Жыл суретшісі

Жыл суретшісі

Жүргізуші: Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «Жыл суретшісі-2011» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа

Табылғандай танымда, жат дауыста

Біреу озып келеді қатарынан

Біреу қалып жатады асығыста

 

Ойын толқын жатқанда асып, тасып

Біреу мығым, біреулер шалыс басып

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар

Жеңседе, жеңілседе қалма жасып

 

Алдымен ойынға қатысушы талантты да дарынды оқушыларымызды қошеметпен ортаға шақырайық. Ойынға 6 – оқушы қатысады. Бүгінгі ойынымыз  5 турдан тұрады.

(Ойыншылар өздерін таныстырып өтеді)

1 ші тур – «Бәйге»

2 ші тур – «Еркін тақырыпта сурет салу»

3 ші тур – «Өнер байқауында сурет салу»

4-ші тур – «Ғажайып алаңы»

5-ші тур – «Қиял әлемі»

1 ші тур «Бәйге» .Жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпіз. Ал «Бәйге» турын бастаймыз. Сіздерге ортақ 0 сұрақ беріледі. (Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі)

 

 

1)Қисық тегістелген сызық

 

2)Paint графикалық редакторының терезесі

 

 

 

Көрермен жиналған бұл тамашаға

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа , сынптас, танысқа емес

Соқ қолыңды білімді жас талантқа.

2 тур – «Полиглот»

  1. Фонограф бағдарламасы қандай мәліметті өңдеуге мүмкіндік береді? (дыбыс, звук, sound)
  2. Жіпке ілдім мен өзім,

Кіп-кішкене күн көзін  (шам, лампочка, lamp)

  1. Ақпараттың қайнар көзі? (табигат, природа, nature)
  2. Графиктік курсорды басқаруды жеңілдететін құрылғы? (тышқан, мышь, mouse)
  3. Ас – адамның арқауы, ал компьютердің асы .. (ток, ток, currnt)
  4. Өнер алды – қызыл ….(тіл, язык, landguage)

3 тур – «Ғажайып алаңы»

Мәңгі бақи есте қалар

Ғажайып бір кеш болсын

Білімдірек шәкірт озар

Қиынырақ сұрақ болсын.

(Информатика пәні бойынша сұрақтар, сұрақтар сандар арқылы ұяшықтарда көрсетіледі)

«Операциялық жүйе» бөлімі бойынша

30-1 ОЖ дегеніміз не және оның түрлері қандай? (Адам және компьютер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін жүйелік программа. ОЖ компьютер жұмысын басқарады)

30,2.  Бас меню қалай ашылады және қандай командалалардан тұрады? (Бастау командасы арқылы және мынадай командалалардан тұрады: Программалар, Құжаттар, Анықтама беру, Орындау, Компьютерді қайта жүктеу, Компьютерді өшіру)

30-3. Жұмыс үстелі дегеніміз және оның негізгі объектілері? ( ОЖ жүктелгеннен кейін пайда болған экран және Windows ОЖ негізгі терезесі. Негізгі объектілері: Менің компьютерім, қоржын, менің құжаттарым, желілік орта)

40-1.  Тапсырмалар тақтасы дегеніміз не? (Бастау менюінен кейінгі орналасқан ұзын жолақ)

40-2. Архивтік программа дегеніміз не және оның түрлері қандай? (Үлкен көлемді файлды немесе буманы қысу арқылы көлемін кішірейту. Win RAR, Win Zip, ARJ, PKZIP)

40-3. Windows терезесінің түрлері қандай? (сұхбат терезе, анықтама терезе, ескерту терезе, бума терезе, құжат терезе, сілтеуіш терезе)

50-1. Стандартты программалар (Блокнот, Калькулятор, Word Pad, Paint)

50-2. Интернет желісі ( Бүкіл әлемдік желі,  өрмек)

50-3. Жүйелік блоктың ішкі құрылғыларын ата? (процессор, аналық тақша, оперативті жады, тұрғылықты диск, алмалы дискілерге арналған диск жетегі, CD, DVD диск жетегі)

«Есептеуіш техника негіздері» бөлімі бойынша сұрақтар

30-1. Деректер қоры дегеніміз не? (Кестелік ақпараттарды өңдеуге арналған жүйе)

30-2. Excel мүмкіндіктері (Кесте құру, ат қойып дискіде сақтауга, сақталған кестелердге түзетулер жасауга, кестеге жол, баган, ұяшық қосуға, алып тастауға, ұяшықтарды өсуі немесе кемуі бойынша сұрыптауға,  формулаларды қолданып есептеулер жүргізуге, кесте бойынша диаграмма  құруға, суреттер кірістіруге, баспага шыгаруга)

30-3. Жұмыс кестесінің элементтері (айналдыру жолаға, жол номері, баған тақырыбы, кестелік меңзер, таңбалар, стандартты аспаптар панелі)

40- 1. Диаграммалар типтері (бағандық, сызықтық, дөңгелек, нүктелік, сақиналық, жапырақшалық, цилиндрлік, конустық, пирамидалық)

40-2. MS Access өңдеу объектілері? (кесте, форма, есеп, сұрау)

40-3. Алгоритм деген не және оның түрлері? (Орындаушының қандай да бір мақсатқа жетуі. Түрлері : сызықтық, тармақталған, циклдік)

50-1. Айнымалы типтері (Integer, real, Boolean, char, string)

50-2. қайталану командалары? (арифметикалық цикл -For,шартын соңынан тексеретін repeat, шартын алдын ала тексеретін- while

50-3. Тармақталған алгоритм деген не, мысал келтір? (Орындаушының алдыға қойған мақсаты екі түрлі немесе бірнеше түрлі болған жағдай тармақталған алгоритм деп аталады)

«Аралас сұрақтар» бөлімі

30-1. операциялық жүйе қызметі? (компьютердің барлық  ресурстарының жұмысын басқарады)

30-2. MS DOS  программасы қандай программа? (Жүйелік программа, 1981 жылы)

30-3. Компьютерде орындалатын программалар қандай топтарға жіктеледі? (жүйелік, қолданбалы, программалау тілдері)

40-1 Утилиттер деген не? (Комекші программалар)

40-2 Microsoft  фирмасын құрған адам? (Билл  гейтс)

40-3 Дүние жүзіндегі ең бай адам? (Билл Гейтс)

50-1. ОЖ жікте. (Бірміндетті және копміндетті, бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын ож)

50-2. Антивирустық құралдар (детектор программалар, фагтар немесе доктор-программалар, ревизор программалар, фильтр-программалар)

50-3. Мәтін түрлері (Кәдімгі мәтін, кесте, программалық, енгізілген объектілер)

3 турдың қорытындысы бойынша ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығады

Айналайын алға ұмтылған дарындар!

Айналайын жеңіс құшқан қырандар

Бізден қиын жағдайларды сұраңдар

Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.

 

4-тур. «Қиял әлемі» Ойыншыларға тақырып беріледі. Тақырыпқа сәйкес қызықты  әңшіме құрастыруы тиіс.

  1. Егер мен робот болсам..
  2. Егер мен хаккер болсам…

Ойыншыларға дайындалуға 5 минут уакыт беріледі. Кезекпен өнерін ортаға салады.

Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен

Уакыт деген зымырап, зулап жатыр

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.

5 тур. «Жорға»

  1. Ақпаратты шығару құрылғысы? (принтер)
  2. жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы (модем)
  3. Ақпаратты өңдеу құрылғысы (процессор)
  4. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа (калькулятор)
  5. Дыбыс жазу құрылғысы? (микрофон)
  6. 7 екілік жүйеде қандай сан? (111)
  7. Дискілерді оқу құрылғысы? (диск енгізгіш)
  8. Кең тараған монитор түрлері (EGA, VBA)
  9. Дискета түрлері (3,5 және 5,25 дюймдік)
  10. Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы? (монитор)
  11. Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы? (CD-ROM)
  12. Дыбыс шығаратын құрылғы? (колонка)
  13. Орындаушы орындай алатын командалар тіздегі (алгоритм)
  14. Мәліметтер қорымен жұмыс жасауда қолданылмайтын ұғым (ұяшық)
  15. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс ортасы? (интернет)
  16. Информация өлгем бірлігі? (бит, байт)
  17. Windows сөзінің аудармасы? (терезе)
  18. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиыны? (файл)
  19. Мәліметтер енгізу пернесі? (интер)
  20. Деректерді сақтауға арналған құрылғы (жады)
  21. Сурет салуға арналған программа (графиктік редактор)
  22. Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі? (delete)
  23. Математикалық формулалармен символдарды енгізу редакторы? (формулалар редакторы)
  24. Графикалық информацияны компьютерге енгізу құрылғысы? (сканер)
  25. Әр түрлі объектілер орналасқан Windows экраны? (жұмыс үстелі)

Ең коп ұпай жинаған окушы- «2010 жыл – информатигі» атағына ие болады. Құттықтаймыз!

Бүгінгі көріп тамашалаған шоу «2010 жыл – информатигі» атты ойын өз мәресіне жетті. Зейін қойып тамашалағандарыңызға алғысымыз шексіз.