Мәтінді редакциялау

Сабақ тақырыбы: Мәтінді редакциялау.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға мәтіндік  құжатты  редакциялау  дағдыларын қалыптастыру

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды түгелдеу.
  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  3. Тапсырмалар орындау.
  4. Сабақты бекіту.
  5. Үйге тапсырма.

 

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Редакциялаудың негізгі операцияларына келесі әрекеттер жатады:

  • Текст фрагментін қосу;
  • Текст фрагментін жою;
  • Текст фрагментін жылжыту;
  • Текст фрагментін көшіру;
  • Іздеу және контекстік ауыстыру.

Фрагментті қолданушы көрсеткен текстің бір бөлігі деп түсінеміз. Ерекшелеу тышқанның немесе клавиатураның көмегімен жүргізіледі.

Текстiкқұжатты форматтаудың негізгі әдістері

Құжаттарды форматтаудың мынадай үш типі бар:

  • Символдық (шрифтік көркемдеу)
  • Құжат абзацын форматтау
  • Құжат беттерін (немесе бөлімдерін ) көркемдеу

Шрифт — қандай да бір алфавит әріптерінен және белгілер мен цифрлардан құралған литерлер жиынтығы.

Шрифт сызылымы немесе гарнитура — шрифтің графикалық ерекшеліктері.

Шрифт көлемі — пункттермен берілетін шрифт биіктігі. Пункт — полиграфияда қабылданған өлшем бірлігі.

Құжатты баспаға шығару үшін шрифт таңдау кезінде негізгі критерий оның оқуға ыңғайлылығы болып табылады. Таңдалған шрифт оқушы назарын құжат мазмұнынан алаңдатпауы тиіс.

Текст фрагменттерін көркемдеу технологиясы құжатты өңдеушіге форматтауды екі тәсілмен жүргізуге мүмкіндік береді:

  • текстті теріп болғаннан кейін;
  • көркемдеудің қажетті атрибуттарын теру процесіне дейін беру.

Символдық көркемдеудің параметрлері: шрифт типі (гарнитурасы), шрифт символдарының кеглі (биіктігі), литерлердің сызылымы, астын сызу, символдар түсі, бекітілген жол сызығына қатысты символдардың орналасуы (жоғарғы және төменгі индекс).

Текстік құжаттың абзацтарын көркемдеу

Абзац құжаттың негізгі құрылымдық элементтерінің бірі болып табылады. Абзац атрибуттары:

  • жол шекараларын туралау типі, жолдар шегінісі, жоларалық интервал;
  • жиектеу және текст фонының түсі;
  • абзац мәтінінің құжат беттерінде араласа орналасуы.

Туралау деп абзац текстін берілген сол және оң жақ шекаралар аралығында орналастыру тәсілін айтамыз. Абзац текстін туралаудың төрт тәсілі қолданылады: солға қарай, оңға қарай, ортаға қарай және екі жақ шетіне туралау. Өріс деп текст мен парақ шетіне дейінгі ара қашықтық аталады. Абзац шегінісі тексттің өрістен ара қашықтығымен анықталады. Абзац шегіністері бір абзац текстін екіншісінен бөлуге немесе құжаттағы жеке абзацтарды визуалды түрде бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.

Жоларалық интервал — бұл абзацтағы жолдардың бір-бірінен ара қашықтығы. Жоларалық интервал шамасы не жолдармен, не дәлірек болуы үшін пункттермен беріледі.

Стиль — ат беріліп және шаблонда есте сақталатын текстті көркемдеудің сипаттамасы. Егер көпбетті құжат даярлау қолданылса, онда текстте жаңа құрылымдық элементтер пайда болуы мүмкін: колонтитулдар, сноска, закладки, қиылысқан сiлтемелер.

Белгіленген текст (закладки) дегеніміз қолданушы ат беретін құжаттың  тексттегі белгілі бір орны. Алдағы уақытта осы арқылы:

  • құжаттағы белгіленген орынға тез көшу;
  • қиылысқан сілтемелерді құру үшін қолданылады.

Қиылысқан сілтеме — құжатты оқушыға тексттің басқа бір фрагментіне немесе тексттегі суретке назар аударуды ұсынатын текст.

Колонтитул деп негізгі құжат текстінің сыртында, баспа беттерінің өрістерінде орналасқан парақ топтары үшін бірдей текст аталады. Жоғарғы колонтитул құжат текстінің үстінде, ал төменгі колонтитул негізгі тексттің төменгі жағында орналасады. Құжат беттерін көркемдеудің стандартты параметрлері мыналар болып табылады: бет өрістері, қағаздағы баспа парағының мөлшері, колонтитулдардың орналасуы, текст бағандарының саны.

Кестенің қысқа, бірақ оның мазмұнын дәл бейнелейтін тақырыбы болуы мүмкін. Тақырып кестенің үстіне ортаға бас әріптермен жазылады. Тақырыптан кейін нүкте қойылмайды. Кесте құру үшін Кесте=>Кестені қою меню командалары таңдалады, содан соң кестенің қажетті параметрлері (жолдар мен бағандар саны) беріледі.