«Жай бөлшектер» тарауын қайталау
Сыныбы: 5в Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы: «Жай бөлшектер» тарауын қайталау
Сабақтың мақсаты: а) білімділік мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін пысықтау, Жай бөлшек, бұрыс бөлшек, дұрыс бөлшек, аралас сандар туралы білімдерін тереңдету, теориялық білімдерін шыңдау және есептер шығаруда іскерлікпен қолдана білуге үйрету;
ә) дамытушылық мақсаты: тиімді әдіс- тәсілдер арқылы оқушылардың ой- өрісін кеңейту , өздігінен жұмыс жасау, математикалық тілде өз ойларын нақты және дәл жеткізе білу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
б) тәрбиелік мақсаты: топішілік, топаралық бағалау тәсілдері арқылы оқушыларды адалдыққа, ұйымшылдыққа және тапсырмаларды деңгейлеп беру арқылы бәсекелестікпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, деңгейлік тапсырмалар, ауызша есептеулер, тест, сергіту ойындары, даралық, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тапсырмалар жазылған жұмыс дәптер.
Пәнаралық байланыс: күнделікті өмірмен байланыс, әдебиет
Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру
- Үй тапсырмасын тексеру №583 (1,2)
 - «Тез жауап» (сұрақ – жауап)
 - «Құпия кесте» (ауызша есептеулер арқылы, даталы күнді табу)
 - «Қас – қағым сәт» (тест тапсырмасы орындау)
 - «Біліміңді сынап көр» (Ұяшық таңдау арқылы есептер шығару, ұяшық астындағы «4» деген сыйлық бағаны иелену)
 - «Өзіңді тексер» (деңгейлік тапсырмалар, барлық оқушыға парақша таратылып, оқушылар түгелдей қатыстырылады)
 - «Ой түйін» (Сергіту сәті, сөзжұмбақ шешу)
 - Психо-геометриялық тест «Мен қандаймын!»
 - Қорытындылау
 - Бағалау, мадақтау
 
І бөлім «Тез жауап» (сұрақ — жауап)
- Жай бөлшек неден тұрады? (белшек сызығынан, алымы және бөлімінен)
 - Бұрыс және дұрыс бөлшек дегеніміз не? Мысал келтір. (Алымы бөлімінен үлкен немесе тең бөлшек бұрыс, алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады)
 - Аралас сан дегеніміз қандай сан? (Бүтін және бөлшек бөліктен тұратын сан аралас сан деп аталады)
 - Алымы бірдей жай бөлшекті қалай салыстырамыз? (Бөлімінің кішісі үлкен болады)
 
ІІ бөлім «Құпия кесте» (Ауызша есептеулер)
- Бос орынға тиісті санды табыңыз: (16)
 - Аралас сан түрінде жазыңыз: (12)
 - Қорапта 2011 алма бар. Оның 13 – і қызыл алма. Қызыл алма қораптағы алманың қандай бөлігін құрайды? (2011)
 
Құпия кесте
| 16 | 12 | 2011 | 
(Тәуелсіздікке 20 жыл, оқушылар өлеңдерін оқиды )
ІІІ бөлім. Қас – қағым сәт (Тест тапсырмалары)
1.Дұрыс бөлшекті тап:
а) б) в)
- 3: 17 бөліндісін бөлшек түрінде жаз:
 
А) б) в)
- бөлшегін аралас сан түрінде жаз:
 
А) б) в)
- аралас санды бұрыс бөлшек түрінде жаз:
 
А) б) в)
- бөлшегін бөлінді түрінде жаз:
 
А) 13:7 б) 13:37 в) 37:13
- Бұрыс бөлшекті тап:
 
А) б) в)
ІҮ бөлім «Біліміңді сынап көр» (Ұяшық астындағы есептерді шығару, «4» — тік баға сыйлыққа алу)
| 1 | 2 | 3 | 
| 4 | 5 | 6 | 
- №592 есеп. Аралас санды бұрыс бөлшек түрінде жазыңдар:
 
- №596 есеп. Бөлшектерді салыстырыңдар:
 
- №598 есеп. Теңдік тура болатындай жұлдызшаның орнына тиісті натурал санды қойыңдар:
 
- №592 есеп. Бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жазыңдар:
 
- «4» — тік баға сыйлық
 - №599 есеп. Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіріңдер:
 
Ү бөлім «Өзіңді тексер» (Жазба жұмыс дәптер таратылады, сондағы деңгейлік тапсырмаларды оқушылар орындайды)
І деңгей тапсырмасы
Бөлшекті қысқартыңыз:
ІІ деңгей тапсырмасы:
Салыстырыңдар:
ІІІ деңгей тапсырмасы
Бөлшекті ең кіші ортақ бөлімге келтіріңіз:
ҮІ бөлім «Ой түйін» (Сергіту сәті, сөзжұмбақ шешу)
| Б | Ұ | Р | Ы | С | 
| Т | Ө | Р | Т | |||||||||
| А | Р | А | Л | А | С | |||||||
| Ш | А | Р | Ш | Ы | ||||||||
| Т | Е | Ң | Д | Е | У | |||||||
| Е | К | І | ||||||||||
- Алымы бөліміне тең немесе одан үлкен бөлшек (Бұрыс)
 - 2 2 неге тең? (төрт)
 - Бүтін және бөлшек бөліктен тұратын сан (Аралас)
 - Геометриялық фигура (шаршы)
 - Құрамында мәнін табу қажет болатын әріпті өрнек (Теңдеу)
 - Ең кіші жай сан (Екі)
 
ҮІІ бөлім «Мен қандаймын!» психо – геометриялық тест
Мұнда әр оқушы слайдта көрсетілген үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер т.б әртүрлі фирураларды таңдау арқылы өзінің қандай оқушы екендігі туралы мағлұмат алады.
Үйге: №599 (4,5,6), шығармашылық жұмыс
Сабақты Н. Назарбаевтың сөзімен қорытындылау
Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып – көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп білім алып, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің енендігін ұмытпа.