Перпендикуляр түзулер және нүктеден түзуге дейінгі қашықтық тақырыбына есептер шығару
Астана қаласы
№58 мектеп- гимназиясы
Бексолтанова Лязиза Жеңісханқызы,
математика пәнінің мұғалімі
Сабақ жоспары
| Пәні | Математика |
| Сынып | 6 |
| Сабақтың тақырыбы | Перпендикуляр түзулер және нүктеден түзуге дейінгі қашықтық тақырыбына есептер шығару |
| Сабақтың мақсаты | Перпендикуляр түзулердің анықтамасының тұжырымдамасын , қасиеттерін пайдаланып есептер шығару және нүктеден түзуге дейінгі қашықтықты таба білу. |
| Оқу нәтижелері | Оқушылар сабақ барысында: — Перпендикуляр түзу анықтамасын біледі және перпендикуляр түзулерді сыза біледі ; — Түзудің бойында жатпайтын нүкте арқылы түзуге перпендикуляр түсіруді үйренеді; — Нүктеден түзуге дейінгі қашықтықты таба біледі; — Өздерін және сыныптастарын бағалай алады. |
| Бағалау критерийлері | — перпендикуляр түзулердің ережесін білу және құралдарды пайдаланып перпендикуляр түзуді сызып орындай алу; — Түзудің бойында жатпайтын нүкте арқылы түзуге перпендикуляр түсіру және нүктеден түзуге дейінгі арақашықтықты таба білуі; — Техникада, тұрмыста кездесетін перпендикуляр түзулерге мысалдар келтіре алу. |
| Дерек көзі | Оқулық, дидактикалық материалдар, ғаламтор, |
| Тапсырмалар | — топтық жұмыс; — СТО — Деңгейлік тапсырмалар; — Рефлексия. |
| Ресурстар | — Компьютер; — Көрмелер; — Сызу құралдары; — Тапсырмалар; — А3, А4 парақтар; — Бағалау парағы; — Оқулық; — Жапсырмалар; — Бағдаршам түстері/ фигуралар/
|
| Сабақ барысы | ||||||
| Сабақ кезең-дері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс- әрекеті | Бағалау | |||
| Кіріспе 8 мин | 1.Ұйымдастыру: сәлемдесу, түгендеу,топқа бөлу, бағалау парағы таратылады | 1. Мақал –мәтелдің жалғасын табу арқылы 4 топқа топтасады 1-топ:Білімді мыңды жығады, Білекті бірді жығады. 2-топ: Бір тал кессең, он тал ек. 3-топ: Жеті жұрттың тілін біл; Жеті түрлі білім ал. 4- топ:Жеті рет өлшеп, бір рет кес. 2. Сәлемдесу тренингі Қатар тұрған екі оқушы бір- біріне амандасудың бір неше түрін айтып амандасады, бүгінгі күнге сәттілік тілейді. | мадақтау | |||
| 2. Қызығушылықты ояту | Қызықты логикалық есептің жауабын табады Есеп: Тік төртбұрышты аулада 7 алма ағашы өсіп тұр. Үш түзу сызығының көмегімен 7 бөлікке бөлу керек. Әр бөлікте бір алма ағашы қалатын болсын. | Қол шапалақ | ||||
| 3.Үй тапсырмасын өзара тексеру тапсырылады | Қатар отырған екі оқушы өзара тексереді (жұптық жұмыс) №1092
Шешуі:∠EDC=120°-90°=30° ∠ADE=90°-30°=60 ; Жауабы: 30°, 60° №1097∠COF=∠KOF-∠KOC=90°-50°=40° ∠FOB=∠COB-∠COF=90°-40°=50° Жауабы: | Кері байланыс | ||||
| Тұсау-кесер 10 мин | 4. Математикалық диктант | Сұрақтарға жауап жазады және қатар отырған екі оқушы бір- бірін тексереді. 1. Сағат 9 болса, сағат тілі қандай бұрыш жасайды? Тік бұрыш 2. Төрт бұрышты столдың бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрыш болады? Бес бұрыш 3. Бұл не?/сызба құралдары/ 4. Екі түзу қиылысқанда пайда болған бұрыштың бірі 65° болса, қалған бұрыштары неге тең? 115°,65°,115° 5. Жазыңқы бұрыштың 1/6 -і неге тең? 30° 6. Перпендикуляр сөзі латынның қандай сөзінен алынған? Тік бағыт 7. Перпендикуляр түзулер жазықтықты қандай бұрыштарға бөледі? Тік бұрыш. | ||||
| 5. Cұрақ -жауап. Әр топқа сұрақ қойылады | Берілген сұрақтар бойынша әр топ А3 параққа жазып, не сызып жауап береді. 1) Тік бұрышты сызғыш немесе транспортирді пайдаланып тік бұрыш сызып көрсетеді; 2) Перпендикуляр түзудің анықтамасын айтады, белгіленуі мен жазылуын көрсетеді ; 3) Түзудің бойында жатпайтын нүкте арқылы түзуге перпендикуляр түсіру алгоритмін пайдаланып, сызып көрсетеді; 4) Нүктеден түзуге дейінгі қашықтықты табуды көрсетеді. 5) Техникада, тұрмыста өзара тең төрт бұрыш жасап қиылысатын түзулерге мысалдар келтіреді./суреттер/ | бағдаршам | ||||
| Негізгі бөлім 20 мин
| Деңгейлік тапсырмалар Қай топ 1-ші дұрыс шығарады , сол топ тақтаға есептің шешуін жазады.
| 1-деңгей. Тапсырма 1. №1087 AB⊥CD, ∠AOE=35°, ∠KOB=20° Шешуі: ∠EOD=90°-35°=55° ∠KOC=90°-20°=70° Жауабы: 55°,70° 2- деңгей. Тапсырма 2. Қиылысқанда пайда болатын бұрыштардың бірі екіншісінен 4 есе артық. Пайда болған бұрыштардың әрқайсысының шамасын табыңдар Жауабы:36°,144° 3-деңгей. Тапсырма 3. №1098 ∠AOB=90°, ∠AOF=125°, CD⊥EF Шешуі: ∠AOE=180°-125°=55° ∠FOB=180°-35°=145° Жауабы: 55°,145°
| бағдаршам | |||
| 8.Сергіту сәті, музыка қойылалы | Оқушылар музыка ырғағымен бой жазады | |||||
| 9.Әр топқа тапсырма беріледі (топтық жұмыс) А3 параққа сызып көрсетеді | І топ. а түзуіне түзуден тыс жатқан В нүктесі арқылы перпендикуляр сыз. ІІ топ. С нүктесінен в түзуіне дейінгі арақашықтықты тап. ІІІ топ. Бұрыштардың шамасын тап IV топ. Қандай түзулер перпендикуляр болады? | бағдаршам | ||||
| 5 мин Қорытынды | Сабақты қорытындылау | Ассоциация
| Әр топ бір біріне «екі жұлдыз, бір тілек айтады» | |||
| 10.Оқуға арналған тапсырмалар | 1. Тақырып бойынша қайталап оқу 2. № 1099 | |||||
| 11. Рефлексия | Не үйрендім? Мен үшін қиын болды Мен үшін қызықты | |||||