Махамбет-ерліктің жалынды жаршысы

Сабақтың  тақырыбы: Махамбет-ерліктің жалынды жаршысы

        Сабақтың  мақсаты:

білімділік — Махамбет  Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы жайында оқушыға түсінік беру;  «Соғыс»өлеңінің тақырыптық идеялық мазмұнын ашу.

          дамытушылық – білімді ғылыми тұрғыда терең меңгерту;

шығармашылықпен  жұмыс істеуге дағдыландыру,жеке оқушының зерттеушілік қабілетін дамыту,дүниетаным шеңберін кеңейту.

         тәрбиелік – Махамбет  өмірін үлгі ете отырып, оқушыларға патриоттық тәрбие беру, жас ұрпақты  Отанын, халқын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ (журнал шығару).

Типі: жаңа ұғымды меңгеру.

Әдісі: Баяндау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, «Венн диаграммасы» , «Топтастыру», «5 жол өлең», «Ойтолғау» стратегиялары.

Пәнаралық байланыс: тарих, музыка.

        Көрнекілігі: «Махамбет» журналы, Құрманғазының күйі «Кішкентай», Қазақстанның картасы,электронды оқулық,слайдтар.

Сабақтың барысы:

І.    Ұйымдастыру.

ІІ.   Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту.

Жасырмай ойымды айттым талай-талай,

Қайтейін кетті бәрі қарайламай.

Айтарын ашып айтқан абайламай,

                                       Дариға-ай, Махамбеттер, Абайлар-ай, — деп    ақиық ақын Мұқағали жырлағандай, өткен ғасырда ордада дауылды жырдың жаршысы болған кім? Махамбет. Исатай басшы   болғанда, қасына ерген қосшы кім? Махамбет.

Олай болса, Махамбет есімі көз алдарыңа қандай бейнені елестетті?

Оқушылар : Біздің көз алдымызға жүзі лапылдаған, көз жанары өңменіңнен өтетін, сөйлесе сөзі қиыпсал өткір әрі ыстық, өн бойы оттан өрілгендей, жаратылысы бөлек, үстінде сауыт, басында дулыға, бес қаруы түп-түгел батырдың бейнесі келеді.

ІІІ.  Жаңа сабақ. 1).Мұғалімнің сөзі (қазақ поэзиясында Махамбеттің алатын орнына, оның 200 жылдығы  ЮНЕСКО тарапынан тойланғандығына, жалпы шығармашылығына тоқталады).

         2) Журнал материалдарын түзу бойынша жұмыс.

 — Журналымыздың 1-бетінің  айдары «Бізге мәлім деректер» деп аталады. Яғни, бұл бетте біз Махамбеттің өміріне тоқталамыз.

Махамбет Өтемісұлы  1803 жылы Батыс Қазақстан облысының Орда  ауданы Бекетай құмында дүниеге келген. Әкесі Өтемістен 10 бала болған. Оны өзі мына өлең жолында айтып өткен:

«Өтемістен туған 10 едік,

 Онымыз атқа мінгенде,

                                     Жер қайысқан қол едік ». 

Махамбет-әрі ақын,әрі батыр,әрі күйші,сазгер,домбырашы.Оның 79 өлеңі бар,мұрасының көбі бізге жетпеген.Оның өлеңдерін шәкірті Қуан жырау білген екен.Одан Мұрат Мөңкеұлы үйренген. Одан Ығылман Шөреков жаттаған.Бірқатар өлеңдерін жинаған ақын-Шәңгерей Бөкеев.Ең алғаш ақын өлеңдері 1908 жылы Қазан қаласында «Мұрат ақынның Ғымарқазы уғылына айтқаны»деген жинақта жарық көрген.

Батыр дейтін себебіміз 1836-41 жылдарда Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісінің басшыларының бірі болған.Ақындық пен батырлық Махамбет бойында ару қыздың бұрымындай әдемі өрілген ғой.

Күйші-сазгер,домбырашы дейтін себебіміз-Махамбеттің 17күйі : «Жорық»,    «Жайық асуы», «Қайран Нарын», «Ақжелең», «Тарлан», «Ақтабан», «Исатайдың Ақтабаны-ай», «Кішкентай», «Жұмыр қылыш», «Өттің дүние», «Өкініш», «Қиыл қуғыны», «Шілтерлі терезе», «Арыстаннан айрылдым», «Жауға шапқан », т.б.сақталған.

Электронды оқулықтан  Махамбеттің  өмірінен мәліметтер беріледі.

Журналымыздың 2-бетінің айдары «Мұны білген жөн»деп аталады.

Қазақ халқы талай қиыншылық кезеңді басынан өткізді. Жаңа айтып кеткендей

Махамбет шаруалар көтерілісінің басшыларының бірі болды.Махамбеттің мақсаты-өз сөзімен айтсақ:

                         «Қара қазан,сары бала

                            Қамы үшін қылыш сермедік»    

                                        немесе

                            «Қара қазақ баласын,

                            Тірлігімде налытпан»

                                     немесе

                            «Еділдің бойы ен тоғай,

                            Ел толтырсам деп едім,

                            Жағалай жатқан сол елге,

                            Мал толтырсам деп едім»                  

         Бұл соғыс Ресейлік патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы көтерілген қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы еді.(Махамбеттің, Исатайдың, Жәңгір ханның суреті көрсетіледі).

 

Академик  З.Қабдолов: «Аңыз  болсын,  ақиқат  болсын,  бәрібір, әйтеуір,  о      баста   Исатай    мен    Жәңгір,   Жәңгір  мен  Махамбет —  қазақтың    қашанғы     халықтық   қасиеті   –   ағайыншылықтан  ажырамаған    адамдар » ,  — деген.

 

Енді, Жәңгір кім деген мәселеге тоқталсақ, ол 1841жылы тұңғыш рет қазақ балаларына  қазақша-орысша  білім  беретін мектеп ашқан, европаша білім алған жан, Қазан университетінің құрметті мүшесі, тұңғыш генерал шенін алған қазақтың соңғы ханы. Зерттеушілер   Қ.Жұмалиев,  Х.Досмұхамедов және де басқа  Исатай-Махамбет тарихын зерттеушілер Жәңгірге осы  тұрғыдан қарап келді.Жәңгір  Бөкеев – Еділ мен Жайық арасын 22 жыл билеген.

Исатай  Тайманұлына тоқталсақ , ол Махамбеттің жан серігі, күрескер жолдасы, Беріш руынан шыққан батыр. «Махамбет  2 образ жасаған, оның бірі-  — Исатай образы, ал екіншісі – Махамбеттің өз образы ».Махамбет бірнеше толғауларында Исатайды былай асқақтата шырқап өтеді:

 

Садағына сары жебе салдырған

Садағының кірісін

Сар алтынға малдырған,

Тереңнен көзін ойдырған,

Арыстан еді-ау Исатай,

Бұл фәнидің жүзінде

Арыстан одан кім өткен?

 

Осыдан  артық  батыр  бейнесін  жасау  мүмкін  бе?!

 

Жоғарыда   айтылған   деректерге   сүйене   отырып   2  топ                    «Венн   диаграммасын»   толтырады .

 

 

І топ

 

 

 

Академик  Қ.Жұмалиевтің зерттеуінде:

 

 

 

 

 

 

 

 

Махамбет жыраулық дәстүрді берік ұстанған ақын.Ол бірде ежелден қалыптасқан, көп жырау қолданған,тіпті эпосқа да кірігіп кеткен тұрақты формулалар мен шумақтарды пайдаланса, бірде көрген-түйгені мол мосқал адамша тақылдап сөйлейді,кей кезекте ақыл айтып,көп нәрсені қорыта,жинақтай баян етеді.                                                                                                                             Махамбеттің мұндай өлеңдері өмір шындығымен түйіндес, терең ой, парасатты философияға негізделген даналыққа толы келеді. Ақын өлеңдерінде нақыл бар, олар қазақтың мақал-мәтелдерімен үндесіп жатыр.

Асыл ердің баласы

Жауды көрсе, шыдамай

Көзін салар қиаға

Ермін деген жігітті

Кеңшілікте сынама

«Өзіммін деген жігітті үйде сынама,түзде сына»
Айырдан туған жампоз бар –

Нарға жүгін салғысыз.

Аруанадан туған мая бар –

Асылын айуан десе нанғысыз.

Жақсыдан туған жаман бар –

Бір аяқ  асқа алғысыз.

Жаманнан туған жақсы бар –

Атасын айтса нанғысыз.

Жаманменен дос болсаң,

Айырылмас күні  қос болсаң,

Басыңа қиын іс түссе,

Басқа кетер бөлектеп

Колдан берер есептеп

Сыртыңнан жүрер өсектеп

«Жаманмен дос болсаң, аузы-басың қан болар,жақсымен дос болсаң, аузы-басың  май болар». «Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа, жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа»
Сан шерулі қол болса

Батырлар болар ағасы

Аз сөйлер де көп тыңдар

Хас асылдың баласы

«Ел ағасыз болмас,

Тон жағасыз болмас».

«Аз сөз – алтын,

Көп сөз – күміс».

 

Ауыз әдебиетінің  асыл  қазыналары  мен  жыраулық  дәстүрлердегі  мұндай философиялық  сәйкестіктер ақын  өлеңдерінде  жиі  кездеседі.

Енді ақынның  «Соғыс» өлеңіне талдау жасап көрелік( мұғалім өлеңді жатқа оқиды).

Махамбеттің  «Соғыс» өлеңі 1837жылғы 15-қарашада Бекетай құмындағы Тастөбеде болған қанды шайқасты суреттейді.

1.Бір оқушыға өлеңді мәнерлеп оқыту.

  1. Сөздік жұмыс.

Зығырданы қайнау  — қатты ашулану

           Түйіндік – тас түйін: бірлік, ынтымақ, күш-қуат.

  1. Топтық жұмыс.

1 топ – метафораны табу (Ойнайды, қайнайды)

2 топ – теңеуді табу (ақбөкендей, қойдай шулау, мылтығын қардай шулатып)

3 топ – эпитетті табу (кесе атқан, тесе атқан)

  1. Өлең құрылысына талдау.

                                                               4                    3

7          Құдайлады    хан  ұлы                   а

                                 5                       3

     8           Іздеген жауы  біз болып                 б

                                 4                    3

     7            Жау қарасы   көінді                       в

                                 5                           3

     8            Жиылған әскер   білінді               в

                                                                  5                          3

8             Исатай-басшы, мен-қосшы        а                                                                                                4                         3

     7              Исатайдың    сол күнде              д

                                   5                         3

     8               Ақтабан аты    астында           ж

                                     4                       3

            7               Дулығасы       басында             з

           4                      3

                                             7               Зығырданы   қайнайды            а

Өлең 7-8 буынды. Ұйқасы ұзап кетпес үшін ақын әрбір 5-10 жолды

1 шумақ етеді. Екі бунақты,шұбыртпалы ұйқас.

  1.   «Соғыс»  өлеңінен  Исатайдың ерлік бейнесі суреттелген жолдарынын  тауып, дәптерге жазу.

 

 

 

Исатайдың сол күнде,

                                       Ақтабан аты астында.

 Зығырданы қайнады.

 Астына мінген Ақтабан.

 Ақ бөкендей ойнайды. 

  1. «Махамбет»  күйі орындалады. « 5  жол өлең»стратегиясы  бойынша Махамбет сөзі беріледі.
  2. Зат есім – жауынгер.
  3. Сын есім – жалынды батыр.
  4. Етістік – сүйді, соғысты, өлең жазды.
  5. Пысықтауыш – Нарында шайқасты, Отанын сүйді, елін қорғады.
  6. Түйін сөз: Ол – Отанын сүйген жауынгер ақын.

Журналымыздың үшінші бетінің айдары – «Махамбет жайлы толғаныстар ». Бұл тақырыптың мақсаты – Махамбет жайлы жазылған көркем туындылармен танысу.

Б.Аманшин      « Махамбет тағдыры ».

Ә.Әлімжанов  « Махамбеттің жебесі ».

М.Шаханов     « Махамбет  монологі », «Нарынқұм зауалы ».

Т.Әлімқұлов    « Қараой ».

Өзгелерді қойғанда, «Өртке тиген дауылдай өлеңі » өзінен аумаған Қасым мен  «күпі тиген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып өзіне қайтарып» кеткен Мұқағали әдеби -эстетикалық сауатын ең алдымен Махамбет мектебінен оқып ашқан.

«Ойтолғау»   стратегиясы  бойынша оқушы сабақ барысында туындаған ойларын жазады.

Махамбет ел қамын, халық жайын ғана ойлаған. Оның негізінде «Ереуіл атқа ер салмай, егеулі найза қолға алып»жүргендегі мақсат-мүддесі – елінің ертеңі үшін, бір сөзбен айтқанда Қазақстанның егемендігін алып азат болуы үшін. Қазақ елінің елдігі, еркіндігі, егемендігі үшін болып жатқан майдан туралы ғана жазды. Оның  барлық  жырын  бір  жерге  әкеліп топтағанда, « Жорық  жыры » болып шығатыны  сондықтан. Ақынның  сезімі мен сыры, ісі мен әрекеті, өмірі мен өлімі,Адами тағдыр-талайы… – бәрі-бәрі  осы тақырып арнасында тасқындап ақты, талғамын тапты.

Сонда мұның мазмұны мен пішіні бір ғана уақытта – Жәңгір хан тұсында, бір ғана кеңістік – Бөкей ордасында, бір ғана идеяда – қазақ халқының азаттығы мен бостандық жолында туған, қасыптасқан, дамыған.Махамбет шығармашылығы тұтастай алғанда автордың «сегіз қырлы, бір сырлы» автопортретін жасап, мұның өзі тек біздің ұлттық менталитетімізге тән ерлік пен елдіктің өшпес рухына айналып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Журналымыздың төртінші бетінің айдары — « Нөмірдің сауалнамасы . Тест жұмысы алынады.

 1.Махамбеттің туған жері:

а) Тастоғай                      с) Бекетай

в) Орал                             д) Индер

2.Мына жолдар Махамбеттің қандай өлеңінен алынған?

Қоғалы көлден, құм сулар

Қімдерге қоныс болмаған?!

Саздауға біткен кұба тал

Қімдерге сойғақ болмаған?!

 

а) «Ереіл атқа ер салмай»                с) «Исатай деген ағам бар»

в) «Қызғыш құс»                              д) «Жалған дүние»

3.Мына күйлердің қайсысы Махамбеттің күйі?

а) «Қайран, Нарын»                         с) «Кішкентай»

в) «Адай»                                          д) «Балбырауын»

  1. Бөкей Ордасы қашан құрылды?

а) 1800 жылы                    с) 1803 жылы

в) 1801 жылы                    д) 1804 жылы

  1. Жәңгір ханның Орда биінің бірі болған Махамбеттің ағасы?

а) Тоқтамыс                  с) Бекмұханбет

в) Исмайыл                   д) Сүлеймен

Журналымыздың бесінші бетінің айдары – «Құмсағат». Тұжырымдама.                                                       «Махамбет арманы  Қазақстан – 2030». «Өмір –қас-қағым сәт». Өмірді сапалы өткізу. Махамбет өмірінің тиышсыз да тылсым сыры төңірегінде ой бөлісу.

ІV.   Оқушылардың еңбегін бағалау

  1. Сабақтың нәтижесі: «Махамбет» журналын шығару