Автоматты толтыру. Жаңа тізімдер құру

Сынып 8 «Ә»
Өтілетін орныКабинеті  №10

 

Өтілетін мерзімі13 сәуір          4 — ші сабақ          10.30 -11.15
Сабақтың тақырыбыАвтоматты толтыру. Жаңа тізімдер құру
Жалпы мақсатыАвтоматты толтыру мен жаңа тізімдер құруды үйрену
Оқыту нәтижесіExcel — де білімін арттыру, автоматтық толтыру мүмкіншілігін пайдалану, автоматты толтыру үшін жаңа тізімдерді құруды үйрену
Негізгі идеяларыСұрақ қоя білу. Сынып алдында сөйлеу. Оқушыларда сыни ойлауын қалыптастыру, көшбасшылыққа икемдеу, сынып ішінде ынтымақтастық қарым- қатынас қалыптастыру. Топтық жұмысқа үйрету. Уақытты тиімді пайдалануға итермелеу
Уақыты

(мин)

 

 

Тапсырмалар

 

Мұғалімнің

іс-әрекеті:

не  істеймін?

Оқушылардың
іс-әрекеті:

олар не істейді?

Ресурстар: осы іс-әрекет үшін маған қандай құралдар қажет
3

 

 

Ұйымдастыру кезеңі, сыныпта жайлы атмосфераны қалыптастыруОқушылармен амандасамын.

Тренинг «Көңіл-күй неге ұқсас?»

 

Оқушылар бүгінгі сабақ басында өздерінің көңіл-күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді
2

 

Оқушыларды топқа бөлу

 

1.    Оқушыларды ортаға шақырамын да үш топқа бөлемін

2.    Рөлдерді дорбадан таңдатамын

3.    Бағалау парағын таратамын

Оқушылар бойларының ұзындығына байланысты үш топқа бөлінеді. Қоржыннан қағазға жазылған рөлдерді таңдайдыДорба, рөлдер жазылған қағаздар, бағалау парағы
4Үй жұмысын тексеру1.    Практикалық жұмыстың орындалуы бойынша кемшілік болса жекелей түзетулерін хабарлаймын. (Практикалық жұмысты сабаққа дейін бір күн бұрын тапсырылуына талап қойылады)

2.    Тест жұмысын компьютерде орындауын сұраймын

Тест орындайды, жауабы автоматты түрде мұғалімге келедіКомпьютер
5Тақырып ашуExcel  бағдарламасының мүмкіншілігін бейнеролик арқылы көрсетіп, сабақтың тақырыбын ашуға тырысамынБейнероликпен танысып, әр топ тақырыпты ашуға тырысадыБейнеролик, интербелсенді тақта
8Тапсырма 2Excel бойынша 3 топқа үш түрлі бейнеролик  ұсынамын:

1.    Бейнеролик – Еxcel бағдарламасын автоматты толтыру

2.    Бейнеролик – жаңа тізім құру

3.    Бейнеролик – тізімдерді сүзу

Әрбір топ басқаларға кедергі жасамай, өз бейнероликтеріне талдау жасайды. Танысу уақыты (5 минут)  өткеннен кейін Джиксо әдісі бойынша қалған 2 топқа өз білгендерін үйретеді3 ноутбук,  А4 қағаз, бейнеролик
5Тапсырма 11.    Автоматты толтыру

2.    Жаңа тізімдер құру

Тәсілдерін жасау үшін орындалатын қадамдар тізімін шатастырып беремін

Оқушылар — 1 Автоматты толтыру;  2 Жаңа тізімдер құру тәсілді орындау үшін алгоритімдерді (қадамдарды) дұрыстап бірінен соң бірін орындалу реті бойынша орналастыру керекКомпьютер, интербелсенді тақта, ActivInspire бағдарламасы
5Тапсырма 2Сыныптың алфавит бойынша автоматты толтырылатын жаңа тізімін құруӘр оқушы өз компьютерінде орындайды
10Тапсырма 31.    «Радиоға  қоңыраулар  шалу» ойыны арқылы жоғары дәрежелі сұрақтарға жауап беру

2.    Онлайн сұрақ қою мүмкіншілігін жасау (ноутбук, skype)

3.    Микрофон арқылы сұрақ қоюды қамтамасыз ету

1.    Әрбір топ ішінен мықты деген бір оқушыны таңдап, радиоға жіберу.

2.    Радиоға келген оқушылар жүргізушінің және сахнада, интернет арқылы келген сұрақтарына жауап берулері керек

3.    Сахнадағы тыңдармандар да сұрақ қойып отырады

Ноутбук, интернет, микрофон
Бағалау және ережелерЖұлдыздарын қойып отырамынТоп көшбасшылары дұрыс жауап берсе бір жұлдызбен бағаланады. Топ мүшелері сұрақ қойса жұлдызбен бағаланады. Топ мүшесі өз көшбасшысына сұрақ қоя алмайды.Интербелсенді тақта, ActivInspire бағдарламасында құрылған бағалау парағы
2

 

Кері байланысСабақ өтуі бойынша кері байланыс жазуын АКТ арқылы жазуын сұраймынСабақ өту бойынша кері байланысты АКТ арқылы бередіМектеп мүмкіншілігін пайдалану
1Үй жұмысыҮй тапсырмасын тақтада көрсетемінҮй тапсырмасын күнделіктеріне жазып аладыИнтербелсенді тақта