалыс сәті» деп аталады. (ІХ слаид) Мұнда «Бақытты болу өнерін» көріп демалады, тынығады. (2 минут)

  1. «Қызықты сандар «қалашығы. (Х,ХІ слаид) Бұл аялдамада ауызша шығаруғ арналған тоғыз есеп кестемен берілген. Өткенді еске түсіре отырып, кестедегі есептердің жауабын табады.

VІ. Тест. (ХІІ слаид)Электрондық оқулықтағы «Дұрыс жауабын таңда» деп аталатын бөлімде 10 тапсырма берілген, тесттің қорытындысы шығарылып, оқушылардың білімі бағаланады, қорытындылау.

Оқушылар білімін бағалау.

Үйге тапсырма: Ережелерді жаттау, сөзжұмбақ құру. (ХІІ слаид)