Мәтінді пішімдеу

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді  пішімдеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Ms Word редакторында құжатты пішімдеу тақырыбы

бойынша оқушыларға толық  түсінік беру. Тақырып

бойынша алған  білімдерін компьютердің көмегімен  тиімді

пайдалана білуге баулу.

Дамытушылық:Оқушылардың ойлау  қабілеттерін, танымдық

белсенділігін арттыру, компьютермен жұмыс істеу

шеберлігін одан әрі  қарай шыңдау және осы сабақта

алған  білімдерін пайдалана білуге ықпал жасау.

Тәрбиелік:Жүйелікке, еңбекке, іскерлікке, ұқыптылық пен

жылдамдыққа тәрбиелеу.

Пән аралық  байланыс: қазақ тілі

Сабақтың типі:жаңа білімді қалыптастыру сабағы.

Әдіс – тәсілдер:сұрақ – жауап, тірек сөздер,

Жабдықталуы:   көрнекі материал (слайд, дайын суреттер), оқу құралдары,

проектор, компьютер, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың жоспары:

1.Ұйымдастыру

2.Ой қозғау.

3.Мағынаны тану.

4.Ой-толғаныс.

5.Үйге тапсырма.

  1. Бағалау.
  2. Қорытынды.

ІІ. Ой қозғау.

  1. Microsoft Word мәтіндік процессор дегеніміз не?
  2. Мәтіндік құжатты редакциялау дегеніміз не?
  3. 3. Мәтін символын немесе бөлігін көшіру қалай орындалады?
  4. 4. Мәтін символын немесе бөлігін орын ауыстыру қалай орындалады?
  5. 5. Мәтін символын қою амалы қалай орындалады?

ІІІ.Мағынаны тану

Пішімдеу (Форматтау)деп әр түрлі амалдар бойынша мәтіндік құжаттың көркемделуін айтады. Құжатты пішімдеуді құжатты құрардың алдында, сол сияқты одан кейін де орындауға болады. Егер алынған құжат сізді қандай да бір себептерге байланысты қанағаттандырмаса, онда әрқашанда оның пішімдеу параметрін өзгертіп, қайтадан пішімдеуге болады.

Форматтау әрекеттерін орындай отырып:

  • әр түрлі қаріпті таңдауға;
  • жұмыс өрісінің шекараларын өзгертуге, сол, оң, жоғары, төмен өрістерін анықтауға;
  • бетте мәтінді туралауға;
  • қатар арасындағы интервалды бекітуге және өзгертуге;
  • мәтінді бағандарға бөлуге;
  • мәтін жақтауларының әр түрлі типтерін қолдануға;
  • мәтіннің көркемделуімен (тізім, құю, және т.б.) байланысты барлық мүмкіндіктерді пайдалануға болады.

Пішімдеу  операцияларын  бүкіл мәтінмен де  оның бөлімдері: символмен  сөзбен, жолмен,   абзацпен, бөліммен, бетпен де  жүргізуге болады.
Ол үшін  пішімделетін бөлікті белгілеу керек.
Пішімдеу кезінде аспаптар панеліндегі  батырмаларды да,  меню командаларын да,  пернелердің арнайы комбинацияларын да пайдалануға болады.

 

Меню командасы: ФОРМАТ – ШРИФТ

Көрінуін өзгерту

  • Астын сызу
  • Астын екі рет сызу
  • Жоғары индекс
  • Төменгі индекс
  • Көлеңкемен
  • Контур
  • Көтерілген
  • Батырылған
  • Кіші бас әріппен
  • Барлығы бас әріппен
  • Жасырылған

ІV.Ой-толғаныс. Бекіту: Деңгейлік тапсырмалар.

І. Міндетті деңгей

1.MSWordпрограммасын іске қосу

2.Формат—Шрифт командасын орындап, ашылған диалогтік

терезеде мәтіннің сызылымының сыртқы түрінің өзгерісін

қарау.

3.Формат– Абзац командасын орындап, ашылған диалогтік

терезеде абзацтың өзгерісін қарау.

ІІ. Лайықты деңгей

Жұмыс үстеліндегі тапсырма 1 файлын ашып, орындаңдар:

1.Мәтіннің тақырыбын ерекшелеп, қаріп өлшемін 16-ға өзгерт,

тақырыпты форматтау  тақтасынан ортасы бойынша туралап,

тақырыпты қарайтып жаз.

  1. «Әкенің баласы болма, адамның баласы бол» деген

сөйлемдіерекшелеп, курсивпен жаз.

  1. Мал үшін таласпа, ар үшін талас деген сөйлемді астын

сызып жаз.

  1. Адамның ең асыл қасиеті-жақсылықта деген сөйлемнің түсін

өзгертіп жаз.

  1. Мәтінді ерекшелеп, ені бойынша турала.
  2. Қызыл жолды сызғыштың маркерінің көмегімен, оңға қарай ығыстыр.

ІІІ. Жоғары деңгей

Жұмыс үстеліндегі тапсырма 2 файлын ашып орында:

1.Бұл абзацты мәтінін сол жаққа қарай ығыстырып, сол жақ шегініс 2 см, оң жақ шегініс 0 см, абзацтық шегінісі 1,5 см, абзац алдындағы жол тастау 6 пт, аралық интервал үнсіздік келісім бойынша форматтау керек.

  1. Бұл абзацты мәтінін оң жаққа қарай ығыстырып, , сол жақ шегініс 0 см, оң жақ шегініс 2 см, абзацтық шегінісі 1,5 см абзац соңындағы жол тастау 6 пт, аралық интервал 1,5 есе үлкен. Сол бойынша форматтау керек.
  2. Бұл абзацты мәтінін центрлеп, сол жақ шегініс 0 см, оң жақ шегініс 0 см, абзацтық шегінісі 1,5 см, абзац алдындағы жол тастау 0 см, аралық интервал 2 есе үлкен келісім бойынша форматтау керек.
  3. Бұл абзацты мәтінін екі жағы бойынша туралап, сол жақ шегініс 2 см, оң жақ шегініс 0 см, абзацтық шегінісі 0 см, абзац алдындағы жол тастау 0 см, аралық интервал минимум. Сол бойынша форматтау керек.
  4. Бұл абзацты мәтінін центрлеп, сол жақ шегініс -1 см, оң жақ шегініс 0 см, абзацтық шегінісі 1,5 см, абзац алдындағы жол тастау 0 см, аралық интервал множитель бойынша форматтау керек.
  5. Бұл абзацты мәтінін екі жағы бойынша туралап, сол жақ шегініс 2 см, оң жақ шегініс 0 см, абзацтық шегінісі 0 см, абзац алдындағы жол тастау 0 см, аралық интервал точно 10 пт. Қаріп түрі жасыл. Сол бойынша форматтау керек.

ІҮ. Шығармашылық деңгей.

Мәтіндік құжатты пішімдеу командаларын пайдаланып, еркін тақырыпта шағын әңгіме жазыңдар.

  1. Үйге тапсырма:

Мәтіндік құжатты форматтау . Мәтін абзацын форматтау