Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері
Сабақтың тақырыбы: Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдерімен таныстыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамыту шылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері
Сабақтың өту барысы:
- Оқушыларды ұйымдастыру
- Үйге берілген тапсырманы тексеру
- Жаңа тақырыпты түсіндіру
- Сабақты бекіту
- Үйге тапсырма
Өткен сабақты қайталау сұрақтары:
- Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?
- Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?
- Қатынас тілі дегеніміз не?
- Бейнелік, таңбалық ақпарат деген не?
Жаңа түсініктер:
Адам ақпаратты сақтай, жеткізе, өңдей алады. Бұл процесті ақпараттық процестер деп атайды
- Адам ақпаратты  жеткізе  алады.  Ақпарат  алмасу  үшін  жолдаушы,
 қабылдаушы болады. Хабар жеткізуші құралдарды ақпаратты жеткізу арнасы
 деп аталады. Олар телевизор, радио, газет, компьютерлік желі т.б.
- Біз кітап, газет – журналдар оқығанда ақпаратты есте сақтап жинаймыз да, біраз уақыттан кейін басқа біреуге жеткізе аламыз. Адам миы ақпаратты тек қабылдап қана қоймай сақтай да алады.
- Адам ақпаратты өңдей алады. Ақпаратты өңдеу деп- ақпарат алуды, оның
 мазмұнын өзгертпей, ұсыну түрін өзгертуді, алынған ақпаратты бір ретке
 келтіруді және жаңа ақпарат іздеп толықтыруды айтады.
Ақпаратты өңдеу — оның бастапқы түрден басқа түрге айналуы немесе ақпарат мазмұның өзгеруі.
Ақпаратты автоматты өңдеу – адамның қатысуынсыз өңдеу. Бұл кезде компьютер алдын ала берілген бағдарлама бойынша ақпаратты өңдеуді алғашқы мәліметтерді енгізуден бастап нәтиже алғанға дейін жүргізеді.
Компьютер мынадай ақпарат түрлерін өңдей алады:
- Мәтіндік
- Сандық
- Графикалық
- Дыбыстық.
Ақпаратты өңдеу көптеген амалдардын жиынтығынан тұрады:
Ақпаратты жинау;
 Ақпаратты қалыптастыру;
 Ақпаратты сүзгілеу;
 Ақпаратты сұрыптау;
 Ақпаратты топтастыру;
 Ақпаратты архивтеу;
 Ақпаратты қорғау;
 Ақпаратты тасымалдау;
 Ақпаратты түрлендіру.
Ақпаратты ұсыну формалары:
- Символдық – әріптер, сандар таңбалар, т.б.
- Мәтіндік – әріптер, сандар, таңбалар, т.б, бірақ ақпарат біріктірілуіне қарай анықталады.
- Графикалық – суреттер, сызбалар, схемалар, фото – суреттер және т.б.
Тапсырма:
- Адамның кейбір мүшелері мен компьютер құрылғыларының арасындағы ақпаратты процестер кезіндегі сәйкестікті анықтау.
| Ақпаратты енгізу | Ақпаратты өңдеу мен сақтау | Ақпаратты шығару | |
| Адам | |||
| Компьютер | 
Сабақты бекіту. Компьютермен жұмыс:
- WordPad мәтіндік редакторын ашыңдар. Ол үшін Пуск-Все Программы-Стандартные- WordPad батырмаларын басыңдар.
- Информатика – ақпарат, ақпаратты адамдардың қарым-қатынасында, ЭЕМ жұмысы мен қоғам өмірінде жинау, жинақтау, сақтау мен беру заңдары мен тәсілдері туралы ғылым — мәтінін теріңдер.
- Өз ақпараттарыңды сақтап, программаны жабыңдар.
Үйге тапсырма: Берілген лекцияны оқу, анықтамаларды жаттау.
