А.Құнанбаев «Ескендір» поэмасы
| Сыныбы | Қазақ әдебиеті 10 сынып 5 сабақ Күні | |
| Сабақтың тақырыбы | А.Құнанбаев «Ескендір» поэмасы | |
| Мақсаты | 1)Абай поэмасының шығыс әдебиетімен, батыс тарихымен үндестігін ашу.Бұл поэма арқылы ақын көтеріп отырған әлеуметтік және гуманистік мәселені,яғни ақын идеясын оқушылардың көмегімен табу, оқушылардың қалыптасқан білім-білік дағдылары арқылы кейіпкерлер бейнесін ашу; | |
| Күтілетін нәтиже | Оқушыларды әділдікке адамгершілікке баулынады, өз бойларына ізгілік қасиеттерді жинай отырып,даналықты қастерлеуге үйренеді; әдеби теориялық білімдерін арттыруға дағдыланады,ойлау,жүйелеу,салыстыру қабілеттерін жетілдіру,кейіпкердің жан дүниесін ашатын сөз орамдарын ой — түйіндеулерін,іс-әрекеттерін тауып,өз пікірлерін айтуға дағдыланады. | |
| Керекті жабдықтар | Үлестірме парақтар;Бағалау парағы | |
| Сабақ барысы | ||
| Сабақ кезендері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | 
| Кіріспе | *топқа бөліну кім? кімдер? не? нелер деген сөздерге жауап беретін сөздер айтқызу арқылы топқа бөлу топтарында берілген тақырыптары бойынша өз ойларын жеке, топтық арқылы жеткізе білуі керек) 
 *рефлексия (эссе жазу)  | Оқушылар амандасады, топқа бөлінеді.Үй тапсырмаларын  орындайды, сұрақтарға жауап береді Тарауды қайталау, шолу жасау. Оқушылар ассоциациялық картаға өз ойларын түсіреді. Өткен тақырыптары бойынша өз ойларын ортаға салады, ізденеді. 
  | 
| Тұсаукесер | Қызығушылықты ояту. Ескендір Зұлқарнайын деген кім? Деген сұраққа жауап сұрау, ұялы телефон арқылы ғаламтордан мәліметтер іздету. | Топтар қойылған сұрақтар бойынша топта жұмыстанады. Сабақтың тақырыбын, мақсатын айтады; Бағалау парағына аты-жөндерін толтырады 
  | 
| Негізгі бөлім | 1 – тапсырма.«Ескендір» поэмасын шумақтарға бөліп, әр оқушыға беру, әр кім өзіне берілген шумақты оқып, ортада шеңбер бойынша бірінен соң бірі айтып шығады. 2- тапсырма: Топтық жұмыс. І-Топ: «А.Македонский-тарихи тұлға» ІІ-топ: «Абай жасаған Ескендір бейнесі» ІІІ-топ: Аристотель туралы не білеміз? ІҮ топ: «Абай ұлы ақын» тақырыптарын ашып көрсету.  | 1. Әр топ мүшесі өзіне берілген тапсырма бойынша жауап береді; Топ басшысы сәйкес бағаларын бағалау парағына түсіреді; 2. Топта оқушылар өзара ынтымақтастықта жұмыстанады; Топта көшбасшыны, белсенді оқушыны, ұсынысты дайындап барлық оқушылар алдында айта отырып формативті бағаларын береді;  | 
| Қорытынды | Кері байланыс    бүгінгі сабақта алған білім туралы эссе жазу (2-3 балаға оқыту) Бағалау. Сабақты пысықтау үшін, топтар бірін-бірі бағалайды. 
 
 Бағалау:топ басшыларынан бағалау парақтары бойынша қорытынды бағаларын түсіру Үй тапсырмасы: поэманы мазмұндау және кейіпкерлетіне талдау жасау  | Топ басшысы топ мүшелерімен ақылдасып өзара бір-бірін бағалайды; топ басшысы бағалау парағына қорытынды бағасын қойып, таныстырып өтеді  | 
Нұғманова Жанна Кабиқызы
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы
Шөптікөл ОЖББМ -балабақшасы
Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша білім жетілдіру курсынан өткен, жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі