Тақырыбы: «Үй құстары»

52

Бағыты :  Экологиялық  тәрбие .

Тақырыбы:  «Үй құстары»

Мақсаты: 1) Қанатты   жануарлар- құстардың   табиғаттағы  тіршілігі туралы  соның  ішінде  жабайы  құстар мен үй құстары  туралы, олардың тіршілігі, дене бітімі, дамып-өсуі туралы түсінік беру. 2) Құстар әлемі туралы   құстарға  қатысты   халық  болжамдары,  құстардың емдік қасиеттері, үй құстарының пайдасы туралы айта отырып,  тілін, ой-қиялын,  ұштау, дүниетанымын қалыптастыру,   құстар   әлеміне   деген   қызығушылығын   арттыру,  өз  ойларын  ашық  айтуға,  еркін   сөйлеуге  дағдыландыру. 3) Табиғаттың  жаршысы- құстарды қорғауға, олар туралы білімдерін  кеңейтуге,   үй    құстарын   асырай   білуге   тәрбиелеу.

 

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.

Көрнекілігі:  суреттер

Барысы: Ұйымдастыру.

—  Жануарлар  дегеніміз не?

Үй  жануарлары дегеніміз  не?

Үй жануарларына  нелер жатады?

Құстар дегеніміз не?

Құстар-қанатты  жануарлар деп аталады.Олар өз беттерінше өмір сүреді.Дамиды,көбейеді.

Құстардың түрлері өте көп.Олардың көбі пайдалы.Мысалы: егістікке зиян келтіретін насекомдармен қоректенеді.Оларды еті үшін аулайды

  • Балалар сендер қандай құстарды білесіңдер?
  • Қарлығаш , сауысқан, торғай, қарға, бүркіт т.б.

 

Сергіту сәті.

         Қане, сапты түзейік,

         Тіземізді  бүгейік.

         Ыршып алға  түсейік,

         Ыршып артқа түсейік.

         Көбелекше  ұшамыз,

         Отырамыз, тұрамыз.

         Сергітуге  мың  алғыс!

 

Қорытынды:

. «Есіңе  сақта!» 

  • Құстардың  ұясын бұзба, балапандарына  тиіспе.
  • Құстарды  атуға  болмайды.