Microsoft Ecel кестелік процессоры туралы түсінік. EXCEL мүмкіндіктері. Жұмыс терезесінің элементтері. Бағанның енін және жолдың биіктігін өзгерту. Математикалық амалдармен жұмыс жасау

Сабақтың тақырыбы: Microsoft Ecel кестелік процессоры туралы түсінік.  EXCEL мүмкіндіктері. Жұмыс терезесінің элементтері. Бағанның енін және жолдың биіктігін өзгерту. Математикалық амалдармен жұмыс жасау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:      EXCEL КЕСТЕЛІК ПРОЦЕССОРЫ, НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР МЕН АМАЛДАР, EXCEL мүмкіндіктері, жұмыс кестесінің элементтері, бағанның енін және жолдың биіктігін өзгерту туралы білімдерін қалыптастыру;

Тәрбиелілік:   Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

 Дамытушылық:  Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

 

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру.

 

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, интерактив тақта, практикум.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Үй тапсырмасын сұрау.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
  4. Компьютермен жұмыс жасау. (Тапсырмаларды орындау).
  5. Сабақты бекіту. (Сұрақ жауап, тест).
  6. Оқушыларды бағалау.
  7. Үйге тапсырма

 

  1. Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
  1. Кесте дегеніміз не?
  2. Кесте құрылымын неден тұрады?
  3. Электрондық кесте дегеніміз не?

Жаңа тақырыпты түсіндіру

  1. Місrosoft Excel программасы
  1. Кесте құруга және оларға ат қойып, дискіге сақтауға;.
  2. Сақталган кестелерді ашуға және оларға түзету жасауға;
  3. Кестеге жол, баған, немесе ұяшықтар қосуга;
  4. Кестеден жол, баған немесе ұяшықтарды алып тастауга;
  5. Жол, баған немесе ұяшықтар ішіндегісін көшіруге немесе орнын  ауыстыруға;
  6. Ұяшықтар ішіндегісін өсуі немесе кемуі бойынша сұрыптауға;
  7. Формулалар бойынша есептеулер жүргізуге;
  8. Диаграмма тұрғызуға;
  9. Графикалық объектілер кірістіруге;
  10.  Баспаға шығаруға мүмкіндік береді.

 

Excelді іске қосу:

Іске қосу батырмасы арқылы Программалар менюінен Excel-ді таңдау қажет.

Microsoft Excel бағдарламасының терезесі мына злементерден тұрады:

 

Жұмыс кестесінің элементтері

Excel-дің объектілерімен өңделген xls кеңейтілуі түрінде берілген файл оның құжаты болып табылады. Excel-де құрылған файл жұмыс кітабы болып табылады. Әр файл 1 ден 255 дейін жұмыс парағы деп аталатын электрондык кестеден тұрады. Әр парақ 65 536 қатардан және 256 бағаннан тұрады. Қатарлар бүтін сандармен нөмірленеді, ал бағандар латын алфавитінің А,В,С,…,АА,ВВ әріптерімен белгіленеді. Баған мен жолдың қиылысында ұяшықдеп аталатын кестенің негізгі элементі орналасады. Курсор тұрған екпінді үяшыққа сандар мен мәтін енгізуге болады. Ұяшықтың адресі немесе координатасы бағанның аты мен қатардың нөмірі арқылы анықталады. Мысалы: А1, С20.

 

Бағанның енін және жолдың биіктігін өзгерту.

Кестенің ұяшығына мәтін енгізгенде көбінесе мәтін ұяшық шекарасына сыймай қалады. Бағанның енін маустың көмегімен өзгертуге болады немесе Формат-Строка (Столбец)-Ширина командасын таңдау керек.

Жұмыс кестесінің беті бойы бойынша орын ауыстыру. Кестенің жұмыс беттерінің ауыстырылуы. Кесте бетінің таңбасының атын өзгерту. Бағанның енін және жолдың биіктігін өзгерту.

 

  1. Үйге тапсырма.