Тақырыбы: «Гүл түрлерін жасау»

61

Бағыты: Еңбек және экономикалық  тәрбиесі.

Тақырыбы: «Гүл түрлерін жасау»

Мақсаты:Гүлдер туралы түсініктерін дамыту, қалыптастыру. Табиғат туралы түсінік беру. Бірлесіп, ұжыммен жұмыс істеп отырып шығармашылыққа тәрбиелеу.

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуынбақылап түзету.

Көрнекілігі: гүлдерге байланысты суреттер т.б.

Барысы:Балалармен бірге шеңберге

тұрып, өлең шумақтарына сәйкес

қимыл — қозғалыстар жасау.

Армысың асыл күн,

Армысың ашық аспан,

Армысың достарым,

Сендерді көрсем қуанам

— Балалар біз бүгін  гүлдерді жапсыру арқылы жапсырамыз.

— Балалар орман деген не?

— Ал, орман нелерден құралған?

— Қандай гүлдердің аттарын білесіңдер?

— Ал, біз гүлдерді кімдерге сыйлаймыз?

— Балалар гүлдерді аяқпен басуға болама?

— Ал, оларды жұлуға болама?

— Гүлдерге біз не құйсақ өседі?

 

 

 

— Орман ол сұлу табиғат, ауасы таза.

— Орман ағаштардан, гүлдерден құралған.

— Қызғалдақ, раушан, түймедақ, қоңырау гүлі, жауқазын т.б.

— Біз гүлдерді анамыз бен әжемізге, әпкелерімізге сыйлаймыз.

— Гүлдерді аяқпен басуға болмайды, жұлуға болмайды.

— Гүлдерге біз су құйсақ өседі.

 

 

Сергіту сәті:

Жел еседі бетімізге,

Тербеледі ағаштар.

Кіп-кішкентай бұтақтар,

Үп-үлкен боп өседі.

 

Қорытынды:

Орман, гүлдер туралы не білдіңдер?