Компьютерлік техниканың заманауи бағыттары
| Апта: 8 Күні: 20.10.14 | Пәні Информатика | Мұғалім аты-жөні Өмірзақов Н.Т. | Астана қаласы №48 мектеп-лицей 6 «а,ә,б,в,г,д,е» — сыныптары | Оқу-ісінің меңгерушісі 
 ________Мұқатова Ж.М. | ||||||
| Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік техниканың заманауи бағыттары | ||||||||||
| Сілтеме: | ·         6-сынып оқулығы; · 6-сынып электронды оқулығы; · Стендтер. | |||||||||
| Сабақтың мақсаты: | ||||||||||
| Білімділік мәні: | Компьютердің конфигурациясы және сәулетін түсіндіру. Компьютердің заманауи даму бығаттарын және принциптерін үйрету. | |||||||||
| Дамытушылық мәні: | Практикалық дағдыларын дамыту, өз бетінше жұмыс жасауда білімдерін пайдалана білуге, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру. | |||||||||
| Тәрбиелік мәні: | Өз бетімен жұмыс жасауда ұқыптылық, еңбекқорлық, жинақылық, шапшаңдық қасиеттерін тәрбиелеу. | |||||||||
| Нәтиже: | ·         Компьютердің даму бағыттарын түсінеді. · Компьютердің жұмыс істеу принциптерін үйренеді. · Компьютердің сәулеті және компоненттерін біледі. | |||||||||
| Түйінді идеялар: | Компьютердің заманауи даму бағыттары Компьютердің жұмыс істеу принциптері Компьютердің сәулеті және компоненттері | |||||||||
| Сабақтың түрі: | Жаңа сабақ | |||||||||
| Әдіс-тәсілдері: | АКТ, ЖИГСО-1, диалогтық оқыту | |||||||||
| Пәнаралық байланыс: | ||||||||||
| Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.) | ||||||||||
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||||||||
| 
 | ·         Сәлемдесу · Өздерін ретке келтіру · Топқа бөліну · Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру | |||||||||
| Үй тапсырмасын тексеру (7 мин.) (сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі) | ||||||||||
| ·         ЭЕМ-ның даму кезеңдері · ЭЕМ-н жасау элементтері · ЭЕМ-ның жұмыс істеу қағидалары · ЭЕМ-ның амалдарды орындауы | ||||||||||
| Қызығушылықты ояту (2 мин.) | ||||||||||
| Электронды оқулықтан Компьютердің заманауи даму бағыттары тақырыбына арналған бейне материал қосылады. Ол материалда: мәтін, сурет, анимация, тарихи деректер және дыбыстық түсіндіру қамтылған. | Оқушылар зейін қойып тыңдайды 
 
 | |||||||||
| Мағынаны тану (Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.) | ||||||||||
| ББҮ (2 мин.) | ||||||||||
| ББҮ-ны толтыру | ББ бойынша флипчартта жазу | |||||||||
| Білемін? | Білгім келеді? | Үйрендім? | ||||||||
| Сабақтың негізгі бөлімі (20 мин.) | ||||||||||
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||||||||
| Сыныпты Пирамида, Бәйтерек және Хан шатыр  суреттер қиындысы арқылы 3 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау. Топтағы әрбір оқушының қолына «бағалау парағын» беру. Сабақтың өтілу шартын түсіндіру. 6-сынып оқулығында «Компьютердің заманауи даму бағыттары» тақырыбын оқыту. Әрбір топқа есептеуіш техникасының суреттері беріледі. | Оқушылар  белсене  қатысады. Оқушылар үш топқа бөлініп сабақ құрылымымен таныстырылады. Топтағы әрбір оқушының қолдарына «бағалау парағы» беріледі. Оқушылар бірін-бірі бақылап топта жұмыс жасайды. Топтағы әрбір оқушы есептеуіш техникасы машинасын бөліп алып оқиды. Оқушылар өздері оқыған Компьютердің заманауи даму бағыттары туралы топқа түсіндіреді. | |||||||||
| Ой толғаныс (4 мин.) | ||||||||||
| Флипчартта Компьютердің заманауи даму бағыттары орны ауыстырылып беріледі. | Оқушылар Компьютердің заманауи даму бағыттары сәйкестендіреді. | |||||||||
| Қорыту. Күтілетін нәтиже (3 мин.) | ||||||||||
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||||||||
| Кері байланыс сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау) | Сұрақтарға жауап береді. | |||||||||
| Бағалау (2 мин.) | ||||||||||
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||||||||
| Бақылайды, бағалайды. Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды. | Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды. | |||||||||
| Үйге тапсырма (1 мин.) | ||||||||||
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||||||||
| Үйге 46-48 беттердегі §7. «Компьютердің заманауи даму бағыттары» тақырыбын оқып келу. | Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады. | |||||||||
| Рефлексия (2 мин.) | ||||||||||
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||||||||
| Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Екі жұлдыз — бір тілек әдісін ұсыну. | Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Екі жұлдыз — бір тілек әдісімен толтырады. | |||||||||
