Тақырыбы: «Киімдер»

74

Бағыты :Интеллектуалды мәдениетті қалыптастыру.

Тақырыбы:  «Киімдер»

Мақсаты:  Балаларға киім, киім түрлері туралы түсінік беру. Ұлттық киімдер мен күнделікті киімдерді ажырата білуге үйрету.Әр мезгілде киетін, киімдерді атай білуге, жұмбақтар шешуге үйрету. Сөздік қорын молайту, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге, есте сақтау қабілетін дамыту. Киімді ұқыпты, таза киінуге тәрбиелеу. 

 

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.

Көрнекілігі:  суреттер

Ұйымдастыру

Барысы:

  • Қайырлы таң! Бүгін қандай күн? Ауа –райы қандай?
  • Жылдың қай мезгілі?
  • Адамдар, біздер қалай киінгенбіз?
  • Мына суреттегі киімдердің аттарын атандар.

Киімдер

Көктемде киетін, жаздағы киім, күздегі киім, қысқы киім.

  • Қуршақтың үстіндегі киімді ата
  • Киімді қай мезгілге сай киген
  • «Көйлек», «Камзол» деген сөздерді қайталаймыз.

Көп көйлекті ,камзолды қалай атаймыз?

Көйлек – көйлектер

Камзол- камзолдар

Киімдерді кигенде қалай киюіміз керек?

Күн райына  байланысты  киінеміз

Киімді қайдан аламыз?

Киімді дүкеннен базардан аламыз.

Сергіту сәті

Қане, сапты түзейік,

         Тіземізді  бүгейік.

         Ыршып алға  түсейік,

         Ыршып артқа түсейік.

         Көбелекше  ұшамыз,

         Отырамыз, тұрамыз.

         Сергітуге  мың  алғыс!

 

 

 Қорытындылау   «Өзін-өзі жетілдіру»   Жаңа білімді бекіту