Кітап – жан азығым.
Шоқан Уәлиханов атындағы №10
орта мектеп-гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Жирикова Назгүл Байғұлжақызы
Кітап – жан азығым.
Мақсаты:
Оқушыларды сауатты сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету,әдебиетке деген ықыласын, белсенділігін арттыру, әдебиеттің қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру
Түрі: сайыс
Көрнекілік:кітап көрмесі,интерактивті тақтадағы слайдтар
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, оқушылар. Бүгінгі әдеби сайысымыздың тақырыбы «Кітап – жан азығым» тақырыпта өтуде. Сайысымыз V бөлімнен тұрады.
Ойынды бастамас бұрын, ойынға әділ бағасын беретін әділқазылар алқасын жариялайық
Жүргізуші:
Ал, қурметті халайық!
Сайысты енді көріңдер.
Әділқазы алқасы,
Әділ баға беріңдер!
l бөлім «Таныстыру»
(Топтың аты мен ұранымен танысу).
Жүргізуші:
Қазағымызды бүгінгі күн біле ме деп,
Еліміздің ертеңгі болашағы.
Көзі ашық, білімді болып жүре ме деп,
«Білімді өрге жүзер»
ll бөлімді бастайық.
Оқушылар тақтада берілген әріптерді құрастырып, ақын-жазушының немесе белгілі шығарманың кейіпкерін атау керек. Нәтижесінде әр топ әріптерін құрастырғанда, әдебиеттің көрнекті өкілінің аты-жөні немесе әдеби кейіпкердің аты шығады.
ІІІ бөлім «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
(Жүргізуші бастаған мақал-мәтелді жалғастырады).
1-топ:
- Тіл тас жарады, тас жармаса … (бас жарады).
 - Дәлелсіз сөз … (желмен тең).
 - Ине көзінен сынады, … (шешен сөзінен сынады).
 - Піл көтермегенді, … (тіл көтереді).
 - Сөз тапқанға … (қолқа жоқ).
 - Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі білім біл).
 - Шебердің қолы ортақ, … (шешеннің қолы ортақ)
 - Қаһарлы сөз … (қамал бұзар).
 - Бас кеспек болса да, … (тіл кеспек жоқ).
 - Айтылған сөз, атылған … (оқпен тең).
 
2-топ:
- Бал тамған тілден … (у тамған).
 - Тауды, тасты жел бұзар, … (адамзатты сөз бұзар).
 - Жақсы сөз — (жарым ырыс).
 - Жақсы байқап сөйлер, … (жаман шайқап сөйлер).
 - Тіл қылыштан … (өткір).
 - Ана сүті бой өсіреді, ана тілі … (ой өсіреді).
 - Жыланның уы тісінде, адамның уы … (тілінді).
 - Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей … (шешен боларсың).
 - Тілден артық … (қазына жоқ).
 - Сүңгі жарасы бітер, … (тіл жарасы бітпес).
 
Жүргізуші:
Таза мінсіз асыл тас
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз
Ой түбінде жатады,-
деген Асан Қайғы сөзін еске алып,
келесі ІV «Жарнама» бөлімге көшейік.
(Әр топ мектеп қорына сыйлыққа әкелген кітапқа жарнама жүргізеді)
Жүргізуші:
Кітап адам өмірінде белгілі орын алады. Әрқайсымыздың сүйікті кейіпкеріміз, ақын-жазушымыз бар.
Келесі «Кітап және мен» Vбөлімде өз ойларыңды сурет(ассоциация) арқылы білдіруге тырысыңдар.
Тренинг жүргізу.
VІ бөлім «Көрермендердің көрімдігі» ойыны .
- Бес арысты ата
 - Үш бәйтеректі ата.
 - Алыптар тобын ата
 - Қобыланды батырдың тұлпары…
 - Манас батырдың тұлпары…
 - Ер Тарғынның тұлпары…
 - У .Шекспирды махаббат жолында қаза болған кейіпкерлері…
 
2.Р.Киплингтің джунглида өмір сүріп өскенкейіпкері…
3.Г.Х.Андерсонның кіп-кішкентай, бойы 2,5 см тұратын кейіпкері…
- Абайдың неше қара сөзі бар?
 
2.Құран кітабында неше сүре бар?
3.Семей даласының үш данасын ата.
Жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Женімпаз болу шарты сол-
Еңбектену, жалықпау,-
дей отырып, келесі сөзді әділқазы алқасына берейік.
(Қорытынды шығарылады, топтар марапатталады).
Жүргізуші:
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітаптан
Ерінбей оқып көруге,-
Абай сөзімен бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.