Сарамандық жұмыс

61

Пәні: Технология 6- класс

Сабақтың тақырыбы: Сарамандық жұмыс

Дақылдарды өсіруге арнап жер даярлау

Аты-жөні: Манасов Шыңғыс Аманқұлұлы

Мекен- жайы: Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Байқадам селосы

Мектебі: Қорғантұз орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Класы:  6

Уақыты: 90 мин

Сарамандық жұмыс

Дақылдарды өсіруге арнап жер даярлау

 

Жұмыстың мақсаты: Оқушыларға дақылдрды өсіруге арнап жер даярлау

жолдарын үйрете отырып оларды ауыл шаруашылығы

жұмыстарын өз бетінше орындай білуге дағдыландыру

арқылы еңбексүйгіштікке,  ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Жұмысқа қажетті құрал- жабдықтар: Өткір жүзді күрек, тырма, шелек,

кетпен,дақылдар тұқымы т.б.

Жұмыс барысы:               І. Ұйымдастыру

а) Оқушыларды түгендеу.

ә) Оқушылардың көңіл- күйін бақылау.

б) Оқушыларды үш топқа бөлу.

в) Оқушыларға ауыл шаруашылығы жұмыстарын орындау

кезіндегі қауіпсіздік ережесін таныстыру.

  1. Мұғалімнің рұқсатынсыз ешқандай құрал- сайманды қозғауға

болмайды.

  1. Жұмысты мұғалімнің нұсқауымен орында.
  2. Жұмыс орнын тастап кетпе.
  3. Қолыңдағы құрал-сайманды жолдасыңа сермеме.
  4. Жұмысты арнайы бас киім (қыз балалар шаштарын түйіп) киіп, жұмыс киіммен орындау керек.
  5. Жалаң қолмен жер қазу жұмыстарын орындауға болмайды.
  6. Құм, топырақта шашып ойнауға болмады.
  7. Оқушыға жас шамасынан артық ауыр затты көтеріп тасымалдауға болмады.
  8. Оқушыға у химикаттармен жұмыс істеуге

рұқсат етілмейді.

  1. Жарақаттанған оқушы дереу мұғалімге хабарлауы тиіс.

ІІ. Жұмыстың орындалу реті:     Топырақ өңдеу.

Ауыл шаруашылық дақылдарын егіп, өсіруде топырақ өңдеудің маңызы үлкен. Себебі жақсы өңделген топырақта дақылға қажет су мен таза ауа тез сіңіп, дұрыс қарым- қатынас қалыптасады. Топыраққа ылғал жақсы түсіп, бүкіл тамыр орналасқан қабатқа жиналады да, оның сақталуына мүмкіндік туады.

Топырақ өңдеу – арамшөптермен күресудің шешуші құралы. Топырақ дұрыс өңделсе, ауыл шаруашылық өсімдіктерінің зиянкестері мен ауру қоздырғыштарын жойып жібеу де  оңайға түседі. Сонымен қатар топырақты өңдеу арқылы оны бір жылдақ  және көп жылдық арамшөптерден тазартады.

  1. Оқушылардан қауіпсіздік ережесін сұрау.
  2. Оқушыларға топырақты қарапайым жолмен өңдеу әдістерін көрсету.
  3. Үш топқа жер үлескісін бөліп беру.
  4. Әр топқа топырақты қарапайым әдіспен өңдеуге тапсырма беру.
  5. Өңделген жерге бақша дақылдарын егу жолдарын түсіндіру:

а) Қияр тұқымын отырғызу

Қияр тұқымын отырғызу үшін топырақтың борпылдақ, арамшөптерден таза болғаны дұрыс.  Қияр дәнін отырғызбас бұрын бірнеше күн бөлме температура-сындағы ыдысқа құйылға суға салып қоямыз. Судың бетіне шыққан жарамсыз тұқымды алып тастап, қалған тұқымды егуге даярлаймыз.

Қияр тұқымын егудегі қатар ара қашықтығы қысқа сабақты қиярлар үшін

6-8 см, ұзын сабақты қиярлар үшін 10-12 см. Әрбір шұқырға екі немесе үш дәннен отырғызамыз. Дәнді егіп болған соң шұқырларға үстеп су құямыз.

ә) Қызанақ тұқымын отырғызу.

Қызанақ  күтімді ерекше қажет ететін дақыл. Қызанақты отырғызудың екі түрлі әдісі бар: бірі оның көшетін отырғызу, екіншісі дәннен тікелей отырғызу.

Қызанақтың көшетін даярлау үшін көктемнің алғашқы айында оның тұқымын арнайы дайындалаған қорапшаларға егіп, дақылдарды отырғызу кезіндегі биіктігі 10-15 см- дей дайын көшетті атыздарға отырғызамыз.

Дәннен тікелей отырғызғында қызанақ дәнән отырғызудан 5-6 күн бұрын су құйылған ыдысқа салып қоямыз, жарамсыз тұқымдыр су бетіне шығады. Сапалы тұқымды дайындалған шұқырларға отырғызамыз. Дән отырғызылып  болған соң шұқырларға үстеп су құямыз.

Дәннен тікелей отырғызылған қызанақтың өнімі мол, сапалы болады.

б) Картоп түйнектерін отырғызу.

Картоп түйнектерін отырғызар алдында соттап, іріктеп алады.

Картопты отырғызудың жақсы мезгілі- топырақтың +6-8 градусқа  дейін қызған кезі болып есептеледі. Қазір картопты негізінен картоп отырғызғыш  машиналармен отырғызады. Қолмен отырғызғанда әр түйнектің ара қашық-тығын 40-50 см қалдырып, 15-20 см тереңдікке тастап , бетін топырақпен жауып отырамыз.

  1. Әр топқа дақылдарды отырғызуға тапсырма беру:
    • топ. Қияр тұқымын отырғызу.
    • Қызанақ тұқымын отырғызу.
    • Картоп тұқымын отырғызу.
  2. Жұмыс кезінде мұғалім оқушыларға көмектесіп отыруы тиіс.
  3. Топ мүшелерінен дақылдарды отырғызу жолдары жөнінде сұрау.

ІІІ. Жұмысты қорытындылау.

  1. Оқушылардың жасаған жұмыстарын тексеру, жіберген кемішіліктерін түзету жолдан түсіндіру.
  2. Оқушылардың білімін бағалу.
  3. Үйге тапсырма беру.

 

ІҮ. Жұмыс орнын жинау.