Әбділда Тәжібаевтың «Сырдария» өлеңі

7  сынып       Қазақ әдебиеті

 

Сабақтың тақырыбы: Әбділда Тәжібаевтың  «Сырдария» өлеңі

 

Сабақтың мақсаты: ақын және драматург, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның халық жазушысы – Әбділда Тәжібаевтің кім екендігін түсіндіре отырып, оның өмірі және шығармашылығымен таныстыру

Дамытушылық :  мәнерлеп оқу, талдау, сұрақ-жауап, іздендіру,  сөздікпен жұмыс, сұрақ-жауап арқылы оқушылардың тілдерін дамыту, жүйелі сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік :   қаламгердің өмір жолын оқушыларға үлгі ету;  Туған жерді, елді сүюге шақыру, ой салу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сөздікпен жұмыс, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу, талдау.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, география, бейнелеу өнері, тарих

Сабақтың барысы:   1. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. 2. Жаңа тақырып

Ақын және драматург, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның халық жазушысы – Әбділда Тәжібаев туралы болмақ.

Туған жеріне, еліне деген сағынышын, ыстық сезімін айтудан шаршамаған, қазақтың қадірлі ұлы Әбділда атамыздың өмір жолы және шығармашылығымен танысып, қазақ әдебиетіне өзіндік жыр жолдарымен қолтаңбасын қалдырған ақынның «Сырдария» өлеңіне тоқталамыз.

Әбділда Тәжібаев – ақын және драматург, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның халық жазушысы. Ол 1909 жылы Қызылорда (Ақмешіт) қаласында дүниеге келді. Қызылордадағы жетім балалар интернатында тәрбиеленіп, Шымкент қаласындағы жетіжылдық мектепті оқып бітірген. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетін, (қазіргі уақытта Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университет), Мәскеудегі М.Горький атындағы әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курсты бітірген. Еңбек жолын 1926-1928 жж. «Еңбекші Қазақ» газетінен бастайды.

Әбділда Тәжібаев 1927 жылдан бастап жаза бастады. Ең алғаш өлеңдері 1933 ж. «Жаңа ырғақ» атты жинақ болып шықты.

Қазақ әдебиетінің дамуы мен қалыптасуына зор үлес қосты. Ә.Тәжібаевтің шығармашылығы қазақ әдебиетін биікке көтерді. Жас ақынның алғашқы өлеңдерін оқыған М.Әуезов көркемдік ерекшеліктерін байқаған.   Сыршылдық өлеңдер: «Тараспен әңгіме», «Елден сәлем», «Күзет әні», «Ат үстінде», «Қойшы жыры» т.б.

Поэмалары. Тарихи тақырыптарға, тарихи аңыздарға сүйеніп жазылған «Абыл», «Аққу», «Толағай», «Мерген» т.б. поэмалары бар.

Драматургия. «Майра», «Жалғыз ағаш орман емес», «Біз де қазақпыз», Ә.Тәжібаевтің сценарийі бойынша «Жамбыл» атты көркем фильм түсірілген. Ақынның көптеген шығармалары шет мемлекеттер және де басқа халықтар тіліне аударылған. Әбділда атамыз орыс жазушылары А.С.Пушкиннің, Т.Г.Шевченконың, А.Н.Островскийдің, неміс жазушысы Г.Гейненің

бірқатар шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Қызылорда қаласында көрнекті жазушы Ә.Тәжібаевқа ескерткіш қойылған. Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына 1999 жылы Әбділда Тәжібаевтің есімі берілді.

Ақын Әбділда Тәжібаев 1998 жылы 89 жасқа қараған шағында өмірден озды.

-өзім мәнерлеп оқимын;

-оқушылар әр шумағын жеке оқиды;

-шумақтардан таныс емес сөздерді түртіп отыру;

Мысалы:

Гейне – Генрих Гейне неміс ақыны.

Сыр, Рейн, Днепр, Еділ — өзен аттары.

Тарас – Тарас Шевченко украин ақыны.

— сөздікті дәптерлеріне жазғызу.

  1.                      3. Жаңа тақырыпты бекіту

І топ.

  1. Ақын еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін қалай білдіреді? Оны қай жолдардан байқауға болады?
  2. «Ел анасы – менің анам» деген жолдардың мағынасын қалай түсінесіңдер?

ІІ топ.

  1. Өлеңнен Әбділда атадан басқа қандай ақындар өз туған жарлерінің өзенін жырлағанын байқадыңдар?
  2. Ананың балаға деген махаббатының қартаймайтынын, мәңгі екенін ақын қандай жолдар арқылы білдіреді?

ІІІ топ.

  1. Ақын анаға ұқсас ұғымды қалай білдіреді? Оны қай жолдардан байқауға болады?
  2. Өлеңде жалқы есімдер кездесе ме?

б) «Сырдария» өлеңін сатылай кешенді талдау.

1.Авторы. Әбділда Тәжібаев – ақын және драматург, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның халық жазушысы. Ол 1909 жылы Қызылорда (Ақмешіт) қаласында дүниеге келген. 2.Тақырыбы. Туған жер.

3.Жанр түрі. Лирика, туған жер лирикасы.

4.Идеясы. Туған жерді бағалау, ыстық екенін ұғына білу.

5.Шумақ саны. 6 шумақ.

6.тармақ саны. 24 тармақ.

7.Бунақ саны. 2 бунақ.

8.Буын саны. 7-8 буынды.

9.Ұйқас түрі: АБВБ кезекті ұйқас.

10.Әдеби теориялық ұғымдар.

11.Өлеңнің тәрбиелік мәні. Оқушылардың еліне, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін оята білу. Анамызды қалай құрметтесек, туған жерді де солай бағалай білуге шақыру.

В)Ақын тілінің көркемдігі

Әдеби теориялық ұғымдар

ҮзіндіПаралле

лизм

Мета

фора

Аллите

рация

ЭпитетКейіптеу
Білем сені, сүйем сені

Сыр сұлуы қарт анам.

Сүйсе Гейне, анам десе

Сүйген суы Рейнесін,

Сырдың суы туған ол да

Өз ақынын – Гейнесін.

Неге маған жырламсқа

Сырда туған елімді.

Ел анасы – менің анам

Сырдың сұлу өзені.

Ел анасы – менің анам

Сырдың сұлу өзені.

Жасырыпсың, қадірлі анам

Ақ түспепті шашыңа.

 

  1. 4. Қорытындылау. Қ. Аманжоловтың «Сырдария аңызы» өлеңімен сабағымызды аяқтаймыз.

Сарғая ақтың сан ғасыр,

Сағына бізді күткендей.

Аралға барып айттың сыр,

Дүркірей таудан үріккендей.

Жаутаңдап екі жағаңда

Тамыры тандыр жер жатты.

Талатып көшін заманға,

Қабағы қату ел жатты.

Бойында Сырдың ер жеткен

Берекелі елім, бай халық.

Көтеріп күйдің дауылын,

Сапыра Сырды жырлайды.

Далаға төсеп бауырын,

Дария толқын тыңдайды…

Сарғая ақтың сан ғасыр,

Сағына бізді күткендей.

Еліңе құт бол, ерке Сыр,

Құмыңнан қырсық үріккендей.

 

Елімізді қорғаған батыр бабаларымыз бен аналарымыздың бізге қалдырған аманатындай туған елімізді қорғау, нығайту, табиғатын аялау – бәрімізге парыз. Ана алдында қалай қарыздар болсақ, туған жер алдында да солай қарыздармыз.

5.Бағалау.

6.Үйге тапсырма. «Сырдария» өлеңін жаттау. «Туған жер» тақырыбында ой толғау жазу.