Тахауи Ахтанов “Күй аңызы”

Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 8-сынып

Сабақтың тақырыбы: Тахауи Ахтанов “Күй аңызы”

Сабақтың мақсаты: 1. Әңгіме сюжетіне талдау жасау,

кейіпкер бейнесін ашу.

  1. Оқушының шығармашылық

қабілетін шыңдау, ізденуге, өзінше

топшылауға, өз ой-пікірін

дәлелдеуге, өз көзқарасын айта

білуге дағдыландыру.

  1. Өнер құдіретін сезініп, өнер

адамына құрметпен қарауға

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: Музыка, бейнелеу, қазақ тілі, география

Әдіс-тәсілі: Сұрақ- жауап

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, кеспе бетшелер, суреттер

Сабақтың жүру барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасы

ІІІ. Бүгінгі сабақта

 

Күй күшті, тауды – тасты бұзатұғын,

Орнына өз өрнегін сызатұғын.

Талқандап тас кереңді үн оятар,

Дүкені дүниенің қызатұғын.

 

 

 

 

Әке сезімі

 

Күй құдіреті                         Сезімталдық

 

 

 

 

 

 

 

Қыздың ақылдылығы                  Нардың ботасын жоқтауы

 

І топ “Күй аңызы” тобы (топ басшылары өз тобының атын қорғайды)

ІІ топ “Өнер құдіреті”

ІІІ топ “Нар идірген”

Композиция – көркем шығарманың құрылысы, тұтастық бірлігі.

Сюжеттің басталуы – екі салт атты.

Дамуы – жолаушылардың нарды көруі.

Шиеленісуі – үй иесінің өтініші.

Шарықтау шегі – нардың иіп, сүт шығуы.

Шешімі – “Нар идірген” күйінің өмірге келуі.

І тапсырма:

Шығармаға суретші көзімен. (Әр топ үйден салып келген суретін қорғайды)

ІІ тапсырма:

Қиял қанатымен (оқушы қиялы)

Сурет астында тапсырма (домбыра, үй, нар)

І топ. Әңгімеден портретті табу. Портрет деген не?

ІІ топ. Күй, күйші сөзіне анықтама бер?

ІІІ топ. Монолог пен диалогты табу.

 

ІІІ тапсырма.

Шығармашылық шарықтау.

Егер мен күйші болсам… (Үш топ күйші бейнесіне енеді)

ІV тапсырма.

“Күй аңызы” әңгімесінен үзінді (Әр топ әңгімеден өзіне ұнаған үзіндіні таңдап, өз пікірін білдіреді)

V Қорытынды.

Әңгіменің тақырыбы не? (Өнер тақырыбы, күй өнерінің құдіреті.)

Әңгіменің идеясы не? (Өнердің құдіретін ұғынып, өнер адамына құрметпен қарау)

Шығарма неге “Күй аңызы”  деп аталған?

Қосымша:

А.Жұбановтың “Ғасырлар пернесі” кітабында “Нар идірген” күйінің шығу тарихына шолу берілген.

Түйін: Күй құдіретіне бас ие отырып, бүгінгі сабағымызға арқау болған

“Нар идірген” күйін тыңдасақ.

Амангүл Серікқалиева “Нар идірген”  күйін тартады.

Сөз сырына саяхат.

Қырқа – ұзыннан ұзақ созылып жатқан биік жер, қыр.

Аруна – бір өркешті таза тұқымды түйенің ұрғашысы

Бошалап кету – ұрғашы малдың төлдеу алдында оңаша кетуі.

Тулақ – жүн сабау үшін немесе төсеніш үшін кептірілген, қатырылған шикі тері.

Тарамыс денелі – еті қашу, сіңірлену, таралу.

Талдырмаш денелі – тал шыбықтай үзіліп тұрған, нәзік, жіңішке.

Көнек – көннен, теріден жасалған бие, түйе саууға арналған ыдыс.

Қағылез – арықша, жұқалтаң, жүріс – тұрысы ширақ, шапшаң.

Қайнар – судың жерден шымырлап шығып жататын көзді жері, бастауы.

Жырада – қар суы жырып кеткен ойдым шұңқыр.

Күйіс қайырмау – жануардың жеген жемін шайнап, қорытпауы.

  1. Үйге тапсырма: Өнер тақырыбында шығарма жазу

VII. Бағалау.