Диаграмма құру, редакторлау және пішімдеу. Құжат беттерін рәсімдеу және баспаға шығару

 

Сынып 8 «Ә»
Өтілетін орныКабинеті  №10

 

Өтілетін мерзімі20  сәуір         4- ші сабақ           10.30 -11.15
Сабақтың тақырыбыДиаграмма құру, редакторлау және пішімдеу. Құжат беттерін рәсімдеу және баспаға шығару
Жалпы мақсатыДиаграмма құра білу және сол ақпаратты баспаға жібере алу
Оқыту нәтижесіБерілген ақпаратты көрнекілік үшін диаграмма арқылы көрсетуді үйрену. Диаграммаларды көркемдей білу. Құрылған ақпараттарды баспаға шығара білу
Негізгі идеяларыОқушыларда сыни ойлауын қалыптастыру, көшбасшылыққа икемдеу, сынып ішінде ынтымақтастық қарым -қатынас қалыптастыру. Топтық жұмысқа үйрету. Уақытты тиімді пайдалануға итермелеу.  Сынып алдында өз ойын жеткізе білу
Уақыты

(мин)

 

 

Тапсырмалар

 

Мұғалімнің

іс-әрекеті:

не  істеймін?

Оқушылардың
іс-әрекеті:

олар не істейді?

Ресурстар: осы іс-әрекет үшін маған қандай құралдар қажет?
2

 

 

 

Ұйымдастыру кезеңі, сыныпта жайлы атмосфераны қалыптастыруСергіту сәті, биге ұласқан жаттығуларОқушылар ортаға шығып, тақтадан қарап биді қайталайдыИнтерактивті тақта, музыка

 

 

2

 

Оқушыларды топқа бөлу1.    3 суретті бала санына байланысты қиындыларға бөлемін де, балаларға таңдатқызамын. Топ ішінде рольдерге бөлінуін қадағалаймын.

2.    Бағалау парағын таратамын

Оқушылар қолындағы қиындылардан 1 сурет құрып, сол суреттің иелері бір топ құруы тиісті. Топ ішінде міндеттерін бөліп алады (көшбасшы, таймкипер, хатшы, бақылаушы)Үш сурет қиындылары, бағалау парағы

 

2Үй жұмысын тексеруБағалау парақтарын таратып, 12 сұрақтан тұратын интербелсенді тақтада қайталау тестін қосамынБір сұраққа 10 с. уақытты тиімді пайдаланып 6 сұраққа жауап беру. Тестте алған бағаларын бағалау парағына жазып алуИнтербелсенді тақта, activote, бағалау парақтары
5Тақырып пен мақсатты ашу «4 сурет 1 сөз» ойыны арқылыТақтада тақырыпқа байланысты 7 суретті көрсетемінОқушылар топ ішінде суретке байланысты сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау керек7 сурет, интербелсенді тақта, А4 қағаз
18Мозайка әдісі арқылыТақырыптағы жаңа материалды 3 топқа бөліп беремін

1        топ диаграмманы құру әдісін талдайды

2      топ диаграмманы көркемдеу әдісін қарастырады (көмек көрсетемін)

3      топ ақпараттыы баспадан шығару ерекшеліктерін көрсетеді

Әрбір топ берілген тақырыптарын талдайды да, тақта алдына шығып жұмыстарын қорғайдыИнтербелсенді тақта,ноутбук,  үш тапсырманы орындау үшін нұсқаулық, А4 қағазы
БағалауӘрбір топ тақырыптарын қорғағаннан кейін, тыңдаушы екі топқа интербелсенді тақтада критерийге сүйене отырып баға беруді ұсынамын. Оқушыларға осы жұмыстан алған жұлдыз санын өздерінің бағалау парағына жазып алуларын ескертемін3 критерийге байланысты тыңдаушы топтар өзге екі топтың жұмыстарын жұлдыз жапсыру арқылы бағалайды. Бірінші критерий орындалса – бір жұлдыз, екінші критерий орындалса – екінші жұлдыз, тағы да солай жалғаса береді. Әрбір топ көп дегенде 3 жұлдыз қоя алады.

Оқушылар осы жұмыстан алған жұлдыз санын өздерінің бағалау парағына жазып алады

Электронды бағалау парағы ActivInspire бағдарламасында
9Тапсырма 11.    Тақтада мәліметтер беремін, әр оқушы осы ақпаратты жеке есептеп, сол есептеулерге байланысты диаграмма құруын сұраймын. Диаграммалар бір-біріне ұқсамау керектігін ескертемін

2.    Топ ішіндегі көшбасшы критерий бойынша өзінің тобын жұлдыз беру арқылы бағалайды.  Жоғары ұпай 3 жұлдыздан аспау керек

3.    Әр оқушы өзінің жұмысын баспадан шығарып алады

1.    Мәліметтерді есептеп диаграмма құрады. Диаграммасын өз қалауынша түрлендіреді.

2.    Топ көшбасшысы қойған бағасымен келіспесе, неге келіспейтіні жайында өз дәлелдемелерін айтады. Бұл жағдайда ойды ортаға салып талқылаймыз

3.    Жұмыстарын баспадан шығарады

Компьютер, принтер, бағалау парағы

 

4ПысықтауЖаңа тақырыпты игеруіне байланысты шағын тест аламынОқушылар Activote арқылы интербелсенді тақтадан тест орындайды. Компьютер койған бағасын бағалау парағына түсіріп аладыИнтербелсенді тақта, activote, бағалау парағы
3БағалауӨзін-өзі бағалауды талап етемінБағалау парағына сабақ барысында алған формативті ұпайларын қосып, суммативті ұпайларын шығаруды талап етемін. Бағалау шкаласына сүйене отырып  өзінің бағасын есептейдіБағалау шкаласы
Кері байланысСабақ өту бойынша кері байланысты АКТ арқылы жазуларын сұраймынСабақ өту бойынша кері байланысты АКТ арқылы бередіМектеп мүмкіншілігін пайдалану
Үйге тапсырмаҮй тапсырмасын тақтада көрсетемінҮй тапсырмасын күнделіктеріне жазып аладыИнтербелсенді тақта