Microsoft Word –қа мәтін енгізу

Сабақтың тақырыбы:   Microsoft Word –қа мәтін енгізу

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың мәтіндік ақпаратты енгізу, мәтіндік құжаттар мен мәтіндік редакторлар, мәтін түрлері, мәтіндердің құрылымдық элементтері. Мәтіндік ақпаратты компьютерде өңдеу технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру;
  2. Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
  3. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын   көрнекті құралдар:    интерактивті тақта,  компьютер, оқулық, прктикум,

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Құжатқа мәтінді енгізу немесе суретті, кестелерді және т.б. обьектілерді қою үшін оларды орналастыратын  жолға курсорды әкелу қажет. Енгізу курсоры жыпылықтаған вертикаль сызық түрінде болады. Терезеде енгізу курсорынан басқа І латын әрпін еске түсіретін тышқан сілтемесі көрінеді. Оның тұрған орны тышқан қозғалған сайын өзгеріп отырады.

Терілген мәтін жаңа жолдың оң жақ шетіне жеткенде, Word  автоматты түрде келесі жолға өтеді.

Назар аударыңыз,  Word –та жаңа жолды бастау немесе бос жолды енгізу қажет болғанда ғана Enter  пернесі қолданылады.

Backspace —  курсордың сол жағындағы символды жояды

Delete – курсордың оң жағындағы символды  жояды

Курсорды құжат бойынша жылжыту үшін нұсқама немесе айналдыру жолы бар батырмаларды, немесе қажет жерде тышқанның сол жағын басу арқылы, сол сияқты 7.2.-кестені пайдалануға болады.

Батырмалардың көмегімен мәтін фрагментін ерекшелеу:

—  курсорды ерекшелейтін мәтіннің басына орнатыңыз;

— бірдей уақытта  Shift және курсорды жылжыту батырмасын басыңыз.

Фрагменттерді ерекшелеу

ФрагментОрындалатын әрекеттер
Символ, сөз, мәтін жолыТышқан сілтемесін ерекшеленетін  обьектінің басына орнатыңыз және оның сол жақ батырмасын баса отырып, ерекшеленген обьектінің соңына дейін жылжытыңыз.
СөзТышқан сілтемесін сөздің үстіне орнатып, тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шертіңіз.
АбзацКурсорды абзацтың кез келген жеріне орнатып, тышқанның сол жақ  батырмасын үш рет шертіңіз
ЖолТышқанның сол жақ батырмасын мәтін жолынан бастап сөздер өрісінде бір рет шертіңіз
Обьект (сурет, формула, диаграмма)Курсорды обьектіге орнатып, тышқанның сол жақ батырмасын бір рет шертіңіз.

 

Фрагменттің ерекшеленуін жою үшін терезенің жұмыс аймағының кез келген жерін тышқанмен шертіңіз.

Мәтінді енгізудің арнайы құралдары

Мәтінмен орындалатын амалдарды өзгерту құралдары. Егер сіз құжатпен жұмыс істеу барысында қате жіберсеңіз немесе соңғы амалды  өзгерткіңіз келсе, онда Түзету (Правка) менюінен Болдырмау (Отменить) командасын таңдаңыз.

Соңғы өзгертілген амалды қайтару үшін Түзету (правка ) менюінен Қайталау (Повторить) командасын таңдау немесе осы батырманың жанындағы нұсқамасына шерту қажет.

Емле ережесін тексеру.

Орфографиялық қатені тексеретін қуатты құралдарға ие. Мәтіндерге тексеру жүргізу үшін:

мәтіннің  басына көшу өажет

Сервис – Емле ережесі (правописание) командалары таңдалады,  сол кезде экранда диалогтік терезе шығады.

Диалог терезсінде дұрыс емес сөздер шыққан кезде, сіздерге ұсынылған  варианттардың бірін таңдау қажет немесе өз сөзіңізді енгізіп Алмастыру (Заменить)  батырмасын басыңыз. Сөз алмастыруды қажет етпеуі мүмкін , онда Өткізіп жіберу (Пропустить) батырмасын басасыз.

Үйге тапсырма беру. Microsoft Word –қа мәтін енгізу

Оқушыларды бағалау.