Мәтіндік құжатты форматтау. Мәтін абзацын форматтау

Сабақтың  тақырыбы:  Мәтіндік құжатты форматтау. Мәтін  абзацын  форматтау.

(8 –сынып)

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Word  мәтіндік  процессорымен  таныстыру, электронды оқулықты  пайдаланып, информатика  сабағында  оқушылардың пәнге деген  қызығушылықтарын арттыру .

Дамытушылығы: Оқушылардың ой- өрісін кеңейту, ойлау  қабілеттерін дамыту, өз  бетімен  шығармашылықпен  жұмыс істеуге дағдыландыру.

Тәрбиелігі: Оқушыларды  өз  ойын  ашық айта білуге, еркін  жеткізе білуге  тәрбиелеу.

 

Сабақтың  көрнекілігі:  Компьютер, интерактивті тақта, электронды оқулық

Сабақтың түрі: Аралас  сабақ

Сабақтың  әдісі: Сұрақ- жауап, ой қозғау , интерактивтік  әдістер

 

Жүру  барысы:

І. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық « Әдемі  гүлдер»

Қызыл түс —  өз-өзіне сенімділігі басым, жұрт  көңілін өзіне аулай алатын жан

Жасыл түс – тыныштық пен жаңарудың символы. Өзінүнемі еркін  ұстайтын , тез шешім қабылдағыш , ізденгіш, жаңашыл адамдар

Ақ түс – ашықтықты, шындықты, тазалық  пен  ұқыптылықтың  белгісі. Бүгінгі сабақтан көрсем, білсем, үйренсем деген  жандар

 

ІІ . «Қанат қақты» бөлімі . Үй тапсырмасын  тексеру.

Электронды  оқулықпен жұмыс  (6 модуль)

№1 Word  бағдарламасын іске  қосыңыз

№2 Word құжаты  терезесі элементерінің атауларын жақтауға енгізіңіз

№3 интерактивті  тақтаға  базалық  құралды жазу

 

ІІІ. «Самғау»  бөлімі.  Жаңа сабақты  түсіндіру

Интерактивті тақтаны пайдалана  отырып,  жаңа  сабақты  түсіндіру.

 

ІҮ. «Шарықтау»   бөлімі

І. Сәйкестікті тағайындау. Электронды оқулық (1 модуль)

№1 компьютердің құрамына  кіретін құрылғыларды жазыңыз

№2 Ақпаратты тасымалдаушыларды  оларды пайдаланатын құрылғылармен сәйкестендіріңіз

 

ІІ. Сұрақ –жауап. «Сен маған, мен саған»  ойыны

  1. Мәліметтерді енгізу құрылғысы (пернетақта)
  2. Қажет емес символдарды алып тастау пернесі  (алып тастау, удалить)
  3. Баспа құрылғысына деректерді  жіберу командасы (баспа, печать)
  4. Терезені жабу батырмасының аты (жабу, закрыть)
  5. Дүниежүзілік  компьютерлік  желі (интернет)
  6. Кез – келген символдар жиынтығы (мәтін)

ІІІ. Тапқыр болсаң, шешіп көр (жұмбақтар шешу)

  1. Экранның бетінде оның  тұрағы,

Қашан  көрсең жыпылықтап  тұрады.  (курсор)

  1. Ұзын тұра жалқаубек, тұрамй ылғи жатады.        (бос орын)
  2. Бұрқыратып қағазға, жазғаныңды басады,

Жұмысыңды көргенде, көңілің сенің тасады .       (принтер)

  1. Бұтақ орнында мың бір инесі , Компьютер жаны оның мекені . (кактус)
  2. Ақпараттар ағынын , есінде мол сақтайды,

Оқушының  сенімін, ол әр кез ақтайды.  (процессор)

  1. Кішкене ғана саусаққа, ұқсайды ма білмеймін

Сақтай алар өзіне, барлық қызық дүниені .   (флешка)

Ү.  «Шырқау»  бөлімі

  1. «Біз сурет сала аламыз…»

( активстудио құралын, кітапханасын пайдалана отырып, сурет салу)

  1. Мерекелік құттықтаулар

( Әркім өз компьютеріне жазуы керек)

 

ҮІ. «Жерұйық»  бөлімі . Жаңа  сабақты  қорытындылау

Электронды  оқулық  (6 модуль)

№5 Стандартты құралдар  үстелінде  орындалатын амалдар

№6 Пішімдеу құралдар үстелінде орындалатын құралдар

№7 Мына батырмалардың  қайсысы Стандартты  үстел  құрамына кірмейді?

№8 Мына батырмалардың  қайсысы Пішімдеу   үстел  құрамына кірмейді?

 

ҮІІ. Үйге  тапсырма            7.4-7.5   тақырыпты  оқу

 

ҮІІІ. Бағалау.