Символдық мәліметтермен жұмыс істеу тәсілдері

Символдық мәліметтермен жұмыс істеу тәсілдері

Символдық мәліметтерді өңдеу символдық  типті анықтайтын  CHAR  ( ағылшынның Character – символ деген сөзінен  қысқартылып алынған)  түйінді сөі арқылы жүзеге асырылады.

Негізгі ұғымдар: Char     – айнымалының мәні жеке символ болатынын білдіретін тип,

Chr (x) – byte типіндегі х өрнегін  символға түрлендіреді, мысалы: Chr (53)=’5’, chr(73)=’I’;

Ord (ch) – c символын оның byte типіндегі сәйкес кодқа түрлендіреді; мысалы: ord (‘?’)=63, ord(‘5’)=53;

pred (ch) – ch-тың алдыңғы кодына сәйкес символды береді; мысалы: pred (‘M’)=’L’;

succ(ch) – ch-String   —  айнымалының мәні сөз/сөйлем екенін білдіретін тип, мәндегі символдар саны 256-дан аспауы керек.

Text     —  мәтіндік тип, файл аттарын белгілеуде қолданылады.

Мысалы: ағылшынның алфавитін экранға шығарып беретін программа құралық.

Program kodtar;          {программаның тақырыбы}

Var c: char;                {с символдық айнымалыны сипаттау}

Begin                          {программаның басы}

         For c:=’a’ to ‘z’ do   {параметрлі цикл операторы}

           Write(c);                 {цикл денесі: с айнымалысын баспаға шығ.}

End.                                   {соңы}

Мұның нәтижесінде дисплей экранында  abcd….z символдары көрінеді. Ал алфавитті кері тәртіпте бейнелеу қажет болса, онда  FOR операторының алғашқы жолын басқаша мынадай түрде жазу керек.

For c:=’z’ downto ‘a’ do

Мысал: Берілген сөзде қанша «а» әрібі бар екенін анықтайтын программа жазыңыз.

program a_sanau;

uses crt;

var i,n,k: integer;

s: string;

begin

write(‘tanbalar tizbegin engiz, ‘);

read(s);

n:=length(s);  k:=0;

for i:=1 to n do

if (s[i]=’а’) or (s[i]=’a’) then k:=k+1;

writeln(‘sozdegi kichi «a»-lar sany — ‘,k);

end.  

Тапсырма№1: Берілген жолдағы леп белгілерді нүктемен алмастыратын программа құрыңыз:

Тапсырма№2: Пернетақтадан жолға сөз енгіз және сол сөздің ұзындығын анықтайтын программа құрыңыз:

 

 

Үйге тапсырма: Енгізілген жолда «*» символының санын анықтайтын программа құрыңыз.